Мәтіннің құрылымы, түрлері

186

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің құрылымы, түрлері

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды берілген мәтіндердің бір — бірінен айырмашылығын табуға, олардың

түрлерін ажырата білуге мүмкіндік туғызу;

  1. Байланыстырып сөйлеу, тілін, ақыл — ойын дамыту, сауатты жазу дағдыларын

Арттыру

3.Үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдіс — тәсілдері: топпен жұмыс, сүрақ — жауап, іздену, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, ертегі кейіпкерлері, үлестірмелі карточкалар, сызба.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.

Сабақтың барысы:            

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық: Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер дереу сонда жан — жағым.

— Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

 

  1. Сөзжұмбақ шешу: 18 10 21 14 16            Т — 3*7

М Ә  Т     І    Н            Н — 2*8

М — 3*6

І  — 2*7

Ә — 2*5

 

Мәтін дегеніміз не? Мәтінге не қоюға болады?

Тақырып дегеніміз не? Негізгі ой дегеніміз не?

 

                         

 III. Жаңа сабақ:

Топпен жұмыс: 1 — ші топ «Білгірлер»   2- ші топ » Тапқырлар»

  1. тапсырма: Сызба жасау
  2. топ                          2 — топ
  3. Мәтіннің құрылымы 1. Мәтіннің түрлері
  4. Мәтіннің әр бөлігі қалай жазылыды? 2. Әр мәтінге қандай сұрақ қойылады?

 

Мәтін                                                                                                     Мәтін

Басы    Негізгі бөлімі     Соңы                                                       Әңгімелеу  Сипаттау  Пайымдау

 

Мәтіннің әр бөлігі азат                                                                   Не істеді? Қандай?     Не үшін?

жолдан бастап жаз

 

2 тапсырма: Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап мәтінді

қайта құрастыр.

1 -топ                                                                                                                          Ердостың атасы — шопан.Қыстың суық бір күні атасының қызуы көтеріліп, жатып қалды.Шашқан шөпті лезде                                                                                                                                       тауысқан қойлар маңырай бастады.Атасының тынышы кетті.                                                                                                                                                                                                          Керік- жер бетіндегі ең биік жануар.Оның бойы 6 метрдей болады.Осы биіктің жарым — жартысы мойынға кетеді.

Біраздан соң ол ауырғанына қарамай,киініп сыртқа шықты.Қорада мал да,ерттеулі ат та жоқ.Қарт алысқа көз салды.Малды өріске айдап бара жатқан немересін көрді.Ол Ердос еді.

 

  2-топ

 

Балалардың бәрі сабақта.Ал Ермек болса ауырып үйде қалды.Жалғыз өзі әбден зерікті.

Бұғы сиырға ұқсас мал.Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі.Олар суыққа төзімді.

Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді.Халжағдайын сұрады.Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкепті.Ермектің осындай достары бар.

 

  1. тапсырма: Үш мәтінді оқы.Оларды мәтін түрлеріне ажырат, сипаттау мәтінін көшіріп ал.

 

     1- топ

Күзде күн қысқарып,суыта бастайды.Жиі-жиі жаңбыр жауады.Жапырақтар сағайып жерге түседі.Су салқындайды.Құстар жылы жаққа кетеді.

 

Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі.Сондықтан ол біздің елімізде қорғауға алынған.

 

Лашын-    сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Лашынның ту сырты көк сұр немесе қара сұр,ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір,саусақтары салалы

2- топ

 

Біз үшінші сыныпта оқимыз.Біздің сыныпта жиырма оқушы.Бізге Айман апай сабақ береді.

 

Лашын-    сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Лашынның ту сырты көк сұр немесе қара сұр,ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір,саусақтары салалы.

Біз сыныпты таза ұстаймыз.Өйткені,ол- біздің екінші үйіміз.Мұны балалардың бәрі жақсы біледі.

 

Дәптермен жұмыс: Күн ретін жазу.

Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай? Қазан сөзінде неше буын? Неше дыбыс? Неше әріп?Бұл сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс? Қ қ әрпіп жазу, қараша сөзін жазу жазып шығу.

Суретті диктант: кемпір, бауырсақ, шалқан, түлкі, қасқыр, аю, қоян,мысық, күшік суреттері.Сипаттау мәтінін көшіріп алу.

Сергіту сәті музыкалық.

 

  1. тапсырма:

 

1 — ші топқа » Бауырсақ » ертегісінің суреттері реті шатасып беріледі жене ертегінің мәтіні де шатастырылып беріледі.

Берілген суреттерге сай келетін мәтін бөлігін тауып оқу және ертегіні дұрыс құрастыру.

 

2 — ші топқа » Шалқан » ертегісінің суреттері реті шатасып беріледі жене ертегінің мәтіні де шатастырылып беріледі.

Берілген суреттерге сай келетін мәтін бөлігін тауып оқу және ертегіні дұрыс құрастыру.

 

  1. IY. Қорыту:

Сөзжұмбақтар     10 12 15 21 8 8 21 18                15 21 18 16 14 21 21 18         12 4 27 9 14 6 0 18

С  2*5            П  3*5     И 2*6     А   3*7     Т  2*4    У  3*6    Й  2*9     Д    3*8

М  2*7           Ы  2*8    Ә  3*4    Е  2*3       Л  3*0   Ң  2*2   Г  3*9      І      3*3

— Сонымен бүгін балалар біз бүгін не істедік ? Сипаттау, пайымдау, әңгімелеу деген нелер?Сендерге сабақ ұнады ма?

Балалардың жауабы.

  1. Y. Үйге тапсырма:

Сипаттау мәтінін құрастырып келу.

  1. YI. Бағалау.