Мәтін деген не ?

427

Сабақтың тақырыбы : Мәтін  деген не ?

Сабақтың мақсаты :Мәтін туралы түсінік беру .Мәтіндегі негізгі ойды анықтау

1Білімділік :Оқушыларға  тақырыпты түсіндіріп ,білімдерін жүйелеп жинақтау .Сурет бойынша  әңгіме құрай білуг жаттықтыру .

Тәрбиелік : Оқушыларды  сауатты көркем жазуға баулу .Өз елінің жан –жануарларын қорғауа машықтандыру .

Дамытушылық :  Оқушылардың  ойлау қабілеттерін .сөйлеу мәнерін тілін дамыту ;Мәтін құрастыруға ,мазмұнына лайықты ат  қоя білуге , байланыстырп сөйлеуге дағдыландыру .

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі  :Жаңа

 Сабақтың әдісі :ізденушілік ,танымдылық ,сұрақ –жауап, ұжымдық  жұмыс

Пәнаралық байланыс:   дүниетану күнделікті  өмірмен байланыс .

Көрнекілігі :компьютер ,суреттер

Сабақтың барысы :    1 Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды сабаққа  дайындау

  1. Өткен сабақты қайталау

-Бүгін біз  дауыссыз  дыбыстарды қайталай отырып  тапсырмаларды  дұрыс орындауға тырысымыз .Білім  сарайына қонаққа барамыз .

-Білім сарайына кіру үшін ,есікті шау үшін бізге не керек ?                                             -Кілт.                                                                                                                                   -Балалар , дұрыс  ,тағы не керек ?                                                                                   -Білім .                                                                                                                                -Білімді  көрсету үшін  ойын арқылы  сұрақтарға жауап береміз .

Ойынның аты -«Сан қатары»

Сандар шашылып тұр.Сандарды дұрыстап қойсақ  бүгінгі жаңа сабақтың аты шығады .Ал сан қатарын ретімен қояйық .Әр санның қатарында сұрақ бар .Сол сұраққа жауап беру керек .

1.М   Қазақ тілінде неше әріп бар ?

2.Ә   Дыбыстар неше топқа бөлінеді ?

  1. Т Дауысты дыбыстардың түрлерін ата ?
  2. І Дауыссыз дыбыстардың  түрлерін ата ?
  3. Н Нмен Ң дыбыстары дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады ?

Енді « Мәтін » сөзіне  дыбыстық  талдау жасайық .

М-  дауыссыз, үнді

Ә- дауысты  ,жіңішке

Т- дауыссыз ,қатаң

І- дауысты , жіңішке

Н- дауыссыз , үнді

5-әріп ,5-дыбыс  ,2- буын  мә-тін

-Білім сарайының есігі ашылды .Енді барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындауымыз керек .

3.Көркем жазу .                                                                                                                     Дәптерімізді ашамыз ,бүгінгі күн, ай жазып тақтадағы элементтерді  әдемілеп жазып  шығайық.

-Білім сарайында  бөлмелер  көп .Сол бөлмелерге кіру үшін  тапсырмалар орындауымыз керек . 1-слайд 1- бөлмеде

-Қазір қандай ай?.Қандай мезгіл ? / Күз  мезгіліне 2-3 сөйлем құрастыру ./                                            Күз.

Күз келді. Жапырақтар сарғайып  жерге түсе бастады .Құстар жылы жаққа ұшып кетті .

-Әріптерден қатыстырып  не жаздық ?/ Сөздер жаздық /

-Сөз арқылы не құрауға болады ?/ Сөйлем  құрайды /

-Сөйлем  арқылы  мәтін құралады екен .

   2- слайд .   2-бөлме              Тақырыбы болады  .

 

 

Жазбаша және ауызша                       Мәтін                       Бірнеше сөзден құралады .

ой жеткізу

бір-бірімен мағынасы жағынан

байланысып тұарды .

Мәтін   үш бөлімнен  тұрады                         

Кіріспе                                                                                           қорытынды

негізгі

4.Кітаппен жұмыс 3-бөлме .

190-жаттығу Бірінші ,екінші бағандағы сөздерді салыстырып  оқы ./ауызша  орындалады /

4- бөлме Ереже /3- слайд/

Мәтін мағына жағынан өз ара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Мәтінге ат қоюға  болады .

5-бөлменің  тапсырмасы. Дәптермен жұмыс/  4-слайд /

191-жаттығу  орны  ауыстырылып берілген сөйлемдерден  мәтін құра /тақтаға  орындалады ./

Мынау –менің бөлмем .Бөлмемнің ауасы  таза . Оның терезелері үлкен .Оң жақта менің төсегім .Сол жақта үстел орындықтар  қойылған .

6-бөлме  Сергіту  сәтті/ 5-слайд./

7-бөлме 192 –жаттығу Мәтінді оқып ,ат қой .

Сұрақтарға жазбаша  жауап бер.

1Бұғы қандай жануар ?

2.Оның қандай ерекшеліктері  бар ?

3.Солтүстік бұғысы немен қоректенеді ?

-Мәтін неше сөйлемнен құралған ?Мәтінге қандай ат қойюға болады ?

8-бөлме  194 –жаттығу  Қайысысы  мәтін екенін  дәлелде . /ауызша  талдау /

5Үйге  тапсырма

193- жаттығу.

6Сабақты қорыту

«Танып ал »ойыны мәтін құрау .

  1. Бағалау .