Қазақстанның астанасы

88

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның астанасы

Сабақтың мақсаты: Грамматикалық  «Буын» тақырыбын қайталау, мысалдар келтіру. Ережесін еске түсіру,сонымен қатар Қазақстан қалалары тақырыбын қайталай отырып,бас қаласы Астанаға тоқталу,тарихы жайлы мағлұмат беру.Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді үйрету,бірнеше рет қайталату:

Сөздік қорларын молайту,ауызекі тіл мен жазба тілді дамыту.

Өз елін, жерін сүюге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,топтық, диалогтік оқыту.

Көрнекіліктер: ТСО, Астана қаласының суреттері, жаңа сөздер тб.

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Қазақстан Республикасының Әнұраны  орындалады.

ІІ Психологиялық ахуал.

Кел,балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Ал, балалар бүгін қандай күн? Диалог арқылы бүгінгі күнді біліп алайық.

Кезекшілік диалогі:

-Сәлем, Парзада!

-Сәлем Карина!

-Қалың қалай?

-Қалым жақсы.

-Бүгін қандай күн?

-Бүгін қыркүйектің 25-і, жұма.

-Сыныпта кім жоқ?

-Сыныпта барлығы түгел.

-Бүгін сабақта «5» алуыңа тілектеспін.

-Рахмет.

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Балалар , үйге қандай тапсырма берілді? 6 тапсырма  және ережені жатқа білу. Ал,ендеше  есімізге түсірейік.  Буын жасаушы элементтер олар дауысты дыбыстар. Қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Орыс тілімен салыстырғанда қазақ тілінде буынның үш түрі бар.Олар: Ашық буын,тұйық буын ,бітеу буын.

Бір ғана дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталатын буындар ашық буын деп аталады. Мысалы: а-на,а-па.

Дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталса ол тұйық буын. Мысалы: от,ет,ай,ат.

Дауыссыз дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталса ол бітеу буын. Мысалы: сүт,шай, май, күн.

Ал,енді мына сұрақтарға жауап беріңдер.

-Қазақстанның қандай үлкен қалаларын білесің ?

-Қазақстанның қандай кішкентай қалаларын білесің ?

IV Жаңа сабаққа кіріспе:

Жақсы ,балалар үй тапсырмасына жақсы дайындалып  келіпсіңдер. Енді мен сендерге аудиотаспадан жақсы бір дүние тыңдатқым келіп отыр.

Таспадан не  туралы тыңдадыңдар? Астана туралы және Қазақстанның қалалары туралы. Астана еліміздің қай өңірінде орналасқан? Солтүстік. Дұрыс. Ал, Алматы қаласы ше? Оңтүстік Қазақстанда  орналасқан. Дұрыс. Ендеше қазір біз мына менің қолымдағы оралған қағаздардан алып, кімге Астана қаласы түссе бірінші топқа, Алматы қаласы қаласы түссе екінші топқа отырады.

V Жаңа сабақ: Жоғарда айтып кеткендей бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз қандай екен ? Қазақстанның  астанасы. Астананың кербез сұлулығын бір ауыз сөзбен жеткізу өте қиын сондықтан мына бейнебаянды тамашалайық.

Бейнебаян. Елім менің. Орындайтын: Алтынай Жорабаева.

Міне,өздерің тамашалағандай астанамыз қандай екен ? Астана қаласы еліміздің төртінші астанасы . Бірінші астанасы –Орынбор қаласы,екінші астанасы-Қызылорда, үшінші астанасы- Алматы қаласы,төртінші астанасы-Астана қаласы. 1998 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталды.

Қарап отырсаңдар балалар елордамызда көптеген әдемі ғимараттар бой көтерген. Олар зәулім сарайлар,қонақ үй,кешендер. Ал осы қаламызда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар: орыс,неміс, кәріс шешен тб. Ал бұлқаланы жастардың қаласы дейміз. Жаңа айтып кеткендей жоғарда сендер көптеген жаңа сөздер естідіңдер  солармен жақсылап танысайық.

Ендеше жаңа сөздерді қайталайық.

Сарай-дворец

Қонақ үй –гостиница

Кешен –комплекс

Ұлт-национальность

Жас-молодой(-ая,ое )

Орыс-руский(-ая)

Балалар оқулығымызда бізге диалог берілген екен кәне оқиықшы. Кім оқиды?

VІ Сергіту сәті.

VІІ Топпен жұмыс. Балалар мен сендерге мына аяқталмаған диалогті тапсырамын  сендер оны аяқтауларың керек.

VІІІ Дәптермен жұмыс.

Дәптерлерімізді ашайық. Бүгінгі күнді жазайық. Дәптерлеріңде берілген үлгіге қараңдар.

Қ

қ

қазақ

қазақ тілі

5 тапсырма. Сөздерді буынға бөліп,буын түрлерін ажырату. Тақтада орындау.

Мұ-ра-жай,са-я-бақ, ки-но-те-атр, са-рай-лар, ка-ни-кул, ба-ра-мыз, төр-тін-ші, қа-ла-сы,кө-ше-ле-рі.

Астана қаласының суреттері бөліктерге бөлініп беріледі оларды құрастырып,екі ауыз сөзбен астанамызға мінездеме беру.

ІX Сабақты бекіту:

Сонымен  Астана  деген  сөзді буынға  бөлейікші Ас-та –на ал енді буын түрлерін  ажыратайық.  Астанамыз қандай бір сөзбен айтайық. Әсем,әдемі,керемет.

X Бағалау: Өз көңіл-күйлеріңді мына смайликтермен білдірсеңдер.