Сөйлем мүшелерінің байланысы

353

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысын іс-жүзінде меңгереді; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары молаяды;  мәнерлеп сөйлеуге , көркем жазуға  үйренеді. Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, әңгімелесу, жинақтау, сұрақ-жауап, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар, оқулық.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Психологиялық дайындық:

— Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәтілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!

– Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік:

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

  1. Үй жұмысын тексеру: Жаттығу 187. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.
  2. Жаңа сабақ. Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу.

— Көркем жазу минуты:  Пп   Пенал ……..

—   Сөздік жұмыс: Сөздерді қатесіз көшіріп, сөз құрамына талдау:

Ұшақ, үшінші, жүрді, дәмді, жылдар, оқыды, көгілдір, жаңалықтар, кітапхана, Досжан, әсемпаз.

  1. «Бой сергіту» — ойыны. Өткенді қайталау:

— Сөйлем нені білдіреді?

— Сөйлем нелерден тұрады?

— Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

— Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

—  Бастауыш деген не? – сұрақтары — ?

—  Баяндауыш деген не? – сұрақтары -?

— Тұрлаулы мүшелер деген не?

— Тұрлаусыз мүшелер деген не?

 

  1. Бүгін сөйлем мүшелерінің байланысын анықтауға үйренеміз.

Тақтада сөйлем:         — Мен туған елімді сүйемін.

Тапсырма: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетіңдер. ( өз бетінше жұмыс)

  • Біз қай елде тұрамыз?
  • 16 желтоқсан қандай күн?
  • Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?
  • Әңұранның авторлары кім?
  • Елтаңбаның авторлары кім?
  • Туымыздың авторы кім?

 

  1. Оқулықпен жұмыс. 70 бет. Жаттығу 189.

1 қатар – 1-ші жұмбақты көшіріп жазады;

2 қатар – 2-ші жұмбақты;

3 қатар – 3-ші жұмбақты.

 

  • Сергіту сәті: Қоян шықты далаға

Жан-жағына қарады

Отырды, тұрды, секірді,

Орнына келіп отырды.

 

  1. Ауызша жаттығу 190. Ребусты шешу. ( Шаңғы). Осы сөзбен сөйлем құрастыру.

 

  1. Жазбаша жаттығу 191. Сөйлемдерді көшіріп, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

 

— Балалар мұз айдынына келді.

— Қайрат пен Гүлсім коньки теуіп жүр.

— Айнұр мұнда бірінші рет келген еді.

— Ол әлі өздігінен коньки тебе алмайды.

— Оған достары көмектесті.

 

  1. Жатқа жазу. Мақал: Ақыл жастан шығады,

Асыл тастан шығады.

Мақалдың мағынасын ашу.

 

  1. Өз бетінше жаттығу 195. Жазбаша.

 

  1. Шығармашылық жұмыс: Мәтінді аяқтап жаз:

Қыс келді. Малшылар малдарын  қораға кіргізді. ………………………………………………………………………………………………..

 

Қорытынды: — Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтауға болады?  — Венн диаграмма  құрастыру :

Бастауыш                             баяндауыш

 

 

 

 

 

Үйге:  жаттығу 194 ,  72 бет. (Көшіру, сөйлем мүшелерінің байланысын көрсету) .  Бағалау.