Қалдықпен бөлу

81

Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу

Сабақтың мақсаты:

  1. Қалдықпен бөлуді және оны тексеруді түсіндіріп, оқушылардың білімін бекіту.
  2. Оқушылардың қабілетін, зейінін белсенділігін дамыту.
  3. Спортпен шұғылдана отырып алған білімдерін пайдаланып, тәуелсіз еліміздің дені сау салауатты азаматы болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, тест

Сабақтың барысы: ұйымдастыру

 

  • Балалар, жыл мезгілдерін еске түсірейік… Міне, қыста аяқталды. Олай болса, соңғы қысқы ойындарды ойнап көрейік. Енді, қыспен қоштасып, көктеммен достасамыз.

Қысқы ойындардың қандай түрлерін білеміз?

  1. Шана
  2. Коньки
  3. Хоккей

Психологиялық дайындық.

Алғашқы түскен қарды еске түсірейік. Көзімізді жұмайық. Қараңдаршы жерді аппақ қар басып тастапты. Енді осы қарды ұстасақ, тез еріп кетеді ғой. Олай болса ұстап көрейік.

 

Желтоқсан айы. Бұл кезде үлкен мерекеге келіп, онда жаңа жылды қарсы алып шырша айналасында өлең айтып, би билейді. Оған көптеген аңдар келіп, аңдар биін билейді. Аяз ата сыйлықтар мен тәттілер береді. Сонда жеген сыйлықтың тәттісін-ай десеңші! Олай болса сол тәттілерді еске түсіріп, оқулықпен жұмыс жасайық.

Дәптерді ашып күн мен айды жазайық.

А) Тәтті нан -18

Әр қорапта -6 т.н.

Қорап -? қ/т

18:6=3

 

Ә) Ал жерде 4 тәттіден салсақ ше?

18:4=4 (2)

Тексереміз: бөлгішті бөлінгішке көбейтіп қалдықты қосамыз.

4*4+2=18 тәтті

 

Кәне, балалар, енді мұз айдына барып коньки тебейік. Мұз айдында бірнеше бала ойнап жүр. Олар 6-дан бөлінді. Неше бала ойнамай қалды?

1кл                      2кл                      3кл                      4кл

13:6=21 (1)                   15:6=2(3)           19:6=3 (1)            22:6=3 (4)

 

 

Кесте.

№3 есеп

 

1 2 3 4
13 15 19 22

 

: 6

 

 

Сырғанақ жасайық

№4 есеп

5*5                      72:9

8*4                      54:8

6*9                      20:10
0*1

 

Балалар, класқа қайтуға дайындалайық. Түгенделіп, сапқа тұрайық. Сырғанаққа көп бала келіп ойнады.

Келді -60 бала

Ойнады -15 бала

Ойнаған жоқ -?

15*х=60

 

Сабақты бекіту: Міне, қыс өзінің қызықтарымен аяқталуға жақындады. Енді көктем келе жатыр. Көктемнің белгілерін атайықшы.

  1. Құстар келді.
  2. Мал төлдеді.
  3. Ұлыстың ұлы күні Наурық мерекесі келеді.
  4. Аналар мерекесі.

Олай болса, Ана тілден өткен құс туралы қандай тақпақтар бар.

  • Бозторғай
  • Дуадақ
  • Олар неше жұмыртқа салады?

Ол үшін тест жұмыстарын орындайық.

  1. Қалдықпен шығатын өрнекті тап.

А)15:5            Ә) 20:4        Б) 33:8        В)45:5

  1. Дұрысын тап.

А) 17:2           Ә) 27:2       Б) 27:3       В) 24:2

 

Бағалау.

Үйге тапсырма.№2,№5  74,75 бет