Дара және күрделі сан есім

51

Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есім

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.  2. Психологиялық сәт.
  2. Үй жұмысын пысықтау. «Сен – маған, мен — саған» ойын арқылы үй жұмысын тексеру.
    Көркем жазу.

Қызығушылықты ояту,
«Ой қозғау» стратегиясы.
Әр топ соз таптарына түсінік береді. Топтан 1 спикер шығып қорғайды.
1-топ- «Зат есім» 2-топ- «Сын есім» 3-топ- «Етістік»
Бірлесіп «Сан есім» туралы білгендерін айтады.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін топтарға берелік.
Сөз таптарын жақсы оқып, меңгердік,
Енді жауаптарын көрелік

  1. Мағынаны ашу.
    7- жаттығу.(Ережемен таныстыру, мысал келтіріп түсіндіру,)
    ØЖұмбақ шешу.  Бір алаша төселген, 2. Басы да екеу,
    Екі ауылды жалғайды. Аяғы да екеу. (Қайшы)
    Өмірінде еш адам 3. Он-он бесі жиылды,
    Оны жинай алмайды. (Жол) Бір белдікпен буылды. (Сыпыртқы)
    4. Бір үйім бар ақ тас, 6. Үй ішінде
    Есігін ешкім таппас. (Жұмыртқа) Отыз екі батыр
    5. Үш-төрт қана тісі бар, Кіргендерді
    Шөп көтерер күші бар. (Айыр) Отап турап жатыр (]Тіс)
    8- жаттығу.
    Сөйлемдерді көшіріп жазу. Дара және күрделі сын есімдердің астын сызу.
    ØСергіту сәті». 9- жаттығу орындау. Жануарлар туралы мағлұмат бере отырып, мәтінде кездесетін сан есімдерді табу, дара сын есім немесе күрделі сан есім екенін айту.
    10- жаттығу Дара және күрделі сан есімдерді теріп жазу.
    8. Үйге тапсырма: 12-жаттығу, ереже жаттау. (түсіндіру)
    9. Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.