К дыбысы мен әрпі

80

Тақырыбы: К дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: К дыбысы мен әрпі.

Дыбыстық буындық талдау жасау. К дыбысын сөз ішінен бөліп алып жеке дыбыстату. Дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. К әрпінің баспа және жазба бас және кіші әріптерін таныту. Мәтінмен жұмыс жасау.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, түсінігін айтып беру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке сөздік қорларын молайту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көркемділік: кеспе әріптер суреттер буклеттер буынды сөздер.

Көркем сөз: мақал

Сабақтың түрі; аралас сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың сабаққа қатысуы.
  2. Оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Е дыбысы мен әрпі

  1. Е дыбысы қандай дыбыс
  2. Емен сөзінде неше буын бар?
  3. Неше? сұрағына жауабы.

— бес белбеу

— алты ер

Нешеу? сұрағының жауабы

— белбеу – бесеу

— ер –алтау.

 

Кітаппен жұмыс.  Схема бойынша оқыту «Емен» мәтінін оқыту. Тізбектеп оқыту. Түсінік сұрау.

ІІІ. Үй тапсырмасын қортындылау барысында. Қай әріп жоғалды? Ойынын ойнату, сергіту сәті.

  1. Жаңа сабақ: Ой қозғау.

Кіріспе әңгіме: Сурет бойынша

Көбелек сөзіне ассосациялық аймақ құру

к

 

 

қызыл

гүлге             Көбелек

әдемі

 

ұшады

 

 

кө-бе-лек сөзіне буындық талдау жасау

а) Сурет бойынша сөйлем құрастыру

1) Кеме – суда жүзеді.

2) Кеме – ағаштан жасалады

Кеме сөзіне дыбыстық буындық талдау жасау. Кеме, кесе, күрек суреттері арқылы өздеріне таныс емес к дыбысымен таныстыру. К әрпінің белгіеуі, баспа жазба түрімен таныстыру дауыссыз дыбыс екендігін аңғарту.

К дыбысын хормен айтқызу

Ауада жазу

Кеспе әріптерін көрсетіп, қалтаға салу

 

б) «Дыбысты ұстау» ойынын ойнату.

Кеме, кесе, күрек, көйлек…..

в) тағы қандай к дыбыснан басталатын сөздерді білесіңдер.

  1. «Киіз үй құрастыру» ойынын ойнату
  2. Дидактикалық ойын «Сөз ойла» жаппай оқушылармен жұмыс Кеме сөзін 2 қатар кеспе әріптермен жазу, оқушыға оқыту.

VII. Оқулықпен жұмыс

Бағанадағы сөздерді оқыту, түсіндіру «Кеме» мәтінін оқыту мағынасына тоқталу.

  1. Тізбектеп оқыту, хормен оқыту, жеке оқушыға оқыту.

Ке-бе-же, ке-се, ше-лек сөздерінен к дыбысының орны, қанша  буыннан тұратынын, нешінші буында.

Дәптермен жұмыс

К әрпінің жазылу әдісімен таныстыру. Тақтамен жұмыс. Жеке баламен жұмыс. Жұмбақ шешу

Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

 

Қортындылау, бағалау

Үйден! К дыбысы мен әрпін оқып, сөздерді ойлап келу.

  1. Мәтінді түсініп оқып келу.