Қайырымдылық

109

Сабақтың тақырыбы: Қайырымдылық

Сабақтың мақсаты: 1. Тәрбиелік: қайырымдылыққа, жақсылық жасауға, қатігездіктен аулақ болуға, мейірімділікке тәрбиелеу.

  1. Білімділігі: тақырыптың мазмұнын меңгерту.
  2. Дамытушылық: сөздік қорын, есте сақтауын, өзіндік жұмыс істеуін, мәнерлеп оқуын дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ВЕНН диаграммасы, плакаттар т.б.

 

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі.

Таңертеңгілік жиын өткізу.

Оқушылар шеңбер болы тұрады. Бір-біріне жақсы тілек айтады.

  1. Ауарайы қандай тамаша!
  2. Сен бүгін қандай әдемесің!
  3. Сенің сабаққа деген құлшынысың қандай жақсы!
  4. Күніміз нұрлы болсын!
  5. Аспанымыз ашық болсын!
  6. Жүзімізден күлкі кетпесін!
  7. Әрқашан күліп жүрейік!
  8. Денеміз сау болсын!
  9. Көңіліміз таза болсын!
  10. Еліміз тыныш болсын!
  11. Әке, шешеміз аман болсын!
  12. Сабақты беске оқиық!
  13. Еліміз гүлдене берсін!
  14. Қайғымыз жоқ болсын!
  15. Қарнымыз тоқ болсын!
  16. Бай, кұатты болайық!
  17. Өміріміз қызықты болсын!
  18. Үлкендерді тыңдай білейік!

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, үйге қандай тапсырма берген еді?
  • Жүсіпбек Аймауытов және оның «Торғай» әңгмесі.
  1. Жүсіпбек Аймауытов кім болған?
  2. Ол қай жылы, қай облыста туылған?
  3. Жүсіпбек Аймауытовтың қандай дарыны болған?
  4. Ол қандай жаламен ұсталған?
  5. Оның қандай әңгімесін өтік? – Торғай.
  6. Торғай қандай қалыпта тұр еді?
  7. Торғай Ақбілектің алдына неліктен ағып түсті?
  8. Бозторғайды ажалдан кім құтқарды?
  9. Ол аспанға қалай ұшып кетті?

Тағы осы көріністі бейнелейтін суреттер салып келу керек еді.

Әр оқушы өзінің салған суреттері бойынша әңгімелейді.

Бұл әңгімеде Ақбілек неге қамқорлық жасады?

Балалар, қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушыларды төрт топқа бөлінген. Әр топтың топ басшысы болады.

Топтастыру стратегиясы.

 

Көмектесу
Ілтипат
Мейірімділік
Қайырымдылық
Аяу
Жақсылық жасау
Қайырымдылық

жасау

Яғни, жақсылық жасау, көмектесу екен.

 

Жаңа сабақ.

Бүгінгі жаңа сабағымыз Мағзұм Сүндетов атамыздың «Қайырымдылық» әңгімесі.

 

 

 

Мағзұм Сүндетов қазақтың жазушысы, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Ол 1936 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Оның бірнеше шығармалары бар. Соның ішіндегі «Қайырымдылық» әңгімесін өтеміз.

3 рет шапалақ.

Қайырымдылық әңгімесін оқып беремін.

Суретпен жұмыс.

 

  • Балалар, түртіп алу жүйесі бойынша сөздерді белгілеп отырады.
  • Яғни, түртіп алу жүйесі :

+     —  мен үшін жаңалық;

  • —  мен үшін түсініксіз;

v  —  мен білемін;

?     —  мені жұмбақтандырады.

Оқушылар дәптерлеріне тұртіп алу жүйесі бойынша орындайды. Түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды. Мағыналарын ашады.

 

Дәптермен жұмыс. Дәптерге түсініксіз сөздермен жұмыс жасайды. Тақтаға жазып, алдымен оқушылар содан кейін өзім түсіндіріп беремін.

  • Балалар, сендерге әңгіме ұнады ма?

Бұл әңгімедегі негізгі кейіпкерлер кімдер?

 

 

 

 

 

 

 

       Қарама-қайшылық стратегиясы.

 

Жағымды                            Жағымсыз

  1. Мұхтар Бұзақ балалар
  2. Күшік Сотқар бала
  3. Анасы
  4. Мұғалім

 

Әр бөлімді 3-4 оқушыға оқыту.

Сергіту сәті.

 

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса, далада,

Бұтаққа келіп паналар.

 

Топпен жұмыс. Әр топтың басшылары болады.

  1. Сұрақ. Оқиғаның шиеленісуі? Мұхтарға мінездеме. Ол қандай бала?

Сендерге ұнайма? Неге?

  1. Сұрақ. Оқиғаның шиеленісуі. Күшік және көшедегі балалар. Күшіктің жағдайы. Көшедегі балалардың іс-әрекеті. Күшікті суретте.
  2. Сұрақ. Күшікке қандай көмек көрсетілді? Кім көмектесті? Апасы мен Мұхтартардың әңгімесі?
  3. Сұрақ. Апасы қандай адам деп ойлайсың? Оның орнында өз апаларың болғанда не дер еді деп ойлайсыңдар? Әңгіме неге «Қайырымдылық» деп аталған?

Оқушылар, яғни топ басшылары сөйлейді.

 

Жалпы сұрақ.  Болжау стратегиясы бойынша.

Егер сендер Мұхтардың орнында болғанда не істер едіңдер?

Мұхтарға ұқсағыларың келе ме? Неге?

Осы әңгімені оқып отырып қандай сезімде болдың? Не сезіндің?

Осыған ұқсас қандай әңгіме оқыдың?

 

 

Торғай әңгімесін оқыдық.

Ендеше екі әңгімеде аянышты халде болған торғай мен күшікті

ВЕНН диаграммасын толтырайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Торғай                                                                        күшік

  • Дала құсы 1) Екеуі де жануар                            1) Үй жануары
  • Жем, құрт-құмырыс 2) Ауа, су, жылу, жарық тамақ        2) Ет, тамақ ішеді
  • Өсім, зиян, затт. қорғ. 3) Екеуі де аянышты    3) Үйді күзетеді
  • Жыланнан 4) Екеуіне де адам көмектеседі        4) Сотқар балалардан

 

 

Қайырымдылық туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Кәне, кім айтады?

Сабақты қайырымдылық туралы суреттер көрсетумен қорытындылаймын.

Үйге тапсырма.

Өздерің қамқорлық жасап жүрген үй хайуанаттары туралы.

Шығарма жазып, Мұхтарға мінездеме беру.

Бағалау. Топ басшылары бағалайды.

Мұғалім журналға бағалайды.