Санды 7-ге көбейту және бөлу

Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:

  • 7-ге көбейту және бөлу тәсілімен оқушыларды таныстыру.7-ге бөлу,кеміту, есе арттыру, есе кемітуге арналған есептер шығару.
  • 7 санына байланысты өзгермейтін ұғымдарды, қасиетті дәстүрді атай отырып, 7-ге көбейту кестесін құру. Ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ой-өрісін, ауызша есептеу қабілеттерін дамыту.
  • Сабақ үстіндегі әрекеттерді орындай отырып, ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу, ұйымшыл болуға, ата дәстүрді қастерлеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, ойан-сұрақтар.

пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, қазақ тілі.

Көрнекілігі :дидактикалық материалдар, сабақ эпиграфы жазылған плакат.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз!

-Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әр ісімізге сәттілік!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?(Кезекші оқушы оқушылардың дәптерлерін жинап алып тапсырады, үй тапсырмасының орындалуы туралы есеп  береді.)

Санды 6- ға  көбейту және бөлу  жағдайына  байланысты  ауызша  есептеулер.

     « Кім  зерек?» ойыны  арқылы өтілген көбейту  кестесін  пысықтау.

  • 6*3 = 18

4569                   6*9 = 54

8864                    6 *8 = 48

2504                    5*4 = 20

— Басқа  қандай  теңдіктер  шығарып  алуға  болады? Енді   мынадай  сұрақтарға жауап  беріп  көрейік:

  • Адам 1 күнде   30 000 адым  жасайды  екен. 6 күнде  шамамен қанша  адым  жасайды?        30 000*6= 180 000
  • Еңбекқор жәндікті  білеміз  бе? Иә, құмырсқа 1 күнде 20 000 дәнді  жердің  астына  тасиды. 6 құмырсқа 1  күнде  қанша  дән  тасуы мүмкін?

6 * 20 000 = 120 000

— Ал , осы  6 цифры  туралы не  айтар  едіңдер? (өлең, мақал, мәтіннен  үзінді)

  1. Сабақтың мақсатын хабарлау .

—  Балалар, бүгін  санды  7 – ге  көбейту, бөлу  жағдайларын  қарастырамыз.  Сабағымыздың  ұраны Саққұлақ  бидің мына  нақыл сөздері  болмақ:

Адамның  басшысы   — ақыл,

Жетекшісі – талап,

Жолаушысы – ой,

Жолдасы – кәсіп,

Қорғаны  — сабыр,

Қорғаушысы – мінез,

Сынаушысы   — халық..

Осы  7 нәрсені жадымызда  сақтайық. Істі  ақылмен  істеп, талаптанып, ой  елегінен  өткізіп, бір  кәсіппен  тұрақты  айналысып, сабырлы  болсақ, мінезіңе  ие  бола  білсең, міне артыңда сынаушың – халқың отыр. Атам  қазақ  7 санын – киелі  сан  деп  атайды. 7 санына  байланысты  ұғымдар  аз  емес. Қане, ойланайықшы, өздерің не  айта  алар  едіңдер?

 

       Негізгі  түсінік    Қосымша  түсінік
Оқушылар 7 санына  байланысты  өз білетіндерін  жазады.

 

—     Жеті  нота – жеті  дауыс (до, ре, ми, фа, соль, ля, си.)

  • Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
  • Жеті нан  пісіру.
  • Жеті қазына (Ер жігіт, сұлу  әйел, ақыл – білім, жүйрік  ат, қыран  бүркіт, берен  мылтық, жүйрік  тазы)
  • Жеті ата (Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп  ата, тек ата. Ата, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.)
  • Жеті қарақшы
  • Жеті керемет ( Египет пирамидасы, Вавилон  аспалы  бағы, Зевс мүсіні, Родос алыбы, Александрия  манары, Артемида  храмы, Галикарнас мавзолейі), Тәуке  ханның  7 жарғысы, Жетіген  аспабы, Жетісу, Жеті  ғалам, жеті  жұт, жеті  жоқ, жеті  жетім, жеті  қат  көк, жеті  қат  жер, т.б.
  • Ал өздерің 7 цифрына  байланысты не  айтар  едіңдер? (балалар  жауабы)

«Жеті  рет  өлшеп, бір  рет  кес», «Жеті  атасын  білген  ер, ел – жұртының  қамын  жер», «Жігітке  жеті  өнер  де  аз, жетпіс  жеті  өнер  көп  емес».

4.Түсіндіру.

Көбейту  дегеніміз  — бірдей  қосылғыштардың  қосындысы.

 

7*7 =  7*6+7 =  49

7*8  =  8*6+8   =56

7*9 =9*6+9 =63

7*10 =10*6+10 = 70

 

49 – болмасын  соғыс.

56 – оқы  есеп  шартын.

63 – жинап  алдық  бойға  күш.

70 – біз  бітірдік  үлкен  іс.

Бөлу  амалымен өрнек  құру.

49:7 =7

56:7 =8

63:7=9

  1. Оқулықпен жұмыс.

87 – бет.№2 Салыстыр,  ұқсастығы мен  айырмашылығын  тап.

1тонға – 7тері                                    1 құлақшынға – 2 тері

7 тонға- ? тері                         63 тері    7құлақшынға  — ? тері       ? тері

Қалғаны-? тері                                     Қалды – 12 тері

Ш: 63 – 7*7 = 14                                 Ш: 7*2+12 =26

Ж: Шеберханада 14 тері  қалды.            Ж: Барлығы 26 тері.

 

Ұқсастығы  — теріден  тігіледі, 2 амал.

Айырмашылығы —  тон – құлақшын,  қалғанын – барлығын  табу.

№3. Өрнектер құрып, мәнін  табу. Тақтада  талдана  отырып  4 оқушы  шығарады.

9*7 =63

63:9 = 7

63: 7=9

7*9 = 63

№4 ауызша  орындалады. Қай  өрнектер  7 – ге  көбейту  кестесінде  кездеседі?

6.Сергіту  сәті «Компьютер  ойнайық».

 

 

Х

354
 6
 8
 7

 

№6. Математикалық  диктант  түрінде орындалады.

7 – ге 21 мен 7 – нің бөліндісін  қос.

7 мен  21 – дің  қосындысын 7   есе  кеміт.

7 –ге 49 бен 7 –нің  бөліндісін  қос.

 

№7. Көрнекілік  арқылы орындалады. Қандай  сандардың  көбейтіндісі  24 –ке  тең  болады?

4*6

 

 

222224

8*3                                                    12*2

 

 

 

 

24*1

 

 

 

7.Шығармашылық  тапсырма:

Талғат  атасынан: Сіз неше  жастасыз? – деп  сұрады. Атасы : — Егер менің  жасымды 7 есе  кеміткенде шыққан  санды 7 –ге  кемітсең, 2 шығады. Менің  жасым  нешеде  екенін  таба  ғой, —  депті. Талғаттың  атасы  неше жаста?

Х : 7 – 7 =2

Х : 7 =2+7

Х : 7 =9

Х = 7*9

Х  = 63   Ж: Атасы 63  жаста.

8.Сабақты  қорытындылау:

 

 

               Негізгі  түсінік    Қосымша  түсінік
Оқушылар  сабақта алған  жаңа  ұғымдарын  жазады.

 

 

Қадір Мырзалиевтің «Жеті»  өлеңін оқу.

9.Оқушылар  білімін  бағалау.

  1. Үйге тапсырма: №5 мысалды  орындау, 7 – нің көбейту кестесін жаттау