Қайдан келдің, бауырсақ?

143

Тақырыбы: Қайдан келдің, бауырсақ?

Мақсаты: Балаларға нан туралы білім беру. Балалардың нан туралы түсінігін ертегі арқылы жеткізе отырып, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру, үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: наубай-нан пісіретін орын; диірмен-ұн тартатын жер; дала-егін өсіретін алқап; диқан-егін өсіретін адамдар; қырман-астықты жинайтын орын.

Көрнекі құралдар: нан туралы әр түрлі суреттер, нанның дастарханға қалай келетіні жайлы, ертегі бойынша суреттер.

Әдіс-тәсілдер; түсіндіру,оқу, әңгімелеу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру.

Сабақтың барысы:

-Балалар бүгін біз сендермен «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысамыз.

-Өлең Өтебай Тұрманжановтікі.

-Сендерге мен тамаша бір ертегі айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар, ертегі не жайлы екен.

-Бәріміз мына сыйқырлы тақтаға қарайық.

— Ертегінің аты «Бауырсақ пен тышқан».

-Ертеде тауық пен тышқан керемет дос болыпты.

-Бір күні тауық бір уыс бидай тауып алады да, досы тышқанға бидайды үгітіп беруін сұрайды.

-Ал тышқан болса мен үгіте алмаймын дейді.

-Амалсыздан бидайды тауық өзі үгітеді.

-Диірменнен шыққандай мап-майда ұн жасап, одан қамыр илейді.

-Илеген қамырдан енді бауырсақ пысыр дейді- тышқанға.

-Әлгі еріншек тышқан өзің пісіре салшы дейді

-Содан тауық бір табақ қылып бауырсақ пысырады.

-Әлгі табаққа салынған бауырсақты жоғары көтеріп- бауырсақты кім жейді- дейді?

-Мен, мен,-деп тышқан жүгіріп келеді.

-Сонда тауық:

-Бидайды үгітуге де, бауырсақты пысыруға да ешқандай үлес қосқан жоқсың. Еңбек етсең ерінбей- тояды қарының тіленбей,- дейді де  тышқанды үйінен қуып шығады.

-Содан бері тауықтар тышқанды көрсе, үрке қарайды екен.

-Балалар ертегі үнады ма?- ия.

-Ертегі не туралы айтылған?- «бауырсақ» дұрыс

-Ендеше балалар біз бүгін сабақта «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңімен танысамыз.

  • Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ,

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап;

-Қайдан келдің бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ

-Дүкеннен келдім нан сатқан,-

Деді оған бауырсақ.

-Дүкенге келдің қай жақтан?

 

 

 

-Наубайдан келдім нан жапқан.

-Наубайға келдің қай жақтан?

 

 

-Диірменнен келдім ұн тартқан

-Диірменге келдім кең жақтан

Жер- анам менің көсілген,

Диқандар мені өсірген.

Балалар өлең не туралы айтылған?

-Бауырсақ

-Балалар дастарханға бауырсақ қалай келеді?

-Дүкеннен

-«Дүкенге қалай келеді»?

-Наубайдан.

-«Наубайға қайдан келеді?»

-Диірменнен

-«Диірменге қайдан келеді?»

-Диқаннан

-Дұрыс балалар.

Балалар сендердің үйлеріңде бауырсақты апаларың мен мамаларын неге пысырады?

-Пешке от жағып, қазанға май құйып пысырады.- Дұрыс.

Сергіту: Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ойын: «Қайдан келдің бауырсақ»

Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы сабақты бекіту, ретімен орналастыруға үйрету.

Ойын барысы: Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық суреттерді шығарып бауырсақты домалап бару арқылы ойынды ойнату. Балаларға сұрақ қойып, жауап алу.

-Балалар кәне бәріміз сиқырлық тақтаға қараймыз.

-Сендердің алдарыңда  сыйқырлы тақтада карточкалар тұр. Сол карточкаларға қарап сөйлем құрайық.

 

 

 

 

 

Өте жақсы балалар дұрыс.

Сөйлем құрай алдыңдар.

-Тағы сыйқырлы тақтаға қарайық?

-Сендердің алдарыңда әртүрлі суреттер тұр

-Қайсысының бауырсаққа қатысы бар.

-Дұрыс қазан

-Қазан не үшін керек?

-Жақсы  бауырсақ пысыру үшін

-Балалар бүгін сабақа өте жақсы қатыстыңдар.

-Қандай өлеңді тыңдадыңдар

-«Қайдан келдің бауырсақ?»

-Өте дұрыс

-Ойынды да ынталы  ойнадыңдар. Сабақ аяқталды.