Қазақстан халқы

Сабақ тақырыбы:  Қазақстан халқы.      Пәні: Дүниетану.    Сыныбы:  3 кл

Мақсаты: Қазақстанның көпұлтты мемлекет екендігіне көз жеткізу. Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық салт-дәстүрін, салыстырып, өз пікірлерін білдіруіне бағыт беру. Тақырып негізінде мәдениеттерін  қалыптастырып, сөздік қорлары мен ауызша сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жас ерекшеліктерін, ой-өрістерін негізге ала отырып, өз пайымдауларын жасауға мүмкіндік беру.Тапсырмалардың күрделену деңгейіне сәйкес сындарлы ойлау қабілеттерін арттыру.Бойларына халқымыздың қонақжайлылық, ынтымақшыл ,татулық қасиеттерін қалыптастыру. Өз елін мақтан тұтуға, құрметтеуге, достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:Сын тұрғысынан ойлау. Ақпаратты- коммуникативтік.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық және жұптық жұмыс түрлері. Блум таксономиясы, Венн диаграммасы. Ассоциация. «Ақылдың алты қалпағы», «Автор орындығы»

Нәтижесі: Әр оқушы ынтымақтастықпен жұмыс жасауға дағдыланады; бірін-бірі үйретуге машық-танады; әр түрлі көзқарастарды салыстырады, сынай алады; басқалардың пікірлерін құрметтеуге, бағалауға үйренеді;  ойлау, болжау, қиялдау қабілеттері артады; өзін-өзі ынталандыра алады; білім алуға деген ұмтылыс пен қызығушылықтары ашылады; білімдерін тереңдетеді және шоғырландырады.

Барысы:

Психологиялық тренинг.  «Дөңгелек бойында» тренингін жасаған соң шарлардың түсіне сәйкес үш топқа  бөлінеді.Топ басшылары сайланып,бағалау парақтары таратылады.Топ басшылары сабақ барысы бойына өз тобындағы мүшелердің сабаққа қатысымын мұғалімнің берген критерийлері бойынша белгілеп отырады.

  1. Қызығушылықты ояту. Оқушы назарын экранға аударып, өлең шумақтары оқылады. Қазақстандағы түрлі ұлттардың фотосуреттері көрсетіледі. Соған сәйкес балалар сабақ тақырыбын анықтап, өз әлдерінше ойларын қосады.Постерлер таратылады.Тапсырма:Ассоцация әдісі арқылы Қазақстандағы  ұлт өкілдерін сызбаға түсіру.

 

Қазақстан халқы

қазақ                                                         өзбек

 

 

орыс                                                             татар

 

 

түрік

украин

беларус               қырғыз т.б

 

Үш топтан шығып, өз постерлері бойынша пікірлерін айтады.Постерлер магнит тақтаға ілініп отырады.

  1. Мағынаны тану.

«Блум таксономиясы» бойынша тақырыпқа сәйкес алты түрлі сұрақ  алдын-ала дайындалып, таратылады.  /Оқушылар дайындалуға 7-8 минут уақыт беріледі/  Оқушылар сол сұрақтар бойынша оқулықтан және ізденгендері бойынша бар білгендерін айтып, бірін-бірі толықтырып, топтасып жұмыс жасайды.Ал мұғалім тек бағыт беріп отырады.

Сабақ «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша жүргізіледі.Қалпақ орнына түрлі-түсті галстуктер алынады.Әрбір түстің өзіндік білдіретін көзқарасы бар.

          Білу/ақ галстук/: Тақырып бойынша негізгі   статистикалық мәліметтерді сызбаға түсіру. Тақырыпқа сәйкес негізгі фактілер бойынша сөйлейді. Оқулықтан түсінгендерін қысқаша баяндайды.Тапсырма орындау кезінде автор орындығын пайдаланады.

        Түсіну/сары галстук/ : Қазақ халқының өзге ұлттармен достығы, қонақжайлылығы, мейірімділігі,бауырмалдылығы туралы айту. Өз ойларынан мысалдар келтіреді. Мысалы: Қытайдан көшіп келіп жатқан оралмандарды үй беріп,жұмыс беріп,барлық жағдайын жасап қарсы алу.Ал біздің қазақтардың  жағдайын басқа ел жасай ала ма, қалай ойлайсыздар?

        Қолдану/қызыл галстук/ : Қазақ халқын басқа ел халықтарымен салыстыру.  Мысалы: Біздің ауылда татар ұлты тұрады.Харисовтар отбасы.Бұл отбасын ауыл тұрғындары еш кемсіткен емес.Бір туғандай болып кетті.Олардың қазақ халқының салт-дәстүрінің бәрі болмағанымен, елу пайызын сақтайтынына сенімдіміз.Өйткені олар қазақ елінде тұрады./Осы тұста қазақ пен татар елінің ұқсастықтары мен айырмашылығын көрсету үшін Венн диаграммасы қолданылады.Ал өзбек еліне бара қалсаңыз,оларда өз ұлтынан басқаның сол  елде тұруына рұқсат етпейді.Демек,қазақтардың пейілінің кеңдігі. бауырмалдылығы осы жерде анық байқалады.т.б

         Талдау/қара галстук/ : Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері тату тұрады.Дегенмен кейде ұлттар арасында келеңсіз жағдайлар туындайды.Мысалы: Атырау,Ақтау облыстарындағы бұдан 1 жыл бұрын болған мұнай компаниясындағы жанжал. Бұл неден болуы мүмкін? деген сұрақ тасталады.Оқушылар өз пікірін қосып,білгендерін айтып,талдайды.

        Жинақтау /жасыл галстук/: Қазақтың ұлттық белгілері туралы айту.Қазақтың ұлттық тағамдары,ұлттық киім үлгілері туралы айтады. Егер мен дизайнер болсам, болашақта киім үлгілерін былайша тігер едім…

   Бағалау: «Қазақстандағы барлық халықтар ұлтының өзгешелігіне қарамай  қазақша сөйлесе екен!» немесе «Мен қазақ болып туғаныма қуанамын.»Үндеу хат немесе эссе жазу.

III.Рефлексия. Осылайша оқушылар арнайы сұрақтардың жауаптары төңірегінде ой бөлісіп,бірінің білмегенін бірі толықтырып,сабаққа қаншалықты қатысқандарын байқатады.Әр тапсырма орындалған сайын оқушылар ынталандырылып, «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.Балалр өз ойларын айтаып,жауап беру сәтінде «Автор орындығын» пайдаланады.Жүрекшеге тілектер жазып,  сабақты қорытындылайды. Сабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы көрсетеді. Бағалау парағы арқылы топ жетекшілері және мұғалім бағшырқалады.