Дара және күрделі сын есім

117

Тақырыбы:  Дара және  күрделі сын есім

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:   Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып,дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру
  • Дамытушылық:  Сөздік қорын байыту, сөйлеу мәдениетін арттыру,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету
  • Тәрбиелік:  Ұжыммен жұмыс жасауға, ұқыптылыққа,әдептілікке,сауаттылыққа жетелеу.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі :Кестелер, үлестірмелі қағаздар,  слайдтар, суреттер.

 Жоспары:

1-кезең: Ұйымдастыру кезеңі

              -Сәлемдесу.

«Сәлем» деп амандасамыз қолымызбен,

«Сәлем» деп қараймыз көзімізбен,

«Сәлем» деп айтамыз аузымызбен.

«Сәлем! »

Қуаныш   сыйлаймыз    бәріңізге.

 

2-кезең:  Еске түсіру сәті

              -«Толықтыру тесті»

1 — нұсқа

1.Зат есім дегеніміз -____________________

2.Зат  есімнің сұрақтары _________________

3.Етістіктің сұрақтары ___________________

4.Сын есімді  қойып жаз.

__  __  балаға айтсаң –білер,

______ балаға айтсаң –күлер.

5.Етістікті  тауып жаз.

Жанар, келді, биік,жиырма. ______________

 

2 — нұсқа

1.Етістік  дегеніміз -____________________

2.Етістіктің түрлері

_____________________________

3.Сан есімнің сұрақтары

_____________________________

4.Сын есімді  қойып жаз.

______балаға айтсаң –білер,    ______балаға айтсаң –күлер.

5.Сан  есімді тауып жаз.

Жанар, келді, биік,жиырма. _______________

 

 

 

Сын есім дара және күрделі болады.

   Дара сын есім бір сөзден жасалады:  сары,биік.

Күрделі сын есім екі не одан да көп сөзден жасалады:  сары ала, қара торы.

 

3-кезең:  Сергіту сәті

Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз,

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

 

4-кезең:  Тіл дамыту жаттығулары

19-жаттығу.

* Мәтінді көшіріп жаз.

* Сын есімдердің астын сыз. Оларды өзара салыстыр. Сонда не байқадың?

20-жаттығу.

  • Дара сын есімдерді күрделі сын есімдерге

айналдырып жаз

21-жаттығу.

  • Берілген күрделі сын есімдерді қатыстырып,

сөйлем құрап жаз

 

5-кезең:  Ой сергіту жаттығулары

              — сызбаны толықтыр

 

 

Сызбаны пайдаланып көп нүктенің орнына сын есімдерді

қойып сөз тіркесін жаз.

 

  — шығармашылық диктант

 

Сын есім Негізгі сын есім Туынды сын есім Дара сын есім Күрделі сын есім

 

 

6-кезең:  Қорытынды.

    — «Сатымен кім тез көтеріледі?»