Пропорция туралы түсінік.Таңғажайып жануарлар

192

Сабақтың тақырыбы: Пропорция туралы түсінік.Таңғажайып жануарлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға пропорция туралы түсінік беру Құстардың, жануарлардың

пропорциялық ерекшеліктерімен таныстыру. Олардың пропорцияларын дәл

беріп, бейнелеуге үйрету.

Тәрбиелілігі: Құстар мен жануарлардың түсі, пішіні мен дене бөліктерін сәйкестендіру

арқылы олардың айырмашылығын байқауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың бейнелі ойлау, қол икемділігі, пропорциямен жұмыс

істеу қабілеттерін қалыптастырып дамыту.

Сабақтың түрі: топтық

Пәнаралық байланыс: Дүниетану. Ана тілі.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сурет салу, кітаппен жұмыс, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, «Сергіту сәті», суретті карточкалар,құстың

бейнесі, үнтаспа.т.б.

 Қажетті құралдар. Карандаш, сурет дәптер, түрлі түсті бояулар, бояу тақта, су құятын

сауыт, қол орамал т.б. заттар.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

Сурет салған кезінде оқушылардың бейнелі ойлау, қол икемділігі, пропорциямен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырып дамыту, заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі.

А) Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.

Б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

А) Оқушының сурет альбомын қарап бағалау.

Ә) Өтілген тақырыптан негізгі ұғымдарды еске түсіру.

  1. Композиция деген не?
  2. Композицияның түрлерін ата?
  3. Композицияның басты бөлігін қалай айқындауға болады?
  4. Пейзаж деген не?

5.Пейзаж салудың алдында нелерді еске түсіреміз?

6.Күзгі пейзажды суреттеген қай ақынның өлеңін білесің?

3.Жаңа сабақ: а) теориялық бөлім:

Пропорция туралы түсінік.

Танғажайып жануарлар.

Пропорция сөзі латын тілінен аударылғанда «арақатынас» немесе «шамалас» деген ұғымды білдіреді. Бейнелеу өнерінде «пропорция» деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады. Әр нәрсенің пропорциясы оның құрлысының ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның пропорцияларын биіктігінің көлденеңіне, бір бөлімінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет. Сурет салғанда жалпыдан жекеге көшу принципін ұстану керек. Оқулық бойынша таңғажайып жануарлар мен құстардың фото суреттерін  тамашалап, олардың пропорциясының ерекшеліктері туралы айту суретшілер ойша немесе натурадан сурет салған кезде бейнеленетін дененің пропорцияларын дәл беруге тырысады.Ал, ойыншықтың долбарын немесе иллюстрация жасаған кезде пропорцияны сақтамайды.

Керісінше, оның жасаған кейіпкерлері мен ойыншықтары қызықты, ерекше ойда қалатындай болуы үшін, пропорцияларын өзгертіп, әсерлі варианттар іздейді.

Ә) Машықтық жұмыс.

Оқушыларға жақсы көңіл — күй сыйлау мақсатында үнтаспадан музыка ойнап тұрады.

Оқулықтағы суреттерден құсты және жануарды тапсырма бойынша бейнелеу. Жұмысты аяқтаған соң, балалар суреттерді салыстырып қай жұмыс әсерлірек шыққанын анықтайды.

  1. Сергіту сәті. Бұнда біз бойымызды, ойымызды сергітіп аламыз.

Мынау сары қарындаш,

Мұнымен күнді бояймын.

Мынау қызыл қарындаш,

Мұнымен гүлді бояймын.

Мынау жасыл қарындаш,

Мұнымен жерді бояймын.

Мен суретші боламын,

Қарындашты аламын.

Неше түрлі бейнені,

Әдемілеп саламын.

  1. Өзіндік жұмыс «Кім жылдам?» ойыны. Геометриялық фигуралармен жұмыс. Фигураларды пайдаланып, түрлі бейнелердің суретін салу.

7.Қорытынды бөлім.

Сабақты «Құс ұшыру»  сұрақ- жауап ойыны арқылы қорытындылаймыз.

Оқулықтағы құстар жайлы. олардың ерекшеліктерін кім айтады?

Тукан, бірқазан, қоқиқаз, жапалақ, тауыс туралы әңгімелеп айтады?

Жануарлар туралы кім айтады?

Керік, сусиыр, түйе туралы кім әңгімелеп айтады?

Құстар, жануарлар жайлы өлең тақпақ, жұмбақтар білетіндерің бар ма?

  1. Үйге тапсырма.

Осы құстар мен жануарларды салған суретті аяқтап, бітіріп келу.

9.Бағалау: сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау.