Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі./4 сынып/

111

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі./4 сынып/

Сабақтың білімдік  мақсаты:     Ыбырай Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беру,өлеңнің  мазмұнын   меңгерту арқылы табиғаттың адам өміріндегі атқарар жүгін таныту.

Дамытушылық мақсаты: Өлеңді түсініп,мәнерлеп, көркем оқи білуге баулу, оқушының ауызша және жазбаша тіл  мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты:   Өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға баулу,қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ./ танымдық/

Сабақтың әдіс- тәсілі: сын тұрғысынан ойлау./ой қозғау,топтастыру, сипаттау т.б/

/ Сабақ мультимедиялық кабинетте өтті/

Қажетті құралдар: Ақынның суреті,бейне таспа,кеспе сызбалар, электронды оқулық  «Қазақ әдебиеті 9-11»/

Сабақтың интеграциялық мүмкіндіктері: Дүниетану,музыка,бейнелеу өнері, жергілікті жер материалдары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

а) Табиғат, өзендер туралы жаттап келген мақал-мәтелдерді сұрау

ә)” Табиғат-туған үйіміз” тақырыбына жазған ой толғанысын тексеру.

б)Табиғат туралы  құрастырып келген өлеңдерін сұрау.

в) -Табиғат деген не ?/ Оқушылардың пікірлері тыңдалады/

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Кіріспе

-Біз бүгін « Табиғат-туған үйіміз» атты үлкен тарауды бастаймыз. Табиғаттың сұлулығын, көркемдігін жырламаған ақын жоқ шығар.Қазақтың ұлы ақыны Абай  табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне арнап «Жаз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай» т.с.с.көптеген өлеңдер жазған.

-Сендер қандай өлеңдерін білесіңдер? /Жаз,Күз,т/б /

Несімен танымал ?

Әңгімелерімен

Аудармаларымен

Өлеңдерімен

Еңбектерімен

Ыбырай Алтынсарин

-Абаймен қатарлас өмір сүрген, қазақтың тұңғыш ағартушысы кім еді?

2.Мағынаны тану.

 

Кім ?

Ақын

Жазушы

Ұстаз

Аудармашы

Ғалым

Балалар әдебиетінің атасы

Қоғам қайраткері

 

 

 

 

 

Не істеді?

Зерттеді

Мектеп ашты

Оқулық жазды

Аударды

Оқытты

Білім берді

 

 

 

Қандай еңбектерімен таныстық?

Қарабатыр

Таза бұлақ

Әке мен бала

Баланың айласы т/б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылып, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болған.

/электронды оқулықтан үзінді тыңдау

3.Бейне баян./таудан аққан өзен көрінісі көрсетіліп тұрады/

Мұғалім  Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін жатқа оқып береді.

4.Тізбек әдісімен барлық оқушы 1 шумақтан оқиды.Түсініксіз сөздердің астын сызады.

  1. Сөздікпен жұмыс:

Өксіген-шөлдеген.

Қынарда-жағасында,маңында

Жай-орын,қоныс

Жанабында-жанында, маңайында

6.Жұптарға бөліп, тапсырмалар беру.

 

І.Өлеңді қара сөзге айналдыр.

ІІ.Өлең бойынша сурет салу.

ІІІ.Өзеннің пайдасы /сызба түрінде жазу/

ІV.Өзен туралы мақал-мәтелдер жазу.

V.Бес жол өлең құрастыру.

VІ.Қазақстандағы өзендер.

VII. «Қарақол» су қоймасы іске қосылса не болар еді? /Менің арманым/

VIII.Өзенді қалай қорғауға болады ?

IX.Біздің ауылдың өзені.

Х. Өлеңде кездесетін аң құстардың атын жазу

 

Оқушылардың құрастырған 5 жол өлеңдері

  1. Өзен
  2. Айнадай, мөлдір
  3. Ағады, тасиды, сарқырайды.
  4. Жануарлар өзеннен рахат табады
  5. Су

 

1.Өзен

  1. Тұнық,салқын.

3.Жарқырайды, шуылдайды, шөл басады.

4.Суынан ішсең ауруыңнан айығасың

5.Дария

 

Сергіту сәті /ән “ Еділ мен Жайық”/

 

— Өзіндік жұмысты тексеру.

-.Танымдық сұрақтар:

1.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен /Ніл/

2.Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен?/Конго/

3.Қазақстандағы ең ұзын өзен?Ертіс/

4.Балқашқа құятын өзендер?/Іле,Аягөз/

5.Өзі де,аты да бұзық өзен ?/Тентек/

6.Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен /Амазонка/

IV.Бекіту:

-Біз бүгін кімнің өлеңімен таныстық?

-Өлең қалай аталады?

-Өлеңде өзен қалай суреттелген?

-Көз алдымызға қандай өзен елестейді?

  1. Қорытындылау.

а) Үржар ауданына қатысты өзендер мен көлдер, ШҚО-ның экологиялық жағдайы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 38- бабы.

VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма беру:

Өлеңді жаттап келу.Өлеңдегі бейнелі сөздерді табу