Саялы өлкем, сазды өлкем — Атырауым!

135

Саялы өлкем, сазды өлкем — Атырауым!

Ж: Армысыздар  қадірменді кеш қонақтары!

Бүгінгі өлкетану жоспарына сәйкес  өткелі отырған Атырау өлкесінің құрметті азаматтары ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Маркиза Базарбаева, Атырау өлкесінің жезтаңдай әншісі Ханзада Сақыпова, Атырау облыстық «Қайсар» құқықтық газетінің редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Гүлзада Ниетқалиева апаларымыздың  құрметіне арналған  «Саялы өлкем, сазды өлкем — Атырауым!» атты кездесу кешіне  қош келдіңіздер!

Азамат бойындағы абырой мен атақ, бедел мен бақ туған елге  сіңірген адал еңбектің нәтижесінде келмек. Азамат — елдің ажары демекші, өзгерген өмір, жаңарған өңір, гүлденген Атырау өңірінің құрметті азаматтарының бүгінгі күні 34 — лингвистикалық мектеп – гимназиясына келуі біз үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе болмақ.

Төрімізге бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары Маркиза апамызды, Ханзада апамызды, Гүлзада апамызды   қошеметпен қол соғып  шақырамыз.

                                                       Слайд

Ж: Кешіміздің алғашқы сөзі:  мектеп директоры Дәмелі Қалиқызына  беріледі.

 

Қыздар биі: «Қазақ биі»

 

Атырау –өлке бабалар кескен кіндігін

Аналар ашқан ак отаудың түндігін.

Арғы да бергі тарихын оның паш етіп,

Атағын айдан асыратындай күн бүгін.               

                                                       

Ж: Сөз  бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы Атырау қаласының құрметті азаматы, ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ ақын, жазушы — Маркиза  апайымызға беріледі.

                                                   Ұлдар биі: «Адай биі»

 

Атырау -өлке алыптай еркін кесілген,

Еңбектің ерен ерлерін талай өсірген.

Батысы-Нарын құйқалы қоныс, ен жайлау,

Шығысы-Жылыой төсінде Жемі есілген.

 

Ж: Сөз Қадірменді қонағымыз, Атырау қаласының құрметті азаматы, Өлкеміздің жезтаңдай әншісі — Ханзада апамызға жолданады.

 

Ханзада апамыздың орындауында «Ауылым» әні

 

Келесі сөз өлкеміздің танымал ақыны Гүлзада апамызға жолданады. 

 

Гүлзада апамыз өзінің өлеңдерін оқып береді.

 

Ж: Құрметті оқушылар! Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтарына қояр сұрақтарыңыз болса, еркін микрафон еншілеріңізде.

                                         

(сұрақтар қойылады)

 

Атырау — өлке тағдырдан сағы сынбаған,

Өнердің талай наркескендерін шыңдаған.

Әбу мен Хамит, Жұмекен ұрпағы сыр шертсе

Кәрісі – жасы демдерін алмай тыңдаған.

 

                         (Оқушылардың Атырауға арналған өлең- шумақтары)

                                                                                                        

Кешіміздің қортынды сөзі: Мектеп директоры Дәмелі Қалиқызына жолданады.

(Қонақтарға естелік сыйлықтар табысталады)

Құрметті қонақтар!

Әңгімелеріңізден қызықты

Сабақ болар сыр ұқтық

Отбасыңызға тілейміз

Береке басы-ырыс құт

Біз үшін үлгі-өнеге

Ақ қырау шалған шашыңыз

Кәрілік атты кемеге

Ілеспесін жасыңыз

Жас тілегі қабыл деп

Айттық ізгі тілекті

Қадірлілерім, рахмет

Мейірімді, үлкен жүректі.

Ән:   «Атамекен» Орындайтын: Қоянақ Нұрдәулет

Ж: Құрметті кеш қонақтары, қымбатты оқушылар!

Сіздерді отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз алаш, керегеміз ағаш болсын қадірменді ағайын! Атырау — әсем қаламыз, гүлдене берсін!

Өлкеммен мақтанам, шаттанам,

Кенеліп байлыққа, бақ табам.

Атыңды қазағым жаттаған,

Атырау — мұнайлы астанам!

Ән: «Атырау» — хор

Қош сау болыңыздар!