Түбір және туынды сөз

106

Сабақтың тақырыбы: Түбір және туынды сөз

Сабақтың мақсаты: негізгі түбір мен туынды сөздерді салыстырта отырып, жұрнақтың қызметін түсіндіру; туынды сөздердің түбірін табуды үйрету; сөздік қорын дамыту.

Сабақта қолданылатын әдістер:

Венн диаграммасы, «Топ тастыру» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Венн диаграммасы арқылы бұрынғы алған білімін еске түсіре отырып, түбір сөз бен туынды сөзді салыстырады.

Әр топқа бір түбір сөз беріледі. Олар ол сөзден бірнеше түбірлес сөз жасауы керек (бас, еңбек, бала, су, оқу, т.б.).

Ең көп туынды сөз жазған топ жеңіске жетеді. Мағынаны тану кезеңі

Түбір + жұрнақ + жалғау. Осы сызба бойынша екі топтағы оқушылар мысал құрастырады.

 

Осы тақырыпқа берілген ең соңғы сабақтағы жаттығу жұмыстары орындалады. 1-жаттығу сөздердің түбірі мен жұрнағын ажыратуға арналған. Бұл жаттығу арқылы оқушылар жұрнақтың жаңа сөз жасайтынын түсінеді.

  • жаттығуда сурет бойынша мәтін құрастыру білігін жетілдіру көзделеді. Мәтін құрастыру кезінде туынды сөздерді көбірек қолдану тапсырылады.
  • жаттығу туынды сөздер туралы алған білімін тиянақтай түседі.
  • жаттығуды орындау үшін түбір, жұрнақ, жалғаудан тұратын зат есімдерді теріп жазады. Бұл жаттығу арқылы түбірге алдымен жұрнақ, содан кейін жалғау жалғанатыны бекітіледі.
  • жаттығу күрделірек тапсырмалардың қатарына жатады. Түбір, жұрнақ, жалғаудың белгілері бойынша берілген сызбаларға сәйкес сөздер тауып жазады. Сынып оқушыларының деңгейіне қарай бір сызбаға бірнеше сөз жазуға болады.

Ой толғаныс

Мынадай кестелерді толтыруды ұсынуға болады:

Түбір сөз Туынды сөз Туынды сөз Түбір сөз
таза бұғы өнер үлкендеу

өнім

шегеле

• • •