Рационал бөлшектер

111

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектер

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын көрнекі құралдар: флипчарт, слайд-презентация, деңгейлік есептер парақтары

Қоданылатын технологиялар: ақпараттық-коммуникативті технология, деңгелеп оқыту технолгиясы элементтері.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың рационал бөлшектерді қысқарта білу бейімділіктерін қалыптасытру, рационал бөлшектерді теңбе-тең түрлендіруге үйрету
  • Оқушылардың рационал бөлшектерді қысқарта білу біліктіліктерін дамыту
  • Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білкге, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Ақпараттық технология элементтерін қолдану арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.

 

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй жұмысын тексеру: Ауызша сұрақ жауап
  • Қандай өрнекті бүтін өрнек деп атайды?
  • Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
  • Рационал өрнектер дегеніміз не?
  • Өрнекті теңбе-тең түрлендіру дегеніміз не?
  • Мүмкін мәндер жиыны дегеніміз не?
  • Рационал бөлшектің негізге қасиетін ата?
  • Рационал бөлшектердің тағы қандай қасиетін білеміз?
  1. Жаңа білімді меңгеруге дайындық кезеңі. Фипчартта орналасқан тапсырмалар (әр оқушы тапсырманы ауызша орындап, сәйкес әріптің қасына дұрыс жауабын тауып орналастырады, нәтижесінде бөлшек сызығын ойлап тапқанғалымны аты шығады -Фиббоначчи)

Тапсырмалар:

  1. Білімді бекіту. Интерактивті тақтамен жұмыс

№ 490 есеп

  1. Сергіту сәті. «Тапқыр болсаң шешіп көр». Ежелгі ертегі есеп.

Ертеде кедейлікпен күн кешекен жалғыз кемпір болыпты. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып, ұрылар келеді.Кемпір: Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен бұларды алдайын, -деп ойлайды. Сөйтіп, бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтады: «Сапырып-сапырып Сарманға бер, құйып-құйып құрманға бер, есіктегі екеуге бер, өзің іш те, маған бер» депті. Мұны естіген ұрылар: «Қой, мұнымыз жарамас, бекер екен. Бұл үй толы кісі екен, әрі біреуі бізден артық екен, кетейік, деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен осылай ұрыларды қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу? Ұры нешеу? (үйде 1, ұры-5)

 

  1. Өздік жұмыс. Шаңғы тебу жарысы. (Оқушылар деңгейлік парақшадағы тапсырмаларды таңдап, орындайды, тез орындап үлгерген оқушы басқа парақты таңдап, қосымша баға алады).

   200 м ( А деңгейі)

       300 м (В деңгейі)             

500 м (С деңгейі)

  1. Сабақты қорытындылау.
  2. Оқушыларға баға қою.

 

Бағалау парағы

Оқушы аты-жөні Үй жұмысы Ереже айту Ауызша есептер Тақтада есеп шығару Өздік жұмыс Қорытынды баға
Ахмадиев Қуаныш

 

  1. Үйге тапсырма беру.