Тік төртбұрыштың ауданы

1001

Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы

Сабақтың мақсаты:Тік төртбұрыштың ауданын табу ережесімен таныстыру.

1.Тік төртбұрыштың ауданын табуды үйрету.

2.Ойлау,сөйлеу,есеп шығара білу қабілеттерін дамыту.

3.Таза,әдемі жазуға жолдастыққа,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,флипчарт,слайдтар.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Ауызша есептеу.

4.Жаңа тақырып.

5.Кітаппен жұмыс.

6.Қорытынды.

7.Бағалау. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: -сәлеметсіңдер ме, балалар? Біздің бүгінгі математика сабағымыз ерекше болып өтейін деп тұр.Өйткені,біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Барлық күш-жігерімізді салып , білімімізді көрсете білейік.Ендеше сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтып,көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

1-слайд. «Күн шуағы». Тақтадағы тілектерді оқып шығайық.

-Өте тамаша.Енді үй тапсырмасына шолу жасайық. 2-слайд.

Х+46= 215                                       х-92=120

Х =169                                             х=212

-Жақсы.Бүгінгі сабағымызды ауызша есептеуден бастайық.(2-слайд)

 

 

-Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Тік төртбұрыштың ауданы» деп с\аталады.(слайд 4)

Аудан туралы не білесің?Бір фигураның ауданын білу үшін фигураны келесі фигураның үстіне қойып,үлкен-кіші екенін білеміз.

Мысалы:1)Үшбұрыштың ауданы дөңгелектің ауданынан үлкен.

2)Тік төртбұрыштың ауданы үшбұрыштың ауданынан үлкен.

3)Дөңгелектің ауданы тік төртбұрыштың ауданынан үлкен.

-Ауданның өлшем бірлігі не?  Ауданның өлшем бірлігі квадрат сантиметр.

-Тамаша.Енді тақтаға назар аударайық.(слайд 5). Не көріп тұрсыңдар?(тіктөртбұрыш).Тіктөртбұрыш неше шаршыдан құралған? Неше қатар бар? Неше баған бар?Қалай тез есептеуге болады? Ендеше,осыдан мынандай ереже шығаруға болады:Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығы мен енін көбейтеміз. Яғни, Ауданы ұзындығы *ені. Мысалы,тіктөртбұрыштың ұзындығы 3 см,ені 5 см болса,оның ауданы қанша болады? 15см кв.Қазір мына кестеге назар аударайық. Флипчарт 1.№2

.

Тіктөртбұрыштың ұзындығы Тіктөртбұрыштың ені Тіктөртбұрыштың ауданы
9 см 3см ? см кв.
? см 4 см 28 см кв.
10 см ? см 30 см кв.

 

Флипчарт 2. №3.

 

Тіктөртбұрыштың ұзындығы Тіктөртбұрыштың ені Тіктөртбұрыштың ауданы
6 см 4 см ? см кв.
? см 3 см ? см кв.            бірдей
6 см ? см ? см кв.

 

-Көп рахмет.Енді №6 есепке назар аударайық.. Флипчарт 3. №5.

24:4+6*3 =24                              500:5-50*2= 0                           90*5-900:3 =150

200*4:8-50= 50                           30*8+16-200= 56                      40*2+20+100 =200

Флипчарт 4. №6.

Ұзындығы-4 м

Ені-?,2 м қысқа

S-?

Шешуі: 4-2=2(м, ені)

4*2=8 м кв.

Жауабы: Тұскиіздің ауданы 8 м кв.

-Сонымен тік төртбұрыштың ауданын табу үшін не істейміз?

-Ұзындығын табу үшін не істейміз?

-Енін табу үшін не істейміз?

-Қазір сабақты қалай меңгергенімізді тест арқылы тексерейік.

Сұрақтары: 1.Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы 4 см ,ал ені 2 см болса, оның ауданы неше кв. см болады? А) 6 см кв.     б) 8 см кв.            в) 10 см кв.

2.Егер шаршының қабырғасы 3 см болса, оның ауданы неше см кв. болады?

А) 6 см кв.                   в)7 см кв.            с) 9 см кв.

3.Егер тіктөртбұрыштың ауданы 15 кв. см болса, ал ұзындығы 5 см болса, оның ені неше см болады?  А) 3 см                    в) 5 см                      с) 4 см

4.Егер тіктөртбұрыштың ауданы 12 см кв., ал ені 3 см болса, оның ұзындығы неше см болады? А) 4 см                          в) 6 см                     с) 2 см

5.аудан бірлігін көрсет.        А) дм                      в) см кв.                с) м

-Өте тамаша. Енді тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін Венн диаграммасы арқылы еске түсірейік.

 

 

 

Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау.