Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту

43

Сабақтың тақырыбы: Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:

       Білімділік:

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу, азайтуға жаттығуларды дұрыс орындай білу дағдыларын қалыптастыру, білім-біліктерін тексеру, бағалау.

Дамытушылық:

Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту, әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

        Тәрбиелік:

Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін, ынтасы мен жігерін арттыру, намысын қорғауға баулу.

 

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флипчарттар, презентациялар, карточкалар.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушылардың сабаққа әзірлігін анықтау, сабақтың мақсатымен таныстыру.
  2. Қайталау сұрақтарына жауап алу.

Бөлімдері әр-түрлі бөлшектерді қалай қосамыз, азайтамыз? (мысалдарды түсіндіру)

 

 

Балалардың ауызша есептеу қабілеттерін тексереміз:

 

 

 

 

А-жеңіл есептерді шығарған оқушыларға қолдан қиылып жасалған алма суреттерін, Б-орта деңгейдегі есептерді шығарғандарға банан суреттерін, ал С-қиын есептерді шығара алған оқушыларға цитрус (мандарин) суреттері таратылып, сабақ соңында сол суреттерге байланысты оқушылар бағаланады.

 

 

 

 

 

Сергіту сәтінде жұмбақ жасырып, астанамыз «Астана» қаласына саяхаттаймыз.

 

Сабақты қорытындылап, үй жұмысын беріп, оқушыларды бағалаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлімдері әр-түрлі аралас сандарды қосу үшін:

  • Аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
  • Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу керек

 

 

 

Бөлімдері әр-түрлі аралас сандарды азайту үшін:

  • Аралас сандардың бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіру керек;
  • Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту керек

 

 

 

 “Жұмбақ.

 

  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары?     / 6 /

 

 

 

  1. Бір – бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді    / 8 /