Баяндауыш

132

 

Тақырыбы: Баяндауыш

  1. Білімділігі: баяндауыш және оның бастауышпен байланысы. Сөз таптарымен байланыстыру. Сөз таптарына талдау жасауға, мәтін құрай білуге, мәтінді ажыратуға және сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтауға үйрету.
  2. Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету. Ізденуге үйрету.
  3. Тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, жинақтылыққа және сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дамытушылық.
Сабақ типі: жаңа білім беру.

Әдістер: проблемалық оқыту, деңгейлік тапсырмалар беру, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік стратегиясын пайдалану.

Көрнекілігі: парақшалар, ойын «Жоғалған тыныс белгілер», өлең (плакатқа жазылған), аттар (жарысуға).

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру: Оқу құралдарын дайындатып, назарларын өзіме аудару.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.
  • Жаңа сабақ

а) Сурет бойынша үш-төрт сөйлем құрау. Ондағы бастауыштарды табу.

ә) Парақшамен жұмыс:

1-парақша: Сөйлемнің қандай түрлерін білесің?

2-парақша: Сөйлем мүшесі деген не?

3-парақша: Бастауыш туралы айт және мысал келтір.

4-парақша: Сөз таптары туралы айт.

б) маусымдар сөзіне ассоциациялық аймақ құру.

       үй ай болады                                   жыл мезгілдер

 

маусымдар

 

ай аты                                                   жазда болады

в) Ондағы зат есімдерді таптырып, етістікті пайдаланып сөйлем құрату. Зат есімнің сөйлем мүшесі болғандабастауыш болатынын айтып, етістіктің рөлін анықтау. Сол арқылы баяндауышты түсіндіру. Ережені бекіту.

г) Оқулықпен жұмыс

  1. Өлеңді оқу;
  2. Көшіріп жазу;
  3. Қарамен жазылған сөздердің астын сызып, сұрақ қою. Сол арқылы баяндауышты түсіндіру. Ережені бекіту.

д) Топпен жұмыс

I топ. Мәтінмен  жұмыс (жаңылытпашты жаз)

Гауһар жеңін түрінді,

Газға балық қуырды.

Гүлзарға су себелеп,

Газетке де үңілді.

Тапсырма:

Бастауыш пен баяндауышты табу;

Мәтінді ажырату, асты сызылған сөйлемге дыбыстық талдау жасау.

II топ. «Құстар қалай сайрайды?»

Бұлбұл – сайрайды.

Торғай – шырылдайды.

Шағала – шаңқылдайды.

Қарға – қарқылдайды.

Әтеш – шақырады.

Қаз – қаңқылдайды.

Сұңқар – саңқылдайды.

Ал адам?

Тапсырма: Тиісті дыбыстауды орнына қою және даусын салып беру.

Тапсырма: Берілген баяндауыштарға сұрақ қойып, баяндауышты қатыстырып сөйлем құрау. Астын сызу.

Ойын: «Жоғалған тыныс белгілер»

Жазғы демалыста кітапханаға бардық. Алдымыздан Мәлік атай кездесті. Мен жол беріп амандастым.

— Бақытты бол, қызым, – деді атай.

— Атайға неге сәлем бермедің, – дедім Жанарға.

Тапсырма: Тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді жалғастыру.

4-жаттығу

I топ. Өлеңді оқу, сұрақтың орнына сөз қойып, жатқа айту.

Бұлт ыдырап қайтті?

    Не? Тез қуып барады?

    Көк нені? Қақ жарып?

    Күн қалай қарады?

II топ. Сұрақтарға жауап беру.

— Бұлт қайтті?      Бұлт тарады.

— Жел қайтті?      Жел тез қуып барады.

— Күн қайтті?       Күн күліп қарады.

  1. Бекіту. «Қап, бәлем!» мультфильмін пайдалану арқылы тапсырма орындау. Балаларға мультфильм көрсету.

I топ. Тақырыпқа сай мақал-мәтел ойлап табу.

II топ. Сөйлем құрау (бастауыш пен баяндауышқа)

  1. Қорытынды.
  2. Үйге тапсырма:

Тапсырма: Сөзжұмбақты шешу, жануарларды қатыстырып сөйлем құрау. Бастауыш пен баяндауышты табу.