Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала»

285

Атырау қаласы.

№5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Айтмағамбетова Умитай Кенжегуловна

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы:  Ә. Жапаров   «Қазына көтерген бала»

Білімділік мақсаты: Оқушыларды Қ.Сәтпаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру

Дамытушылық  мақсаты: Қ.Сәтпаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу, оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу, көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын елестету, сезіну қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: туған ел байлықтарын қорғауға үйрету, ұлы адамдар өмірін үлгі ету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылықты ояту, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Қ.Сәтпаевтың өміріне арналған слайд, видео. Фостермен жұмыс. Қазба байлықтар коллекциясы. Географиялық карта.

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру
  • Үй тапсырмасын тексеру

Т.Рысқұлбеков «Бала Тұрар» атты әңгімесін ақпараттық іздену әдіс-тәсілі бойынша сұрау. Тақтаға үш оқушы шығады. Әңгіме мазмұнына сай сұрақтар қойып, екі оқушы бір-біріне жауап береді. Үшінші оқушы олардың жауабын тыңдап, әңгімені толық баяндайды. Келесі оқушы картадан әңгімедегі жер, су, ел аттарын көрсетеді.

3)   Топтастыру

  • Тұрар Рысқұлбеков кім?
  • Мемлекет, қоғам қайраткері
  • 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан
  • 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы, Верный уезінде туды.
  • 1938 жылы 10 ақпанда, 43 жасында, Мәскеу түрмесінде қайтыс болды.
  • Алматы қаласында Басқару академиясы Рысқұлбеков есімімен аталады.
  • Нұртаза Шерхан «Қызыл Жебе» атты 1,2 кітабында Рысқұлбеков келбетін сомдады.
  • Сталинге Қазақстандағы ашаршылық жөнінде бірінші хат жолдаған қазақ.
  • 1937 жылы 21 мамырда «Халық жауы» деген атпен тұтқындалды.
  • Жамбыл облысының Тараз қаласында Рысқұлбеков атындағы парк, онда ескерткіш қойылған.
  • Бағалау
  • Бала – мына жерде бір үлкен қапшық тұр. Оны кім әкелді? Көрелік.
  • Мынау не қағаздар?
  • Ұстап көрші?
  • Мынау тапсырма ғой

Қапшықтағы қағаздарды алып, тапсырмаларды орындау

  • Топпен жұмыс

І топ  қиылған суреттерді құрастыру

ІІ топ қаламызда қандай ескетркіштер бар?

ІІІ топ мынау не? Ол неге жатады? (мұнай бағаналарының суреті)

  • Тапсырмалар тексеріледі
  • Жер қойнауындағы тастарды зерттеген адам кім?
  • Қ.Сәтпаев

 

Жаңа сабақ Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала» деп тақтаға жазу

Ә.Жапаров  — ақын, жазушы. Оның бір ерекшелігі оның  Қ. Сәтпаев жөніндегі осы «Қазына көтерген бала» атты шығарманы жазуы

Қ.Сәтпаев туралы видео-фильм

— Тізбектете оқыттыру

— Қаныш қандай сурет салған?

— Ол  неге  ынтық болған?

6) Ендеше қапшықты ашатын кез келді

(Тастарды қарап,аттарымен таныстыру   )

-Қаныш осы тастарды зерттеген – геолог екен. Геолог – тау –тастарды зерттейтін ғалым.

7) Атырау қаласында Қ.Сәтпаев атындағы көше, даңғыл, ескерткіш, мектеп бар.

8) Фостермен жұмыс

-Көргенімізді, естігенімізді суретке салайық. Суреттер бағаланады.

9) «Алақан тренингісі»

а) Қызыл  түс – қол алысу

ә) Сары түс – арқасынан қағу

б) жасыл түс – құшақтасу

 

10)  Дәптермен жұмыс Қ. Сәтпаев кім?

— Қазақ ғалым академиясының тұңғыш президенті

— Геолог- ғалым

-Академик

— Ертіс-Қарағанды каналының аты Қ.Сәтпаев атымен аталады.

— Қ.Сәтпаев атын дағы даңғыл, көше, мектеп

— Қ. Сәтпаев атындағы ғаламшар бар

— 100 жылдыгына монета шыккан

— Жезқазған мыс Рудасын тапқан адам

-Ақсу,Атырау т.б. қалаларында ескерткіштері бар.

 

11) Әңгіме «Қазына көтерген бала» деп не себептен аталды?

 

12) Биыл 11 қараша 2014 жылы  Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы шықты. Мақсаты: Дүниенін әр түпкірінде белең алған тұрақсыздық, әлемдік экономиканың өзгеруі Қазақстанда да болуы мүмкін. Алға қойған өзекті мәселелерді жедел орындау халыққа тапсырылды . Ұлттық қордан әр түрлі салаларға қаржы бөлінді. Мысалы білім саласына 70 млрд. ақша бөлінді. Ол жаңа мектеп , бала-бақша салу, үш кезеңде мектептерді үлкейту, жою, мүгедек балалар үшін арнайы мектептер салу.

 

13) Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан-теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»
Н.Ә. Назарбаев

 

14) Ендеше елдің байлығы – ол біздің байлығымыз. Біз де Қаныш атамыз сияқты ерінбей еңбек ете білуіміз керек сонда ғана , еліміз көркейіп, өміріміз мәнді де, сәнді болады.

 

15) Бағалау

16) Үйге тапсырма

 

а) Ә.Жапаров туралы дерек жинау

ә) «Қазына көтерген бала» әңгімесін түсініп оқу

б) №3 сызбаны толтыру, дәлелдеу