Есімдік. Жіктеу есімдігі

Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Есімдік және жіктеу есімдігі туралы түсінік беру.
ә) дамытушылық: Есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік — эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс жасау барысында адамдық қасиеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, ой қорыту, танымдық ойындар.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Көрнекіліктер: тест жұмысы, жұлдызша, кесте сөздер.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.

І. Ұйымдастыру.
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.

ІІ. Есіңе түсір (қайталау сұрақтары)
Жаңа сабаққа қатысты болғандықтан есім сөздерді «Жұлдызды сәт»ойыны бойынша қайталау.
1. Зат есім қандай сөз табы?
2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Жалпы, жалқы зат есімдер.
4. Сын есім қандай сөз табы?
5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
6. Туында сын есімдер қалай жасалады?
7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді?
8. Сан есім қандай сөз табы?
9. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
10. Құрамына қарай қалай талданады?
Жауап беретін оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.
ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс)
ІҮ. Анықтама (жаңа сабаққа түсінік алу)
Есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы есімдік деп аталады.
Есімдіктер есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімнің атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.
Ү. Құрастыр (жаңа сабаққа сөйлем ойлау)
ҮІ. Іске асыр. Жаттығу жұмысы. 19 — жаттығу.                                                                             20- жаттығу.  Есімдікті қойып көшіріп жаз                                                                                      21 — жаттығу. Есімдікті қойып көшіріп жаз

22- жаттығу. Дәлелдеу
ҮІІ. Нәтиже. (Тест жұмысы)
ҮІІІ. Өзіңді бағала.
ІХ. Үйге тапсырма: 24 — жаттығу. Көшіріп, жіктеу есімдігінің астын сызу.
Х. Оқушыларды бағалау: