Сөз таптары. Бекіту

63

Сабақтың тақырыбы:  Сөз таптары. Бекіту

Мақсаттары және күтетін нәтижелері:

 

— Сөз таптары туралы білімдерін бекіту;

— Сөз таптарын белгіленген белгілермен таба білу;

— Сұрақтарды дұрыс қоюға машықтандыру;

— оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін ;

шығармашылық қабілеттерін ,есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту;

— жұмысқа қызығушылықтарын арттыру; өзіндік  білім алу дағдыларын дамыту;

Көрнекілігі:   ноутбук, слайдтар, стикерлер, карточкалар А,Ә,Б,В;  маркерлер, парақтар, смайликтер, бағалау парақтары.

 

  1. Психологиялық көңіл-күй. Ролик көру.
  2. Актуализация знаний.

— Ойын « Адасқан әріп».

Слайдта дауысты дыбыстар шашылған, тек қана бір «Т» дауыссыз дыбысы бар,  балалар іздеп, сол әріпті анықтайды, содан соң  неге ол әріпті таңдағанын түсіндіреді.  (№1 қосымша)

3.Мұғалімнің әріпті жазып көрсетуі. « Т» әріпі.

  1. Сөздік жұмыс.

Әрбір сөз таптарына екі сөзден жазып, содан кейін жазылған сөздерді оқу.

Сұрақтар: — Осы сөздер туралы не айтуға болады?

— Қандай сөз таптарына жатады?

  1. Қайталау, қорытындылау және алған білімдерін жүйелеу.

Сұрақтар: — Бүгін сабақта нені қайталаймыз?

— Қандай сөз таптарын білесіңдер?

  1. Ойын «Он сұрақтар» Диалог: оқушы-оқушы

Ойынның шарты: Стикерлерде басты сөздер: етістік, зат есім, сын есім, сан есім.

Бір баланың маңдайына стикерді  жабыстырып, ол бала стикерде жазылған сөзге қатысты сыныпқа сұрақтар қояды.

Мысалы:-  Бұл сөз қимылын білдіретін сөз бе?

— Не істеді? не қылды? деген сұрақтар қойылады ма?

Балалар сұрақтарға жауап береді, ал тақтадағы бала бастырған сөзді табады. Солай балалар барлық сөздерді тауып, сөз таптарын бекітеді.

  1. Сергіту сәті « Кірпі» АКТ.

8.Қайталау.Тест тапсырмалары. Жауап нұсқаларымен А,Ә,Б,В.

( №2,№3 қосымша)

  1. Жекеше жұмыс. ( оқулықпен, 2- жаттығу 192 бет.)

Тапсырма:   Берілген сөздердің ішіндегі сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз, бірнеше сөйлем құрастыр.

  1. Дарынды балалармен жұмыс. ( логикалық тапсырма)

«Көп нүктенің орнына қажетті әріптер қойып жаңа сөз жаса»

□үн, □ара, □ол ( №4 қосымша)

  1. Топпен жұмыс.

Синквейн құрастыру « күн» деген сөзге.

  1. Күн.
  2. Ыстық, жылы.
  3. Шығады, жарқырайды, жылытады.
  4. Аспанда күн жарқырап тұр.
  5. Табиғат.
  6. Рефлексия ( смайликтер)

Балалар ұнатқан смайликтерді таңдап, сабақтағы өз көңіл-күйлерін білдіреді.

  1. Бағалау парағы. ( №5 қосымша)

( әрбір тапсырманы белгіленген түспен бояйды)

Жасыл- 5, сары- 4, қызыл – 3.

Сабақты қорыту.

 

Пайдаланылған әдебиет.

  1. Интернет ресурстар.
  2. Қазақ тілі 2 сынып. Алматыкітап баспасы 2011 жыл
  3. Мұғалімге арналған Нұсқаулық ( үшінші негізгі деңгей)

4    Шығармашылық жұмыстардың жинағы.