Кк дыбысы мен әрпі

56

Тақырыбы: Кк дыбысы мен әрпі

Мақсаты:1.Кк дыбысымен таныстыру. Оның айтылу ерекшеліктерін атап өту  және жазылу

жолын үйрету. Талдау жұмыстарын меңгерту.
2.Кк  дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау арқылы  оқушылардың ой –

өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

3.Табиғатты аялауға, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.,талдау, салыстыру, топпен жұмыс.
Жабдықтау: К әрпінің үлкен баспа және жазба түрі. Осы әріппен басталатын заттардың суреттері,күз бейнесіндегі ағаш суреті,жапырақтар,кілт суреттері,интербелсенді тақта

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.Қане балалар бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп, «Жүректен жүрекке» тренинг өткізіп жіберейік.Ол үшін шеңберге тұрып,есіміміздің бас әріпінен басталатын, жақсы қасиет айту. Мыс:Ержүрек Ердәулетсің.

ІІ.Топқа бөлу. «Мазайка» Мына қиындыларды алып, құрастыру. Пайда болған сурет бойынша топтасып отыру.

-Сабағымыздың ережесін түсіндіру.

 ІІІ.Ой шақыру.

Енді балалар қолдарыңдағы суреттерді атайықшы «Кірпі», «Керік», «Көйлек». Сонымен қатар қазір бізде қандай мезгіл? Ендеше осы сөздердің бірінші әрпі қандай әріптерден басталады?

ІҮ.Жаңа материалды игерту.

-Әрине  «К» Олай болса біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы К дыбысына арналады. Ендеше күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

-Біз бүгін сабақта  сенбілік өткізіп, жапырақ жинаймыз және жапырақтардың тапсырмаларын орындап, мына жердегі биылғы бастауыш класты бітіргелі тұрғын төртінші кластың балаларының бізге жіберген жасырын құпия тұрған  суреттін ашамыз. Дыбыстауға үйрету. К к әрпін көрсетемін. (К дыбысының баспа және жазба түрін көрсету)

-Баспа түрі қай кезде кездеседі? Жазба түрі ше?

1.Оқулықпен жұмыс.

Ітоп  Көл     Кісі                    ІІтоп     Көр        Көрік                           ІІІтоп  Әк         Көкшіл

Қол     Кіші                                Төр        Қорық                                      Ақ         Ақшыл

2.Дәптермен жұмыс.К дыбысының жазба түрі көрсетіліп,оны жазудың жаттығулары жасалады.

  • Ауада жазу
  • Тақтада жазу

3.Тақтамен жұмыс.

-Тақтадағы сурет бойынша әңгіме құрау.

І топ.Екі бала туралы

ІІ топ Көл туралы

ІІІ топ Табиғат туралы әңгімелерін ортаға салады..

Мәтінмен жұмыс.

-Ендеше балалар осы суретке арналған мәтінмен жұмыс жасаймыз

  • «Көл жағасында»мәтінін оқып беру.
  • Қысқаша мазмұндау.
  • Тізбектеп оқу.Оқушыларға кезек-кезек оқыту

4.Дәптермен жұмыс.Дәптерде берілген буындар мен сөздерді жазу жалғастырылады.

Сергіту жаттығуы.

5.Дыбыстық талдау. Дәптерімізде берілген суретке дыбыстық талдау жасау.Керік,көйлек,кітап сөздерінің дауысты дауыссызын ажыратып,қызыл және көк түспен  бояу және буынға бөлу.

 

6.Буындардан сөз құрау.(Қима әріптермен жұмыс жасалады)

 ТА       СА         ШЫЛ             ТА       

             

 ЛА         ШЫН           ТАҚ      ЛА

Қорытынды.

-Міне балалар біздің жасырын суретіміз ашылды.Ненің суреті бейнеленген? КІЛТ

-Бас әрпі неден басталады? К

-Балалар қазір сендерге осы кілттен таратып беремін,оны жоғалтпай әрдайым алдарыңнан кездескен кедергілер мен қақпаларды осы кілт арқылы ашып өтіп,жолдарың ашық болсын,сендерге ақ жол тілеймін.

Үйге тапсырма беру.

Бағалау.

-Балалар қазір сендер өз-өздеріңді бағалайсыңдар,ол үшін алдарыңда жатқан бағдаршам түстес алмалармен бағалап, кірпіге апарып орналастырасыңдар .

Сабақты өте-өте жақсы түсініп, белсенді қатыстым — жасыл алма

Орташалау меңгерді,әліде дайындалу керек  — қызыл алма

Ал егер  түсінбей қалдым десеңдер -сары алма