Қозғалысқа және өнімділікке берілген есептерді қайталау

89

Тақырыбы: Өткенді қайталау.

Мақсаты: қозғалысқа және өнімділікке берілген есептерді қайталау,  өткен есеп түрлерін шешу  қабілеттерін бекіту;

есептеу дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

оқушылардың топпен жұмыс атқару дағдыларын жетілдіріп,

өздігінен жұмыс  істеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: ойын, топтық жұмыс, тест

Көрнекілік: Сөзжұмбақ, ребус, үлестірмелік қималар.

 

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу. Топ ішінен бір оқушыны мұғалімдікке сайлау.

ІІ. Дайындық кезеңі.

  1. «Мұғалімдерге» тапсырма.

 

Шерлоқ Холмстың Ватсонға арналған сөздерін табу.

 

 

 

 

Кәне, есептейік!
Холмс не деді екен?

 

 

  1. Қалған оқушылармен ауызша есептеу.
  • Ең үлкен 5 таңбалы сан ең кіші 5 таңбалы саннан қанша артық?
  • Ең кіші 4 таңбалы сан ең үлкен 4 таңбалы саннан нешеге кем?
  • 6248 х 500 тиімді тәсілмен есепте ( 6248 х 1000 : 2)
  • Сөзжұмбақ шешу.

 

 

  1. Сабақтың ұранын шығару.
  • «Барлығы оңай, Ватсон!» — Ш. Холмстың айтқан сөзі. Ендеше бұл сөздер бүгінгі сабағымыздың ұраны болсын. Өйткені, сабақ үстінде   тапсырмалардың барлығы бізге таныс, ондай есептерді, мысалдарды, теңдеулерді біз өткен болғанбыз. Жұмыстарына сәттілік тілеймін!
  1. Консультация беру.

«Мұғалімдерге» міндеттерін түсіндіріп, «топ журналы» беріледі. Топ ішіндегі оқушылардың жұмыстары бағаланып, соңында қорытынды баға шығарылады.

Аты №1 №2 №3 №4
         
         
         
         
         

 

ІІІ. Топ ішінде жұмыс.

Оқушылардың алдына бірнеше тапсырмалар ұсынылады.

Соның ішінде:

  • Математикалық диктант;
  • Тест;
  • Қозғалысқа берілген есеп;
  • Өнімділікке берілген есеп;
  • Жай есеп;
  • Күрделі теңдеулер;
  • Амалдарды орындау;
  • Геометриялық материал;

 

«Мұғалімдер» өздері қалаған тапсырманы өз топтарына ұсынып, тақтаға, дәптерге орындатқызады.

Тапсырмаларды таңдау кезеңі

 

Мұғалім бұл жерде тек бағыт беруші рөлінде болады.

 

Есептеуді білемін!

 

 

 

Мұғалімсіз болмайды!
Топ ішінде жұмыс

 

 

 

 «Топ журналын» да толтыруға үлгеру  керек!

 

«Мұғалімдер» тексеру үстінде

 

 

                Барлығы мұғалімнің бақылауында!

 

 

 

 

 

  1. Қорытынды.

Әр «мұғалім»  оқушыларын бағалап, ұстазға жұмыс есебін береді.

  1. Рефлексия.

— Сабақ ұнады ма?

— Не қызықтырды сендерді?

— Мұғалімдерін баға қойған кезде әділдік көрсетті ме?

— Мұғалім болу ұнады ма ?

— Қиыншылық болды ма?(оқушылар өз  пікірлерін ортаға салып, әңгімелеседі)