Кәсіптік мерекелер

107

Тақырыбы: Кәсіптік мерекелер

Мақсаты:          

  1. Балалардың кәсіптік мерекелер туралы  түсініктерін  қалыптастыру.
  2. Оқушыларға талдау және жинақтау әдістерін орындауды үйрету, ой-өрісін кеңейту, өз пікірлерін еркін білдіруге үйрету.
  3. Оқушыларды кәсіп жұмыскерлерді құрметтеуге үйрету

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: шахтёр, дәрігер, құрылысшылардың суреттері, портреттер.

Кезеңдері Өту  барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

 

 

 

 

Ауа- райын бақылау

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын сұрау

Кубизм әдісі

 

 

 

Ребус шешу

 

 

Жаңа сабақ

Сұрақ-жауап

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімелесу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сахналау (ойдан шығару)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

Оқулық бойынша жұмыс.     

Тізбектеп оқу

Сұрақ жауап

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

Кластер

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс

 

 

 

 

 

 

Бекіту

Гүл сыйлау ойыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

 

 

Үйге тапсырма.

 

Бағалау.

-Сәлеметсізбе балалар!

-Көңіл-күйлері қалай?

-Ендеше дүниетану сабағымызды мынау өлең жолынан бастайық.

—  Құрылысшы, мұғалім мен дәрігер,

   Үй салар, бала оқытар, адам емдер.

   Адамның қажетіне жарап жүрген,

   Мамандық иелері — нағыз ерлер.

-Өте жақсы балалар орынарына отырыңдар

-Балалар сабақты бастамас бұрын бүгінгі ауа-райын бақылайық.

-Балалар, аспаның күйі қандай бүгін?

-Ал ауаның температурасы?

-Жауын шашын қандай?

-Жел бағыты?

-Судың күйі?

-Жарайсындар балалар.

-Балалар үйге не берілді?

-Жарайсыңдар, мен қазір сендерден үй тапсырмасын кубизм әдісі арқылы сұраймын. (Кубикті айналдыру арқылы кем дегенде 6 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау )

-Тамаша, балалар, үй жұмысына жақсы дайындалып келіпсіңдер.

-Қанеки балалар енді назарымызды тақтаға аударыңдар!

Тақтада не көріп тұрсыңдар?

-Ендеше бүгінгі жаңа тақырыпты ашуға бізге осы ребусты шешу керек.

-Қандай бізде сөз шықты?

-Мерекелер.

-Балалар мереке дегеніміз не?

-Ал қандай мерекелердің түрлері бар?

-Дұрыс балалар бізде халықтық мерекелер, халықаралық мерекелер және кәсіптік мерекелер бар.

-Қандай халық мерекелерді білесіңдер?

-Ал халықаралық қандай мерекелер түрлерін білесіңдер?

-Ал кәсіптік мерекелер ше?

-Жарайсыңдар!

-Балалар бүгінгі біздің сабағымыз кәсіптік мерекелерге арналған.

-Балалар біз мерекелерді өте жақсы көреміз. Бізге мереке күндерінде демалыс береді. Мерекелер келгенде біз оған дайындаламыз  шашымызды жөнге келтіреміз, киім дайындаймыз, мерекелік ас дайындаймыз. Қонақтарды, туған- туыстарды, достарымызды, таныстарымызды қонаққа шақырамыз.

-Халық мерекелерге 22 наурыз, 8 науырыз, Тәуелсіздік күні және басқалары. Ал сонымен бірге кәсіптік мерекелер бар. Жыл сайын әр түрлі мамандық иелері- дәрігерлер, мұғалімдер, полиция, шахтерлер және т.б өз мерекелерін тойлайды.

-Мысалы мұғалім күні қазаның 1 жексенбісі, полиция 26 мауысымда, энергетик  22 желтоқсанда, дәрігерлер 17 мауысымда, ғарышкерлер  12 сәуірде, шахтерлер 26 тамызда өз мерекелерін тойлайды.

-Балалар қазір мен сендерді алты топқа бөлемін.

1-топ — мұғалімдер

2-топ — дәрігерлер

3-топ — шахтёрлер

4-топ -энергетиктер.

5-топ-ғарышкерлер.

6-топ- полиция болады.

-Балалар әр топ өз мамандықтарының маңызын, кәсіптік мерекелерінің қашан  және қалай өткізілетінін ортаға шығып баяндап береді.

-Жарайсыңдар!

 (видеобейне қосылады, сергіту сәтін жасаймыз)

-Енді орыңымызға отырамыз!

-Балалар енді кітаптағы 132 бетін ашып, «Кәсіптік мерекелер» мәтінді бір рет оқып шығамыз.

-Енді тізбектеп оқиық.

-Қанеки енді осы мәтінге байланысты сұрақтарды оқиды және оған жауап берейік.

— Мереке күндері түрлі мамандық иелеріне қандай сыйлық, атақтар табыс етіледі?

— Жиын-терін мерекесі қалай өткізіледі? Оны неліктен «Сабантой» деп атайды?

— Кәсіптік мерекелер кім үшін өткізіледі?

-Балалар енді барлығымыз дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, бүгінгі тақырыпты жазайық. Асықпай әдемілеп жазып аламыз.

-Енді дәптерімізге мерекелер деп кластер сызамыз.

                                                                

Мерекелер

Кәсіптік мерекелер                                  Халық мерекелер

(Сабантой,                                               (тәуелсіздік күні,

Шопандар тойы,                                      конституция күні,

Мұғалімдер күні)                                      22 наурыз)

                             Халықаралық мерекелер

                               (8 наурыз, жаңа жыл)

Балалар енді  дәптерлерімізге «менің болашақ мамандығым» деп эссені жазамыз.

-Балалар сендер өз мамандықтарының маңызын, кәсіптік мерекелерінің қашан  және қалай өткізілетінін туралы жазуыныз керек.

(балалар жазған соң тақтаға шығып оқиды)

-Балалар кәнеки тақтаға назар аударыңдар!

-Тақтада қандай маман иесі ілініп тұр?

-Дұрыс бұл мұғалім. Жәй мұғалім емес, бұл біздің Анар апайымыз.

-Балалар бір айдан кейін сендер демалысқа шығасыңдар. Және бір жыл Анар апайыныз сендерге білімдеріңіз берген үшін, оған алғысымызды білдіру үшін,  гүлді сыйлауымыз керек.

-Осы гүлдердің артында сендерге бүгінгі тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар бар.

-Қанеки балалар, дайыңсындар ма?

-Халықтық мерекелерді ата.

-Халықаралық мерекелерді ата.

-Кәсіптік мерекелерді ата.

-Мұғалім күні қашан мерекеленеді?

-Қырман тойы қашан тойланады?

-Шапандар тойын қалай тойланады?

-Сенің ең жақсы көретің мереке. Неліктен?

-Тамаша балалар, міне біз жаңа сабағымызды бекіттік!

— Сабақта не туралы айтылды?

— Бүгінгі сабақта нені білдің?

-Қандай көрмеде болдық?

-Сабақ ұнады ма?

   -Қанеки балалар күнделіктеріңізді ашып, үйге 132  беттегі «Кәсіптік мерекелер» мәтінді оқу.

-Балалар қатысулары бойынша бағаланады.