Қазақ сахарасының жұлдыздары

53

Тақырыбы: Қазақ сахарасының жұлдыздары

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту, алған білімді жинақтау, батырлыққа, ерлікке, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сөздіктер кітапшалары және мақал-мәтел кітапшалары,  жеке сөздер (қазақ, сахара, жұлдыздар), ақын-жазушылардың суреттері,  Абайдың  қара сөздері, интерактивтік тақта, слайдтар.

Сабақтың түрі:  қайталау сабағы

Әдіс: ұжымдык, топпен, оқыту әдісі

                                

  Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңі

1-2 минут керекті құралдарын, орындарын тексеру.

2.Психологиялық дайындығы

3.Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге 9 сұраққа жауап іздеу беріледі. Сұрақтарды 4 топқа бөліп қоямын. Әр топ өзінше жауапты ауызша береді. Бағалаушы бағалау парағымен бағалап отырады. Слайд

 

Сұрақтар:

-19 ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінен шыққан қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?

-Абай кім? Ыбырай кім? Шоқан кім болған?

-Олардың халқына сіңірген еңбегі?

-Шоқан қай жерде, қай қалада оқыған?

-Ыбырай қай жерде оқыған?

-Ыбырайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

-Абай қай жерде оқыған? -Мектеп ашқан адам?

Тақырып бойынша жұмыс:Жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

 

Сөздік жұмысы:Әр топқа бір-бір сөзден беріп, оған қорытынды немесе ереже шығару. Слайд

1 топ: «қазақ»

2 топ: «сахара»

3 топ: «жұлдыздар»

4 топ: «қазақ сахарасының жұлдыздары»

Бір оқушы әр топтан жауап беріп отырады,өз топтарының атын қорғайды.

Слайд. Абай, Ыбырай, Шоқан

«Қазақ сахарасының жұлдыздары»

Тапсырма: Әр топ осы ақын-жазушыларға байланысты кітаптан жазылған әңгімелердің мазмұнын айтуға жаттығады:

1 топ: Шоқан Уәлиханов туралы С.Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесінің мазмұнын айтады,негізгі ойын ашады.

2 топ: Ыбырай Алтынсариннің «Дүниеде жамандық неден?»әңгімесі мазмұнына тоқталып,негізгі ойды анықтайды.

3 топ: Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңін жатқа мәнерлеп айтады.

4 топ: Абайдың қара сөздерін тауып, дәптерлеріне көшіріп, оның түсіндірмесін дайындайды.

Сергіту сәті:

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айту

Тақтамен жұмыс және дәптермен жұмыс:

«Қазақ сахарасының жұлдыздары»

Әлементтері Шоқан Ыбырай Абай
Зерттеуші, саяхатшы,этнограф Педагог, жазушы, инспектор Ақын, жазушы, композитор, аудармашы
Байланысы Халықты білімге шақыру, елінің тарихын зерттеу
Өз халқының ақыл-ой сезімін ояту, халықтың көзін ашу
Елінің заңдылықтары,  оқу-білім заңдылығын сақтау
Байланыс әдісі Зерттеу, саяхат жасау әдісі Ұйымдастыру, оқытудың әдістері Тәрбиелеу әдістері, үгіт-насихат
Нәтижесі Елінің тарихын, салтын зерттеді,өшпес мұра қалдырды. Мектеп салып балаларды оқытты, кітап жазды Өлең, тақпақ, қара сөздер жазды, ел билеу ісіне араласты

 

Бұл таблицаны құрастыруда әр топтан 1 оқушы шығып кестенің екі жолын толтырады.

Бекіту: слайд

Сұрақтар:

  1. Шоқан кім?
  2. Ыбырай кім?
  3. Абай кім?
  4. Олардың халқына тигізген пайдасы?

Слайд:Тапсырмалар

1-топ:«Қыран қырды аңсамай тұра ала ма?»(эссе жазу)

2-топ: «Жаман-жақсы» (топқа бөліп жазу)

3-топ:«Жағымды-жағымсыз» (топқа бөліп жазу)

4-топ:Абайдың табиғат туралы өлеңдерін жатқа айту

 

  1. Мақал-мәтел айтысынан мысалдар келтіру

2.«Бес жол өлең» құрастыру

3.«Өзің  жалғастыр» өлең шумағының ұйқасын тауып, аяқтау.

4.Тест сұрақтарына жауап алу

 

Қорытынды:слайд

Оқушылар өздері сабақта не істегендерін, қандай нәтижеге жеткендерін айтады.

Жаңа проблема туындады: Абайдан кейінгі жазушылар кімдер?

Үйге тапсырма: слайд

Абайдан кейінгі қазақ даласынан шыққан ақындар мен жазушыларды іздестіруге, соның ішінде С.Торайғыров туралы мәліметтер жинау.

Бағалау: слайд