Цилиндр. Конус. Шар туралы жалпы түсінік

416

Сабақ жоспары

Пән аты «Геометрия»

Сабақтың тақырыбы: Цилиндр.Конус.Шар туралы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты:    

    Біліміділік:  Оқушыларға айналу денелері цилиндр,конус,шар,сфера ұғымдары мен  оның элементтері туралы мағлұматтар беру; Оқушылардың конструктивті ойлауын дамыту.

     Дамытушылық:   Цилиндрдың,конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын табуға есептер  шығарту   арқылы оқушылардың  шапшаңдық қабілеттерін дамыту;

     Тәрбиелік:          Цилиндрдің, конустың, шардың қолданылатын жерлері туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды әдемілікке, тазалыққа, табиғатты аялауға   тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

     Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, есептер шығару,топпен жұмыс

     Пәнаралық байланыс: сызу,тарих,

     Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, белсенді тақта, сызба плакаттар, т.б.

 

Сабақ барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:1- 2 мин

 

Оқушылармен сәлемдесу;

Оқушыларды түгендеу;

Назарларын сабаққа аудару;

Оқу – құралдарын түгелдеу.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекітіп қорытындылау: 7 минут

 

Топ оқушыларын үш топқа бөлу

І топ , ІІ топ,ІІІ топ

 

Үй тапсырмасын оқушылардан «Баспалдақ ойыны» арқылы  сұрап тексеремін. Ол үшін оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындап, баспалдақтың ең жоғарғы бөлігіне жетіп, туды тігу керек.

 

Ватман ақ қағазына сызылған баспалдақтағы тапсырмалар

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту: 20 – 25 мин

 

Сызу пәні  тұрғысында -сызу пәні мұғалімі Дөтей Тілеубек түсіндіріп кетеді (5-6 минут)

 

Математикалық тұрғыда (19-20 минут)

Цилиндр

Анықтама:Тіктөртбұрышты оның бір қабырғасынан айналдырғанда пайда болған дене цилиндр деп аталады.

 

 

цилиндрдың толық бетінің ауданы

 

цилиндрдың бүйір бетінің ауданы

 

немесе        цилиндрдің көлемі

 

 

 

 

 

Конус

Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

Конустың бүйір бетінің ауданы оның табан шеңберінің ұзындығы мен жасаушысының көбейтіндісінің жартысына тең:

Sк.б.б. =ПRL

Sтаб =ПR2

Sк.тол.беті =ПRL + ПR2 = ПR(L + R)

L- конустың жасаушысы, R – табанының радиусы

 

 

 

 

 

 

 

 

Шар

Анықтама:Жарты дөңгелекті оның диаметрінен айналдырғанда шыққан геометриялық дене шар деп аталады.

 

 

 

 

 

Шар бетінің ауданы

IV .Жолдама алу ойыны 7 минут

Жолдама түрлі түсті қағаздарда қала аттарымен  жазылған есептер .

Жолдама  саны-4

 

Алматыға жолдама есебі:

№414

Цилиндрдің биіктігі 10 см,табанының радиусы 1 см.Остік қимасының ауданын табыңдар.

 

Астанаға  жолдама есебі:

№415

Цилиндрдің осьтік қимасы квадрат,оның ауданы 4 см2.Цилиндрдің табанының ауданын табыңдар.

 

Көкшетауға а жолдама есебі:

№420

Конус табанының радиусы 6 дм,биіктігі 8 дм.Жасаушысын есептеңдер.

 

Балхашқа жолдама есебі:

№422

Конус табанының радиусы 5 см.Остік қимасы тікбұрышты үшбұрыш болып табылады. Ол қиманың ауданын табыңдар

 

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау: 2- 3 мин

ҮІ. Үйге тапсырма: 1 – 2 мин

  1. № 429
  2. § 29

VІІ.Бағалау топ бойынша

2012-2013 оқу жылы