ткенді пысықтау

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: өткен тақырыптарды қайталау, пысықтау, білімдерін тереңдету;
  2. Дамытушылығы: топпен жұмыс істеу арқылы өз пікірін еркін айтуға, өздері ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу, сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру, ой-өрісін кеңейту, жан-жақты ойлау қабілетін дамыту;

3.Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету..

 

Түрі: саяхат сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, практикалық, көрнекілік, ой қозғау жұмысы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, оқулық

 

Сабақтың барысы:

І Мотивациялық бағдарлау кезеңі

1.1. Психологиялық дайындық

Шыршаны безендіру

(тілектер айтып, ойыншықтарды шыршаға ілу)

 

1.2 Ой қозғау

-Балалар, бүгінгі сабақ ерекше. Сабақ соңында лоторея билеті ойналып сыйлық алуға мүмкіндіктерің бар. Ал билет алу үшін аяз атаның сұрақтарына жауап беру керек. . Ал, қане, дайынбыз ба?

№1. Сөйлем дегеніміз не?

№2. Сөйлемнің түрлерін ата

№3. Мәтін дегеніміз не?

№4  Мәтіннің түрлерін ата

№5  Дыбыстардың неше түрі бар

№6  Үнді дауыссыз дыбыстарды ата

 

1.3 Соқыр теке ойыны арқылы топқа бөліну.

 

ІІ Операционалдық- орындаушылық кезең

2.1  Көркем жазу минуты

Дәптерімізді ашайық

Бүгінгі күнді жазайық.

Я я Яя Яя әрпі мен

Аяз аяз аяз аяз сөзін

Көркемдеп тұрып жазайық

 

2.2.. Топпен жұмыс

1-жаттығу 92-бет

а) ертегіні түсініп оқу

ә) мазмұнын айту

б) сипаттау мәтінін құрастыру

1-топ «Қоян»

2-топ «Кірпі»

 

2-жаттығу.

Сөйлемнің соңына тиісті  тыныс белгілерін қою

1-топ.

Марат жазық далада қой бағып жүр.

Менің атым бәйгеден озып келді, алақай!

Қыста аю не істейді?

 

2-топ:

Қарағанды – шахтёрлер қаласы.

Ақбөкендер кең далада жайылып жүр.

Мереке құтты болсын!

 

СЕРГІТУ СӘТІ

(интерактивті тақтада көрсетілген би қимылдарын қайталау)

 

3-тапсырма.

2 топқа жұбақ жасыру жұмбақтың шешіміне дыбыстық талдау жасау.

1-топ.

Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.

шаңғы — 2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс

ш- дауыссыз, қатаң

а-дауысты, жуан

ң-дауыссыз, үнді

ғ- дауыссыз, ұяң

ы- дауысты, жуан

 

2-топ.

Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта-ақ

бұршақ — 2 буын, 6 әріп, 6 дыбыс

б- дауыссыз, ұяң

ұ- дауысты, жуан

р- дауыссыз, үнді

ш- дауыссыз, қатаң

а- дауысты, жуан

қ- дауыссыз, қатаң

 

(әр топты смайликтермен бағалап отыру, көңілді смайликтерді кобірек алған топты мадақтау)

 

 

ІІІ Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Сынақ (бір-бірінің сынақ жұмысын тексеріп бағдаршам түстері арқылы бағалау)

Жысыл- «5»

Қызыл – «4»

Сары – «3»

 

 

  1. Сөйлем неден құралады?

А) сөзден Ә) әріптен Б) дыбыстан

2.Мына мәтін мәтіннің қай түріне жатады?

Асан әдепті бала. Ол қара торы, бойы аласа, көзі қысыңқы, шашы бұйра. Мінезі салмақты, тіл алғыш. Сыныпта оқу озаты.

А) әңгімелеу Ә) сипаттау Б) пайымдау

  1. Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемнің түрі:

А) хабарлы сөйлем Ә) сұраулы сөйлем Б) лепті сөйлем

  1. Сұраулы сөйлемді тап:

А) Жасасын бейбітшілік Ә) Көйлекті неден тігеді

Б) Алманың дәмі тәтті

  1. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсет:

А) р,л,м,н,ң,й,у Ә) к,қ,п,ф,с,т,х,ц,ч,ш,щ,һ Б) б,в,г,ғ,д,ж,з

 

 

ІҮ Қорытынды

Ойнайық та, ойлайық

Сайқымазақтың лоторея билетінің ұтысын алу

№1 Қазақстан Республикасының президенті (Н.Ә.Назарбаев)

№2 Еліміздің бас қаласы (Астана)

№3 Апта күні (сәрсенбі)

№4 Қыс айы (желтоқсан)

№5 Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

№6 Оқу- білім бұлағы, (білім -өмір шырағы)

………………………..

 

Ү. Үйге тапсырма

6-жаттығу