Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау

Дара және күрделі сын есім. Білімді тиянақтау

Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы сабақты бекіту. Ойлау қабілеттерін артыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тапсырманы орындай отырып алғыр да білімді, тапқыр да жылдам оқушыны анықтауымыз керек.
Сын есім дегеніміз не?
Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?
Күрделі сын есімге мысал келтір?

24, 25 – жаттығу. Сын есімді табу.

25 – жаттығу. Сын есімді табу.
26 – жаттығу.
Сергіту сәті.
Мына мен тұра сала төсектен,
Жаттығатын спортшы деп есепте.
Бір, екі, үш,
Бұлшық етте, міне, күш!
Төрт, бес, алты,
Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей,
Созыламыз, керілеміз сәкідей.
27 – жаттығу
Сын есімдерді тап, олардың дара және күрделі екенін айт.
28 – жаттығу Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.
Денсаулық қандай байлық? (зор)
Бір сөзден құралған сын есім … (дара)
Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)
Қандай бала арлы бала? (әдепті)
Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)
Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)
Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)
Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)
Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)
Тудың түсі? (көгілдір)
ІІІ. Қорытынды.
Сонымен балалар, біз сын есім атты сөз тобын толық меңгердік деп ойлаймын. Оған бүгінгі сабақта танытқан белсенділіктерің, тапқырлықтарың, алғырлықтарың дәлел болды.
ІҮ. Оқушылар білімін бағалау.
Ү. Үйге тапсырма. 30– жаттығу.