Келер шақ

58

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас  сабақ
Сабақтың түрі: сұрақ — жауап, топпен жұмыс
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар,сызба.
Пән аралық байланыс: дүниетану, өзін — өзі тану,әдебиеттік оқу,дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
1. Оқушылармен амандасу.
2. Тілді жаттықтыру (сұрақтарға жауап беру)
— Бүгін қай күн? Қазір қандай сабақ? Біз қай тілде сөйлейміз? Бүгінгі күн қандай? Қазір көңіл — күйіміз қалай? ☺(жақсы)
Мұғалім, балалар (хормен)
Әрбір адам? Туысым, досым.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
— Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл — күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.

«Мезгіл» бекеті
— Балалар сабаққа дайынбыз ба? Үй тапсырмасына не берілді?
ІІ Үй тапсырмасы
47-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құрау.
ІІ. Жаңа сабақ.
— Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс)
— Қыста ауа – райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
— Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
— Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы? (Етістік)
— Етістік қандай сұраққа жауап береді?
— Етістік іс — әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.
— Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең,
Бақытты балалық шақ
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Өріктің сүйегін шақ.
1 — слайд (Етістік туралы не үйрендік?)
1 — суретте іс — әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
2 — суретте іс — әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
3 — суретте іс — әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
Ереже:
— Яғни, етістіктер іс — әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы болады:
2 — слайд
Етістіктің шақтары
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Жаңа сабақ.  «Білім» бекеті
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Ақпанның жиырмасы.

Келер шақ..
Оқулықпен жұмыс.
1 — жаттығу ауызша  орындалады.
Өлеңді мәнерлеп оқу.

Етістіктерді тап .Олардың қай шақта тұрғанын айт.

Суыр туралы мағлұмат бер. С.Оспанов

Автор туралы мағлұмат
50-жаттығу. Жатқа жазу.Келер шақ етістіктерді табу.Оларға сұрақ қойып өзара салыстыр.

Азаматпен дос бол                Ақыл көпке жеткізер,

Қадіріңді біледі,                     Өнер көкке жеткізер.

Тақтамен жұмыс.

51-жаттығу. Жұмбақты оқып шешуін тап.

Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,

Мен мүдірсем, ол да мүдіреді.      (көлеңке)

1-топ: Етістіктерді тап, қай шақта тұрғанын айт.

2-топ: Жұмбақтың шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

3-топ: Мүдіру сөзінің мағынасын түсіндір.

Сергіту сәті.
Біз өнерлі баламыз. (өзін көрсетеді)
Шырқатып ән саламыз. (екі қолды жанына созады)
Би билейміз бұралып, (би қимылын көрсетеді)
Доспыз, тату боламыз. (барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді)

Өзіндік жұмыс.52-жаттығу.

Сызбаға қарап ойлан, содан соң өзің қорытынды жаса.

І қатар: Мен

ІІ қатар: Сен

ІІІ қатар: Біз

«Өнер» бекеті.Шығармашылық жұмыс.

53-жаттығу.

Өлеңді оқып, жаттап ал.

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар,

Тілім барда еркіме кім таласар?!

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып сыйқам қашар.

«Туған тілім»  тақырыбына әңгіме айт.

Бір шумақ өлең

Мақал-мәтел айту.

«Сиқы қашу» тіркесінің мағынасын айту.
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Қалған топ оқушылары осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құру
III. Қорытынды. Не үйрендік?

Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не?
— Етістіктің неше шағы бар?
— Осы шақ іс — әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
— Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?
Жүректен жүрекке
IV. Үйге тапсырма.
54-жаттығу.

  1. Бағалау.