Негізгі және туынды етістік

425

Күні: 11.03

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды етістік

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың негізгі және туынды етістік туралы алған білімдерін пысықтау. Қатесіз жазуға дағдыландыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, іздемпаздыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа, әріпті көркем жазуға тәрбиелеу.

Әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) Үй тапсырмасын тексеру

б) Жаңа сабақ.

І. Қызығушылығын ояту.

— Етістік дегеніміз не? (Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы) Мысал келтір.

— Құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі) Мысал келтір.

— Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? (негізгі, туынды) Мысал келтір.

— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Негізгі және туынды етістік» болмақ.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

Айгүл екі кітап …

Әсем қызанақтан салат…

Әсет театрға …

Үстел үстінде жемістер салынған ыдыс …

Әжесі немересіне қолғап …

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығудағы сөздерді оқып, туынды етістіктерді бір бөлек, негізгі етістіктерді бір бөлек көшіріп жазу.

2-жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазу. Туынды етістіктерді тауып, олардың астын сыз.

Сергіту сәті.

4-жаттығудағы жаңылтпашты жатқа жазу. Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдау.

ІІІ. Ой толғау.

«Б әрпінен басталатын етістіктер» ойынын ойнау.

б
б
б
б
б

 

ІҮ. Бағалау.

Бағалау парағы арқылы бағалау.

Ү. Үй тапсырмасы. 44-бет. 3-жаттығу.