Етістік

Сабақтың тақырыбы: Етістік

I слайд

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

  •  Етістік сөз табы туралы білім                                                       беру,етістіктің қолданыстағы маңызын,қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі,ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу,етістікті басқа сөз табымен байланыстыруға үйрету.

Дамытушылығы:

  • Сөз таптарын ажырата білуге ,сөйлемнің  мәнін түсініп, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілеттерін ,тілін дамыту.Логикалық ойлау сезімін ояту.Есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі:

  • Каллиграфияны  сақтау,   кішіпейілділікке, адамгершілікке , мәнерлі сөйлеуге, қырағылыққа тәрбиелеу  .

Сабақтың түрі , әдісі: Жарыс сабақ, ойын ашық                                                                                                                             айту, түсіндірмелі, сұрақ- жауап, мақтау-                 мадақтау.

Пәнаралық  байланыс:дүниетану,математика,

музыка, әдебиеттік оқу.

Интерактивті тақта:

Жабдықтау және көрнекілік.

 

 

 

Сабақтың барысы:I Ұйымдастыру бөлімі

II слайд

Поэзия минуты:

           Қазақ тілім- өз тілім , ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Міне , балалар  кемеңгер ғұлама ақындарымыздың тілі, біздің тіліміз- қазақ тілі сабағы

 II Өткенді қайталау

III слайд

*   Жұрнақ пен жалғау туралы не білесің?

*  Зат есім дегеніміз не, неше түрге бөлінеді?

*  Негізгі  зат есім дегеніміз не?мысал келтір

* Туынды зат есім дегеніміз не?мысал келтір

* Туынды зат есімге не  жалғанады?

* Тәуелдік жалғау туралы не білеміз?бір сөзді      тәуелде.

* Іні, қалам,дәптер сөздерін жекеше, көпше түрге тәуелде

Етістік дегеніміз не?Сұрақтары, мысал.

I II Суретпен жұмыс

IV слайд

а/(Суретке ат қойып, әңгіме құрастыру, етістікті табу)

Қыс мезгілі                Табиғат суреті

ә/Үйге берілген тапсырма сұралады, етістікті табу

              

 

   IV  Дәптермен жұмыс

   V слайд

а/ күннің жадысы

ә/ сынып жұмысы

б/ тақырыбы

в/ минуттық көркем жазу.

П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П п П

VI   слайд

  • жаттығу. Дара және күрделі етсітіктерді   табу:

Балбұлақтар ағады.

Баурайынан таулардың

Балбұлақтар ағады.

Балбұлақтан қанғанның

Бойы сергіп қалады.

Е.Ерботин.

VII   слайд

 

2 -жаттығу.     Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп   жазу. Қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсету:

 

Әжем маған жылы шұлық  тоқыды /тоқып берді/.   Нұрым мен Сырым құстарға үйшік жасады / жасап отыр/.  Жиналыс басталды ма?/ басталып кетті ме?/.    Жездем қуанды ма?/қуанып жүр ме?/

Балалар мұзайдында коньки тепті/ теуіп жүр/.

Тиін қарағайдың бүрімен қоректенеді/ қоректеніп жүр/.Солтүстіктен  суық жел соқты/ соғып тұр/.

Солтүстік                    Мұзайдын

 

VIII   слайд

 3-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа айту.

«Серперді » шертермен

Шерте үйрендім.

Шертермен     «Серперді»

Ерте үйрендім.

Е.Ерботин

«Серпер»,шертер деген не?

IX слайд   «Серпер» — Құрманғазының күйі.

 X слайд    «Шертер» —қазақтың,ертедегі түріктің аспабы,домбыраға қарағанда кішірек , оның даусы қатты шығатын болған.шертер екі, үш  ішекті, ал ішектерін аттын жалынан жасаған.Қазіргі кезде шертер аспабын қолданбайды.

 ХI слайд          Сергіту сәті

     Құрманғазының күйі      «Серпер»

 

 ХII слайд         

4- жаттығу.  Дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек көшіріп жазу, кез-келген 2 күрделі етістікті қатыстырып сөйлем құрастыр.

 

Жайнады                               Бақылап тұр

Жалғады                               тартып отыр

Шашты                               оқып отыр

Ұшты                                   қонып жатыр

Секектеді                            билеп жүр

Тегістеді                             шауып барады

 

 

 

ХIII слайд         

 V  Дидактикалық ойын :«Кім алғыр?»

           Күн,сәбіз,ай, саяхат,қала, дала,ауыл,ата, оқушы, шебер, дәптер,кемпірқосақ, кесе, алма, мектеп, республика, ағаш, гүл, терезе, қалам, тақта, бала, ат, жұлдыз,арба / 25сөз/

 

XIV    слайд    

               YI  «Мақал қуаласпақ» ойыны, етістікті          табу

 

1   Көз жетпегенге  сөз жетеді.

2   Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

3   Мақтаншақтық өтірік айтқызады,

Өтірік көңілді қайтқызады.

 

XV    слайд

              VII   Шығармашылық жұмыс

  • Бұлбұл бақылдайды
  • Сиыр сайрайды
  • Аққу мөңірейді
  • Бақа қарқылдайды
  • Тырна                     сұңқылдайды
  • Түйе қаңқылдайды
  • Қаз боздайды
  • Қарға тыраулайды

XVI    слайд

VIII   Тиым  сөздер  білесің бе?

Етістіктерді сұрақ кою арқылы табу

 

X VII   слайд

             I Х   Сабақты бекіту: Етістік туралы не білеміз?

*    Білемін

*    Білдім

*    Білгім келеді

 

    X VIII  слайд

Х   «Жүректен жүрекке» Бағалау.Мадақтау

Әр қатар өз тобын бағалайды.

 

 X IX слайд                                                                                                                                                                                            ХI   Үйге тапсырма:     5- жаттығу

5 мақал /етістік/