6 сыныбына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№8 орта мектептің математика  мұғалімі

Есимбекова  Қуралай  Джиенгалиевна

6  сыныбына арналған  қысқа мерзімді сабақ жоспары

(ІІІ (негізгі) деңгейлік оқудың негізінде жасақталған сабақ)

 
Сабақтың тақырыбы:« Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу » (6 — сынып)
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар,слайд,интернет
Сабақтың мақсаты: Блум таксономиясы арқылы оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығаруда сыни тұрғыдан ойландыруға үйрету,анықтамасын білуге ой салу,АКТ-ны пайдалану арқылы осы тақырып бойынша оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау;оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, практикалық дағдысын қалыптастыру;
Оқытудың мақсаты:

 

Математика сабағында деңгейлік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға,салыстуруға өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйрету.
Міндеті:Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту,әртүрлі есептер шығару арқылы ой-өрістерін дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқыту нәтижелері:

 

1.      ах=b түріндегітеңдеу – бірайнымалысы бар сызықтық теңдеу екенін білу.

2.      Бір айнымалысы бар ах=b түріндегі сызықтық теңдеуді шешіп, түбірін табу дағдысын меңгеру.

3.      ах=b бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді құрып,оны шешіп үйрену.

4.      Құрамында теріс және оң бөлшектері бар санды өрнектердің мәнін таба білуге үйрету.

Жаттығулар:      1.№853(1,3)-есеп (ес картасы әдісін қолдану)2.№855(1,3)-есеп (ес картасы әдісін қолдану)
                         2.№ 856(1,3)-есеп ( ес картасы әдісін қолдану)

 

Қадамдар:1.      Блум таксономиясы арқылы оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығаруда сыни тұрғыдан ойландыруға үйрету,анықтамасын білуге ой салу;

2.      Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы анықтама мен есептердің шығару жолдарын салыстыру;

3.      Жаттығулар орындау. Пікір айтқызу, АТК-ны қолдану.

Тапсырмалар:  Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беру.

1.      Білім.

2.      Түсіну .

3.      Қолдану.

4.      Талдау.

5.      Жинақтау.

6.       Бағалау.   .

Сабақтың барысы:

 

Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушының іс – әрекеті:
 1.Сыныпты ұйымдастыру.

2.Сабақты бастау.Топқа бөліну.(2мин) Оқушыларды айнымалы,теңдеу,түбір белгілері бар карточкалар арқылы топқа бөлемін.Рольдерін анықтаймын.(2мин). Көшбасшыны тағайындау.Топтағы көшбасшыны анықтауға арналған тапқырлық сұрақтар:

1) 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?

2) 2 Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?

3) 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа ала отырып мұғалім мен оқушы арасындағы диалог әдісін қолдандым, білім берудегі басқару және көшбасшылық модулі бойынша топтағы көшбасшысын анықтадым, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі бойынша формативті бағалаудың бақыладым,  интерпретация бағалауын басшылыққа ала отырып бағаладым және топ лидері,өзін-өзі бағалаған жауап парағын ескердім)

3.Үй тапсырмасын пысықтау.Өткен тақырып бойынша ребурстар шешу,эссе жазу.(Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша, сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша диалогтік оқытудың талқылау үлгісін, талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша ұшқыр ойлау қабілетін байқадым, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі бойынша топ лидері бағалаған жауап парағын ескердім) (5 мин)

4.Блум таксономиясы бойынша топқа тапсырма беремін.

1)Білім.Өткен тақырып бойынша сұхбат пікірталсаын құру арқылы еске түсіру.

2)Түсіну.Мысалдар келтіру.(30сек.) (сыни тұрғыдан ойлау модуль бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісін қолдандым ) (5 мин)

3)Қолдану.Оқулықтағы есептерді шешу.  №854(1,3),№855(1,3),№856(1,3)  постермен қорғау. ( білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша диалог, топтық әңгімені, сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша диалогтік оқытудың механикалық есте сақтау үлгісі арқылы үнемі сабағымда анықтамаларды қайталап отыру арқылы есте сақтауды анықтадым, ой бөлісу арқылы диалогтің талқылау үлгісін қолдандым,   оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі бойынша  формативті бағалаудың бақыладым,  интерпретация бағалауын басшылыққа ала отырып бағаладым және топ лидері бағалаған,өзін-өзі бағалаған жауап парағын ескердім )

4)Талдау. Ес картасы арқылы топтар есептер шығару жолдарын талдау. (білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша топтастыру әдісін, топтардың арасында топтық әңгімені қолдандым, сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша ойларын дәлелдеуді қолдандым)

5)Жинақтау. Есептің дұрыс шешімін слайдтен көру арқылы өздерінің шығарған есептерін салыстырып дұрыс шешімін жинақтау,интернеттен теңдеулерге негізгі ғылими еңбектерін арнаған қазақтың ғалымын анықтау.

6)Бағалау.Тест сұрақтары  арқылы сабақты қорытындылау.

 

 

 

Оқушылар топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

Оқушылар өздері таңдайды.Көшбасшы бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топта талқылайды.Топта бір оқушы шығып жауап береді.

 

 

 

1)Оқушы ойланады.

 

 

 

2)Оқушы жеке орындайды.

 

 

3)Оқушы есеп шығарады.Топта оқып таныстырады.

 

 

4)Есептің шығару жолына талдау жасайды.

 

 

 

5)Топта бір оқушы айтады.

 

 

6)Топтар әр түрлі әдістерді пайдаланып тапсырманы постермен қорғайды.

 

Оқулықпен  жұмыс:
1.№853(1,3)-есеп.Тақтада слайд.Есептің берілісі көрсетіледі.Теңдеуді шешіп,түбірін табу.

 

1)      4х+5(3-2х)=5-11х;

3)      8х+3(7-2х)=4х+3.

 

Оқушы есепті топпен шығарады.Әр топтан бір оқушы есептің шешімін көрсетеді.
№855(1,3)-есеп.Тақтада слайд.Есептің берілісі көрсетіледі.Теңдеудің түбірін табу.

 

1)      8у-3(2у-3)=7у-2(5у+8);

3)   5у+7(3-у)=3(5-2у)-6.

Оқушы жауабы.
№856(1,3)-есеп.Тақтада слайд.Есептің берілісі көрсетіледі.

 

Теңдеуді шешу.
1)      5(3-2у)-4(9-у)=3(у+5);

3)    9(3х-7)+3(8х-11)=3(9х+8).

Оқушы жауабы.
Бекіту.Тест сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау.Топпен қорғайды. Әр топтан бір оқушы қорғайды.
Бағалау:Топ басшылары бағалайды, мұғалімнің бағалауы.
Үйге тапсырма:Өткен тақырыпқа шағын эссе жазу, №857,865,872-есептер.
Рефлексия.

Смайликтер арқылы:1.Ұнады,түсіндім.

2.Дұрыс түсінбедім.

3.Түсінбедім .