Қарсы мәндес сын есім

66

Сабақтың тақырыбы:  Қарсы мәндес сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу

                                                    жолын және басқа да сын есімдерден

                                                     айырмашылығын түсіндіру.

Тәрбиелік:  оқушыларды еңбексүйгіштікке, сауатты таза  

                                                 жазуға ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: балалардың танымдық және шығармашылық 

                     ойлау қабілетін дамыту. Сөз таптары туралы 

                     түсініктерін кеңейту.

Сабақтың типі:   өтілген материалды бекіту.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі:  сын тұрғысынан ойлауды дамыту және деңгейлеп

                                           саралап оқыту технологияларының әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:  плакаттар, суреттер, тест

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  2. Оқу құралдарын түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.
  3. Балаларды деңгейлеп топтарға бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

441 – жаттығуды тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

  1. Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
  2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

ІV. Жаңа сабақ.

а) Қызығушылығын ояту.

— Біз бүгінгі сабағымызда 442 – 445 жаттығуларды орындаймыз. Сабақ төрт

кезеңнен тұрады.

  1. Ережені ескеріп
  2. Тапсырманы орында
  3. Біліміңді тексеріп
  4. Әңгіме жаз соңында.

ә) Мағынаны таныту.

  1. Ережені ескеріп. Тірек сөздерді пайдаланып ереже жазу.

а)  Заттың сыны, сапасы

ә)  Қандай? Қай?

б)  Көк, көкшіл

в)  Жарық – қараңғы.

Оқушылар бұл тірек сызбаға сүйеніп мынадай ереже жазулары тиіс.

  1. Заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін білдіретін сөз табын сын есім дейміз.
  2. Сын есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.
  3. Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сөзден болған сын есімді негізгі, ал туынды сөзден болған сын есімді туынды сын есім дейміз.
  4. Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сын есімді қарсы мәндес сын есім дейміз.
  5. Тапсырманы орында.

І топқа.     442 – жаттығу

Мейірімді, қайырымды.

Әдемі, сұлу, көркем.

Инабатты, әдепті, сыпайы.

Жус, момын.

ІІ топқа.    443 – жаттығу.

Самал жел, салқын жел

Ақ қар, ұлпа қар.

ІІІ топқа.     444 – жаттығу.

Терең – тайыз, ыстық – суық, адал – арам, жуас – тентек, жұмсақ – қатты,

жуан – жіңішке.

ІV топқа.       445 – жаттығу.

Тәртіпті бала – сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала – күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс, айқай – шу.

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды қылық байқайсың.

  1. Біліміңді тексеріп. Тест тапсырмаларын орындау.

І топқа.

  1. Туынды сын есімдерді тап.

а) білгіш, айтқыш, байқағыш      ә) өнерлі, таза, әдемі        б) үлкендеу, ақыл, айна

  1. Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.

а) жазық                     қыз                              б) сұр                    қой

ә) бойшаң                  дала                             в) жуас                  қоян.

  1. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді қандай сын есім дейміз?

а) туынды                  ә) негізі              б) қарсы мәндес.

ІІ топқа.

  1. Туынды сын есімдерді тап.

а) көк,  ақылды, қызғылт      ә) тәртіпті, аппақ, қызғылт     б) өнерлі, саналы, таулы

  1. Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.

а) қалың                     көйлек                        б) биік                  сөмке

ә) ұзын                       кітап                           в) ауыр                 тау.

  1. Мағыналары қарама – қарсы сын есімді қандай сын есім дейміз?

а)  негізі                  ә) қарсы мәндес           б) туынды.

ІІІ топқа.

  1. Туынды сын есімдерді тап.

а) тәртпті, инабатты, мейірімді      ә) үлкен, қысқа, дала      б) биші, өнерлі, таза.

 

  1. Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.

а) қызық                    жапырақ                     б) самал                 бұлт

ә) жасыл                    кітап                           в) қою                     жел.

  1. Түбір сөзден жасалған сын есімді қандай сын есім дейміз?

а) туынды                  ә) негізі              б) қарсы мәндес.

ІV. топқа.

  1. Туынды сын есімдерді тап.

а) жаман, ащы, асыл       ә) адал, өнерлі, әсем        б) айтқыш, ақылды, саналы.

  1. Сын есімдерді тиісті зат есімдермен сызықша арқылы қос.

а) үздік                       әже                              б) терең                жіп

ә) кәрі                        оқушы                          в) жуан                құдық.

  1. Сөздерді әр сөз табына топтап жаз.

Жасыл, алма, су, жауды, аппақ, келді.

а)  зат есім

ә)  сын есім

б)  етістік.

  1. Әңгіме жаз соңында.

Сурет бойынша әңгіме жазғызу.

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Сын есім дегеніміз не?
  3. Негізгі сын есім дегеніміз ше?
  4. Туынды сын есім ше?
  5. Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?

VІ. Үйге тапсырма.

Үйге «Ауа райы» туралы шағын әңгіме жазып келеміз.

VІІ. Бағалау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.