Сөйлем. Білімді тиянақтау

93

Сабақтың тақырыбы:  Сөйлем.  Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаттары:

1.Сөйлем, сөйлем түрлерін, сөйлем мүшелерін, сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы алған білімдерін жалпылау;

2.Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау, талдау, алған білімдерін пайдалана білуін, тілдерін дамыту, өзіндік пікір айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету;

3.Білімділікке, ұйымшылдыққа,  шығармашылыққа,  еңбек сүйгіштікке, туған елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жалпылау, қорытындылау, өткенді пысықтау.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, Венн көрсетуі, «Эссе».

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, ақ қағаздар, тірек-сызбалар, ребустар, фломастерлер, үлестірмелі карточкалар, мақал-мәтелдер жазылған парақшалар, ұран, жалау.

                               Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлап, назарларын сабаққа аудару, 2 топқа бөлу.

І топ. «Алғырлар».

ІІ топ. «Тапқырлар».

Психологиялық дайындық.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз-еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

«5» — ке қолды жеткізу.

ІІ. Кіріспе.

-Оттан не ыстық болады? (Отан.)

                              «Сенің отаның».        Бүркіт  Ысқақов.

Мұғалім: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін,

Достым, білгің келе ме?

1-оқушы: Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың, бауырың,

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан, ауылың.

2-оқушы: Отан -тарих, Отан-тіл,

Жасаған елің, өз халқың,

Отан-өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

3-оқушы: Отан-осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өc, жас қауым,

Оны ардақтап, сүйе біл!

Мұғалім:

Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

-Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

-Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Біздің Президентіміздің «Қазақстан-2030 жыл» стратегия бағдарламасында былай деп жазылған: «Қазақстан болашағы-білімді ұрпағында. Балалар, Қазақстан сендердің қолдарында, жан жақты білімдеріңді, үлгілі  тәртіптеріңді көрсете біліңдер. Отанды қорғауға дайын болыңдар!».

-Дайынбыз ба?

Бүгін қазақ тілі сабағында алған білімдерімізді көрсетейік.

Сабақтың ұраны:

                                        «Тек қана алға!» .

Сабақтың тақырыбын жұмбақты шешіп білеміз

«Өзім сөзден тұрамын,

Аяқталған ойды құрамын».    (Сөйлем.)

ІІІ.Ассоциация құру.                                                                                              -Балалар, біз қандай тарауды өттік?

  Сөздерден  құралады
 Сөздер бөлек жазылады

 

 

 

 Тыныс белгілері
 Бас әріп
  Сөйлем

Бас әрі

 Байланыс
 Сөйлем түрлері
 Аяқталған ой

Аяқталған ой        Байланыс

 

1.Сөйлем сөздерден құралады.

2.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.

3.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

4.Сөйлемнен соң нүкте белгісі, сұрау белгісі, леп белгісі қойылады.

5.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.

7.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болады.

8.Сөйлем мүшелеріне қарай жалаң, жайылмаға бөлінеді.

9.Жай сөйлемдердің санына қарай жай, құрмалас болып екіге бөлінеді.

ІV. Топтасып жұмыс жасау.

                                                  І-тапсырма.

Берілген сөздерден сөйлем құрап, жаз.

І топ. Басталады, басынан ,отан, от. Елінен, ер, оңбас, безген.

ІІ топ. Байдың, жері ,бай ,елі. Туған, түтіні, де ,тәтті, жердің.

                                                  ІІ-тапсырма.

Сөйлем мүшелеріне талда.

І топ. Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.

ІІ топ. Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді.

Жаз баптап өсіреді,

Күз жинап тереді.

                                                  ІІІ-тапсырма.

Тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

І топ. Мына сурет қандай әдемі салынған бұны қазақтың атақты суретшісі                          Қастеев салған  Қастеев атаңды білесің бе

ІІ топ. Бұлбұл-кішкентай құс ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды сен оны көрдің бе

Сергіту сәті.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Жастар бұрын қөрмеген,

Салт-дәстүрі өлмеген.

Үйренеміз жақсыны,

Заманымда өрлеген.

Біздер бүгін баламыз,

Өсіп алға барамыз.

2030-шы жылдары,

Біз де азамат боламыз!

  ІV-тапсырма.

Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз. Жазған сөйлемдердің жай сөйлемнің қай түрі екенін айт.

І топ.                                 .

.

ІІ топ.                                 .

.

                                               V-тапсырма.

Ребусты шеш. Осы сөзбен сөйлем құрастыр.Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

І топ. ’’’’’қызылша, ’’1000, ’’’шалғы    (Шаңғы.)

ІІ топ. ’’аққу, ’’сиыр, ’’’бұршақ                      (Қуыршақ.)

                                                VІ-тапсырма.

«Жалғасын тап» ойыны. Мына мақалдардың жалғасын айт.

І топ. Отансыз адам, ………. .

Жақсыдан үйрен, ………. .

Еңбек қылсаң ерінбей, ………. .

ІІ топ. Оқусыз білім жоқ, ………. .

Бірлік болмай, ………. .

Ақыл-дос, ………. .

                                                  VІІ-тапсырма.

Венн көрсеткіші бойынша жұмыс жаса.

Жай сөйлем            Ортақ қасиеті             Құрмалас сөйлем

 

 

                                                 

                                                

                                                

                                                  VІІІ-тапсырма.

Сөйлем тақырыбына тірек-сызбалар сыз.

Балалардың жұмыстары.

Сөйлем

1.тірек-сызба.

Жайылма
Жалаң

 

 

 Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер

 

 

Сөйлем

2.тірек-сызба.

Лепті

 

Хабарлы

 

Сұраулы

 

 

Ауа райы қандай жақсы!

 

Әжем ауылдан келді ме?
Қар қалың жауды.

 

 

 

 

 

 

 Сөйлем

3.тірек-сызба.

 Құрмалас
 Жай

 

 

 

 

 

 

  1. Сабақты қорыту кезеңі.

-Қандай тақырыпты қайталадық?

«Бүгінгі қазақ тілі сабағы» тақырыбына эссе жаз.

Балалардың шығармашылық жұмыстары.

«Ең жақсы сүйіп оқитын пәнім-қазақ тілі. Біз, бүгін қазақ тілі сабағында сөйлем тақырыбын қайталадық. Ребустарды шештік, мақал-мәтелдер айттық, тірек-сызбаларды сыздық, сөйлемдер құрадық. Көп тапсырмаларды жасап үлгірдік. Сабақтың өткенін байқамадым.»                                                    Жүніспаева Гүлжанат.

«Бүгінгі қазақ тілі сабағы қызықты өтті. Топтарға бөлініп жарыстық. Әр топ өз пікірлерін айтты. Тақырыпты жақсы білеміз деп ойлаймын. Өйткені, мұғалім бізді мақтады. Өзі де өте көңілді болды.»                                 Боктрова Динара.

«Қазақ тілі сабағында өткен ережелерді еске түсірдік. Әртүрлі тапсырмаларды орындадық. Өзім тірек-сызбалар сызғанды ұнатамын. Тірек-сызбалар арқылы тақырыпты жақсы түсінеміз. Бәріміз белсенділігімізді көрсетіп, мұғалімді қуанттық.»                                                                    Сайделенов Дәулет.                           

Балалардың білімі, қатысуы сарапталады. Жақсы жұмыс жасаған топқа жалау беріледі.

«Туған жерім» деген әнімен қазақ тілі сабағы аяқталады.

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі.

«Менің Отаным» тақырыбына шығарма жазу.