Жанауарлар әлемі

96

 

Сабақтың тақырыбы: Жанауарлар әлемі

Сабақтың мақсаты:

1. Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі, олардың да алуан түрі бар екені туралы түсінік қалыптастыру, жануарлардың негізгі топтарымен ( үй жануары, жабайы және сүтқоректілермен) таныстыру.
2. Жануарлардың құрлықта, суда, құрлықта да, суда да тіршілік ететіндігін, олардың әрқайсысының өз икемделген тіршілік ортасы барын аңғарту.
3. Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:

1) Интерактивті тақта ( жануарлар топтамасының сызбасы).
2) Электронды оқулық.
3) Жануарлардың жеке топтама суреттері.
4) Өлең шумақтары.
5) «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі.

Сабақтың өтілу барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қызығушылық ояту.

Балалар, сендер қандай жануарларды білесіңдер?
Жануарлар туралы ертегі білесіңдер ме?
Жануарлар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?

Олай болса, сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге » Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқып берейін. Зейін қойып тыңдаңдар! (ертегіні оқып беру).

—       Балалар, ертегі ұнады ма?
-…
— Ертегі не жайында болды?
-…
-Жыл басына таласқан хайуанаттардың атын қайталап айтып көріңдерші?
-…
— Неге «Жыл басы» болуға таласты? Сен қалай ойлайсың?
-…
— Олардың төлін білесің бе? Оларды қалай атайды?
-…
(Суреттер көрсету арқылы бұларды «Үй жануарлары мен хайуанаттары» деп аталатынын түсіндіру).

 

 

Қой сүйеді баласын: Қоңырым- деп,
Ештеңені білмейтін момыным – деп.

 

Ешкі сүйедібаласын: Лағым- деп,
Тастан-тасқа секірген шұнағым – деп.

 

Сиыр сүйеді баласын: Торпағым- деп,
«Қараңғыға баспаған қорқағым!» – деп.

— Неге үй жануарлары деп аталды? Ойлан!

Үй жануарларының адам өмірінде маңызы өте зор. Жесе – тамақ, мінсе– көлік, жүнінен, терісінен киімдер аламыз. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып секірді.

Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Өлең шумағына сәйкес қимыл жасау.

II. Жаңа сабақ

— Балалар, енді ЭО-тан «Жануарлар әлемі» туралы тыңдап көрейік.
(ЭО-тың 1-м, 4-ш.м. түсініктемесін тыңдау).

 

— Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады?
-…
— Қандай жануарларды білесіңдер?
-…
— Жануарлар немен қоректенеді?
-…
— Олардың тіршілік ортасы туралы не білдің?
-…
— Жабайы аңдарға не жатады?
-…
— Неге жабайы аң деп аталады?

( Жабайы аңдардың суретін көрсету).

 

Интерактивті тақтамен жұмыс

( Түйе, қоян, қасқыр туралы қызықты тапсырманы тыңдату).
— Балалар, «Жануарлар әлемінде» қандай жануарлар болатынын топтап көрейік. ( кесте түсіру).

1) Қандай құстарды білесіңдер?
-…
2) Сүтқоректілер – үй жануарлары, жабайы аңдар.
3) Балықтар – олардың түрлері суда тіршілік ететінін айту.
4) Жорғалаушылар – жылан, кесіртке.
5) Қосмекенділер – бақа өзі құрлықта, балалары суда (сондықтан «қосмекенді» деп аталады).
6) Бунақденелілер – ара, шыбын, көбелек, т.б.

— Міне, өсімдіктер сияқты «Жануарлар әлемі» де сан алуан екен.
— Жыртқыш аңдар туралы толығырақ білуіміз үшін мынадай тапсырманы орындап көрейік.

(ЭО 1-м, 4-ш.м., 1-т орындату, оған қосымша , түлкі, қасқыр, аю туралы «қызықты тапсырмадан» тыңдату.)

Ойын. «Үй жануарларын тап»

— Балалар, мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын, «үй жануарын» естігенде қол шапалақтау керек.

Мысалы: жолбарыс, түйе, жылқы, ешкі, шегіртке, лақ, кірпі, қоян, ит, тиін, тауық, т,б.

III. Жаңа сабақты пысықтау

— Біз енді ЭО- тың тапсырмаларын орындаймыз. (1-м, 4-ш.м.,2-т тыңдап орындату)
1) — Кірпі-жұлдыз құрты, улы жәндіктерді, жылан, кесірткелерді жеп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Ол баласын тірі туады, балалары әлсіз, қызылшақа болады, тікендері кейін пайда болады.
2) Ит туралы не білесіңдер? (оның сезім мүшелері туралы айтып кету, өткен сабақпен байланыс).

(1-м, 4-ш.м., 5-т) орындау

1) Бауырмен жорғалаушыларды тап?
-…
2) Осы жануардың қандай пайдасын білесің?
-…
3) Жылан, тасбақа қайда тіршілік етеді?
-…

Сабақты бекіту

(ЭО-тың 1-м, 4-ш.м., 3-т өз бетімен орындату).

1) — Қандай құстарды көрдіңдер?

2) — Оларды салыстырып айтыңдар?
-…
3) — Ең биік немесе ең аласа құсты ата?
-…

V. Сабақты қорыту

— Балалар, бүгінгі сабақтан «Жануарлар әлемі» туралы не білдіңдер?
— Жануарлардың қандай түрлерін білеміз?
— Неге жыртқыш деп атаймыз?
— Олардың адам өміріне пайдасы бар ма?

VI. Актуализация

– Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Жануарлар туралы тағы не білгің келеді?