Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Сабақтың тақырыбы:  Зат есімнің жекеше және  көпше түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   зат есімнің жекеше және  көпше түрлері туралы алғашқы   түсініктерін қалыптастыру, сөйлем ішінен таба білуге, дұрыс сұрақ қоя білуге,  сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.

 Дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін  дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 Тәрбиелік:  ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,жинақылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, (СТО)стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: ребустар,кестелер, слайдпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық

Балалар — гүлім менің,

Балалар – күйім менің.

Балалар – нұр сыйлайтын

Бүгінгі күнім менің – дей отырып,балалар, сендерді өзіме қуат алатын шуақты күнге теңеймін!Мынадай шуақты күн төсбелгісін сыйлаймын.

 

Оқушылар:

Кеудемдегі күн күлсін,

Бізге шуақ, нұр құйсын!

Мейірімді жан, өзіңмен,

Көңіліміз жайнап құлпырсын!

-Олай болса осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

ІІІ.Өткеді пысықтау

-Өткен сабақта біз қандай сөз табын өттік?

-Ережесін еске түсірейікші

-Мысал келтірейікші

Венн диаграммасы арқылы өткен сабақты қорытындылау

2- слайд

Жалқы есім               Жалпы есім

 

 

 

 

 

 

                          

ІV. Мағынаны тани білу

3- слайд

1.Суретпен  жұмыс

Суретке назар аударайық.  Әр суреттегі заттардың санын анықтайық.

     

-Бірінші суретте неше  қоян  бар?

-Біреу

— Қоян  сөзіне сұрақ қояйықшы?

-Не?

-Екінші суретте неше қоян бар?

-Үшеу

— Қояндар сөзіне сұрақ   қояйықшы?

-Нелер?

4- слайд

-Келесі суретке қарайық.

-Неше қыз бала бар?

-Біреу

-Қандай сұрақ қоямыз?

-Кім?

-Ал екінші суретте неше қыз бала бар?

-Үшеу

— Қандай сұрақ қоямыз?

— Кімдер?

-Сөздерді салыстырып оқиықшы? Олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар?

-Сұрақ қояйықшы,қай сөз табы болып тұр?

-Зат есім

-Ендеше балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді, тақырыпты  жазып алайық.

5- слайд

Сәуірдің жиырма бесі

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

2.Пәнаралық байланыс — ана тілі

6- слайд

 

— Ә. Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?

-Ә. Дүйсенбиев 1931 жылы Алматы облысы, Қарақастек атты тау етегінде дүниеге келген. Балалар ақыны, «Сыйлық», «Не деу керек?», «Қайырлы таң балалар» өлеңдері бар. Дүйсенбиевтің өлеңдер жинағы қырғыз, татар, украин тілдерінде де басылып шыққан.

Не деу керек?-бір оқушы жатқа оқиды

Балалар,  401-жаттығуда осы аталарыңның тағы бір өлеңін беріпті

7- слайд

3.Оқулықпен жұмыс. Берілгенін оқыту

.Өлеңді 1оқушыға оқыту.Тақтаға әрбір жолын кезектесіп жазады

Біздің ғалым ағалар,

Біздің ғалым апалар

Ашты жолды аспанға.

Әлі ұшамыз алысқа,

Алыс Айға, Марсқа.

— Қарамен жазылған сөздердің астын сызамыз.Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырайық.

      аға- ағалар,   апа- апалар.

-Ендеше осы жерден қандайқортынды жасауға болады?

-Зат есімнің 2 түрі бар: жекеше,көпше.

 8-слайд    Тақтаға назар аударайық. (слайдта ереже жазылған.)

Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.

Кім? Не? сұрақтарына жауап  беретін сөздерді зат есімнің  жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
    Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат  есімнің көпше түрі дейміз:  аталар, құстар, түйелер.

  1. Сергіту сәті

Аспанға қарап күн көрдік,

Төменге қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

9 -слайд                               

                     

2012 жылдың қараша айы Қазақстан үшін, бүкіл қазақ­стан­дықтар үшін ерекше мерейлі де абыройлы болып, зор қуаныш әкелді. Біз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің арасында озық шығып EXPO-2017 Дүниежүзілік көрмесін өткізу құрметін жеңіп алдық. Бұл дегеніңіз, 2017 жылы әлемнің барлық мемлекеттері өз жетістіктерін Астанадағы көрме алаңына әкеліп, төрткүл дүние түгел Қазақстанға ағылады деген сөз. Әлемдік озық технологиялар мен сапалы өнімдер осы жаһандық көрмеде бақ сынасатын болады.

  • Балалар, дұрыс айтасыңдар. Әлемдік өнімдер жаһандық көрмеде бақ сынайтын болады, деп жатырсыңдар. Енді осы көрме дегеніміздің өзі не? Біз көбіне қай уақытта осы сөзді қолданамыз?
  • Көрме дегеніміз, адам өзінің ең жақсы жасаған жұмысын әкеліп, басқаларға үлгі етіп көрсетуге қоятын жер. Бізде еңбек, сурет сабақтарында көрме болып тұрады.
  • Ендеше, біздің қазіргі орындайтын жаттығуымыз осы көрме сөзімен байланысты болмақ.

10- слайд

  1. Дәптермен жұмыс

402- жаттығуды орындау үшін тақтаға назар аударайық.

Көптік жалғауларының  тиістісін  қойып жаз.
Ауданда суретші …     жарысы өтті. Бала …   сурет салуды жақсы
үйренген. Жеңімпаз  … ға сыйлық  …     тапсырылды.

5.Өзіндік жұмыс

11- слайд. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

(Инеліктер)

 

-Инеліктер ұшатын жәндік.

 

VI.Ой толғаныс

12- слайд

1.Топтастыру әдісі

 

 

 

 

-тер

 

-лар

 

 

VII.Бекіту

13- слайд

2.Венн диаграммасы

14- слайд

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

-Балалар үйде 405- жаттығуды орындап, ережені мысалмен бірге жаттап келеміз.(133-бет)

15- слайд

ІХ.Бағалау.