Кімнің мекені жақсы?

135

Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы?

Сабақтың мақсаты:

                                     Білімділік:  Мәтіннің мазмұнын ашу. Әр жәндіктер мен

жануарлардың өз мекендерін қалай жақсы

көретінін түсіндіру.

                                    Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ойлау

қабілеттерін дамыту. Оқушыларды

жан – жақты тәрбиелеу.

                                    Тәрбиелік:Оқушыларға туған жерлерінен артық

мекен жоғын түсіндіру.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі жұмыс

 

Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет.

 

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,суреттер,кестелер

 

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру бөлімі:

-Балаларды түгелдеу, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу.

 

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Балалар, біз сабақта қай ақынның өлеңімен таныстық?
  • Мұқағали Мақатаев.
  • Мұқағали Мақатаев қай қалада дүниеге келген?
  • Алматы қаласы, Райыбек ауданында, Қарасаз аулында 1931ж. 9 ақпанда
  • Оның қандай өлеңдерін білеміз?
  • Үш бақытын, Отан туралы.
  • Мұқағали Мақатаев Отанды қалай сүйетінін жеткізді?
  • Өлеңді жатқа сұрау.

 

Жана сабақ:

І топ

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай                     (құмырсқа)

 

ІІ топ

Қос мекенді жануар                       (құрбақа)

 

 

ІІІ топ

Жыл басы қай жануар?            (тышқан)

 

Үш топқа тапсырма

Әр топ топ жауаптарындағы жәндіктері туралы әңгімелеңдер

 

 

Жау мысық

иелуі                  еңбекқор     көл       жаңбырда көп

болады      қосмекенді                         бидай

көл                                                   дән

 

 

 

 

қиқымдарды жинайды                                             шөп              шөп                         ін

терісі шырыш

шыбын шіркей

 

 

  • Балалар, осы құмырсқа, құрбақа, тышқан үшеуі жолға шығады. Олар жолға неге шықты деп ойлайсындар? Оны білу үшін алдарыңдағы араласып кеткен сөздерді орнына қойсаңдар олардың жолға неге шыққандырын білесіңдер.

 

Кімнің мекені жақсы ?

Олардың саяхаты туралы белгілі жазушы Сәкен Жүнісов әңгімелейді

 

Автор туралы мағлұмат беру

Көкшетау облысы Қызылтау ауданында дүниеге келген

 

 

 

Жазушы

1934ж

 

 

 

 

«Кімнің ішкені жақсы»   «Шәркей» т.б. кітабы

 

Оқулықпен жұмыс:

І топ  1-ші бөлім

ІІ топ  2-ші бөлім

ІІІ топ  3-ші бөлімді оқыту

 

1-ші топқа сұрақ

  1. Қалай ойлайсың, құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуіне осы мекен ұнады ма?
  2. Неге ұнамады деп ойлайсыңдар?

Сонымен балалар, құрбақа, тышқан, құмырсқа тағыда ілгері қарай жүре берді. Содан кейін не болады екен?

 

2-ші топқа сұрақ

  1. Қандай жерге келді?
  2. Құрбақа бұл жерге келгенде не деді?
  3. Олараға бозторғай не деп жауап берді?
  4. Олар тағы да ілгері қарай жүріп кележатқанда табиғатта қандай өзгеріс болды?
  5. Тышқан қандай күйге түсті?
  6. Құмырсқа бұл жерді не деді?
  7. Жауынқұрттар қалай қуанды?

 

  • Балалар бұдан әрі не болды? – деп ойлайсындар
  • Ендеше балалар одан әрі не болғанын толық білу үшін

3 – ші топтың әңгімесін тыңдайық

  1. Олар қайда оралды
  2. Өз мекеніне келіп не істеді?

 

  • Сонымен, балалар ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс қай жер екен?
  • Әркімнің өз мекені, өз жері екен
  • Туған жер, отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
  1. Туған жердей жер болмас

Туған елдей ел болмас

 

  1. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары
  2. Бақа көлінде патша

Балық суында патша

Жігіт елінде патша

Мақалдарды түсіндіру, мағынасын ашу

 

-Балаларға «Туған жер — алтын бесік» эссе жаздыру

 

Бағалау: белсенділік танытқан оқушыларды бағалау

 

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінік айту, «Туған жер» тақырыбында сурет салу