Алтай Аманжолов «Әке тәлімі»

129

Сабақтың тақырыбы: Алтай Аманжолов «Әке тәлімі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Әке тәлімі өмірлік тәжірибесі мен теорияны ұштастыра білуге, қолайсыз жағдайдың, қателіктің алдын алуға, болдырмауға жол аша білетін
тәрбиенің бірден-бір көзі екенін ұғына отырып, әңгіменің негізін түсіне білуге жол ашу.

Дамытушылығы: Сыни тұрғыда ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу. Топта жұмыс істей білу, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.

Тәрбиелігі: Еңбексүйгіштікке, өмірдің әртүрлі жағдайларына дұрыс көзқараспен
қарауға, үлкендерді сыйлау, құрметтеу керектігін түсінуге мүмкіндік беру.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Стратегиялар: Топтастыру, ДЖИКСО стратегиясы, «Т» кестесі, «Венн» диаграммасы, «Екі түрлі түсініктеме» күнделігі, эссе жазу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, А.Аманжолов суреті, түс (көгілдір, қызыл, сары), безендірілген шырша, қарлар, плакат

Сабақтың өту барысы:

  1. Қызығушылығын ояту.
  2. Оқушылармен амандасу.
  3. Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1 топ – «Көгілдір түс»

                                                             2 топ – «Қызыл түс»

                                                             3 топ – «Сары түс»

  • Жуан және жіңішке сұрақтар: (тақтада ілінген қарларды таңдап, сұрақтарға жауап береді.)
    1. «Алтын іздеген адам» әңгімесінің авторын ата. (Рахан Мумеев)
    2. «Алтын іздеген адам» әңгімесінде Жазата деп кімді атаған? (Жазылбек  Қуанышбаев атамыз)
    3. Алтын іздеген адам «қандай» алтын тапты? (әр уыс топырақ — бір уыс алтын)
    4. «Сіңірі шыққын» деген сөзді қалай түсінесің? (қолында малы жоқ, кедей)
    5. «Әр уыс топырақ – бір уыс алтын» сөзін жазушы неге теңеген? (әр адамның туған жері, топырағы өзіне ыстық, сондықтан бір уыс алтыныға теңеген)
  • Осы айтылған ойларымызды не арқылы жеткіздік? (тіл)
  • Мұғалім: Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының  “Тіл туралы Заңы” күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспайды. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Ендеше, ана тілімізді құрметтей білейік!
  • Көрініс «Ауылдағы ата мен қаладағы немеренің әңгімесі»

Жарлыбай атайдың Аслан есімді немересі жазғы демалыста ауылға қыдырып келеді:

  • Асалаумагалейкум, ата! Калыныз калай?
  • Жақсы балам, өзіңнің жағдайың қалай?
  • Нормально
  • Ой, балам не болды? Біресе қазақша сөйлеп, біресе орысша сөйлеп.
  • Ия, ата! Мен орыс класында окимын. Сол себепті казакша дурыс сойлей алмаймын.
  • Өз ана тіліңді білмегенің ұят болады, балам. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атаң айтқандай, тек бір ғана тіл емес, үш тілді қатар меңгеруге көңіл бөліп жатыр емес пе. Ендеше, саған өз ана тіліңді демалыс біткенше үйретейін.
  • Жарайды, ата! Ендеше, бүгіннен бастайық.

Сұрақ – жауап:

  • Осы көріністен не ұқтыңдар?
  • Атасы балаға қандай көмек берді?
  • Осы әңгімені қозғау арқылы бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
  1. Мағынаны  тану.

Балалар, бүгін көрініс желісіне ұқсас, Алтай Аманжоловтың «Әке тәлімі» әңгімесімен танысамыз.

  • Топтастыру

 

  • Оқулықпен жұмыс:

           ДЖИКСО стратегиясы (Әңгіме үш топқа бөлініп оқылады, талқыланады.)

1-топ: Басынан бастап, «… болып кетеді екен» жеріне дейін.

2-топ: «Жасымда …» жерінен бастап, «… шыдап бақтым» жеріне дейін.

3-топ: «Өз үйімнің …» жерінен бастап, аяғына дейін.

  • Сұрақ — жауап: (шыршада ілінген ойыншықтардағы сұрақтарға жауап береді.)
    1. Өз тілін нашар білген баланы әкесі қалай үйретті?

    (қазақ тілінде әңгімелесті, қазақ тілінде жазылған әдеби кітаптарды оқытты, мазмұнын айтқызды, түсініксіз сөздермен сөздік жүргізді)

  1. Көп тіл білу не үшін керек деп ойлайсың? Қандай тілдерді үйренгілерің келеді?

   (қазір дамыған заман. Келешекте көп тіл білсең, кез-келген жұмысты оңай алып кетуге болады. Сондықтан, көп тіл білудің артықшылығы жоқ.)

  1. Алтайды әкесі тағы қандай жақсы қасиеттерге тәрбиеледі?

(шыдамдылыққа, қиындыққа төзе білуге, өтірік айтпауға)

  • Сөздікпен жұмыс: «Т» кестесі
Теория Анықтама
Өзім құралпы Өзіммен жасты
Жамбасы жерге тимеу Күрескенде ешкіммен жеңілмеген
Міз бақпау Қозғалмау
Ізім-қайым Із-түссіз жоқ болу, жоғалу
Өгей бала Тумаған бала

 

  1. Ой толғаныс.
  • Тапсырмалармен жұмыс:

1-топ: «Венн» диаграммасы

Көгілдір түс — бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жаман жағы мен жақсы жағын атап көрсетуі керек.

                      Жаман жағы                   Жақсы жағы

2-топ: «Екі түрлі түсініктеме» күнделігі
Қызыл түс — жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Оқушылар таратылып берген парақты ортасынан вертикаль сызықпен бөледі. Мәтінді оқу барысында:

Оң жағы Сол жағы
Мәтіннің қатты әсер еткен тұстарын,  үзінділерді жазады. Мысалы:

Әкесінің баласына өзінің ана тілін үйретуі.

Мәтіннен  жай әсер еткен тұстарына,  үзінділерге  өз пікірлерін жазады

Мысалы: Баласы үйіне жылап кіргенде әкесі бірден көңілін сұрап, ақылын беру керек еді.

3-топ: Эссе жазу

Сары түс – адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, жеңілдік пен қуаныштың белгісі. Оқушылар «Менің әкем» тақырыбында қысқаша эссе жазады.

  1. Үйге тапсырма.
  2. «Әке тәлімі» мәтінін оқып, түсінгенін айту.
  3. Әңгіме мазмұнына жоспар құру.
  4. Бағалау.

Сабаққа жақсы араласқан балаларға сыйлықтар беріледі.