Түбір және қосымша

98

Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша

Сабақтың мақсаты:а/ балаларға сөз құрамы соның ішінде түбір және

қосымшалары туралы кеңірек мағлұмат беру;

ә/ ұқыптылыққа,жинақылыққа, ширақтылыққа, таза

жаза білуге тәриебелеу;

б/ сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту;

Сабақтың түрі: жаңа білімді беру

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ой қозғау,баяндау

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,суреттер,кестелер,топшамалар

Сабақтың өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Балаларды психологиялық сабаққа дайындау

ІІ.Қызығушылықты ояту

  • балалар қазір жылдың қай мезгілі? /қыс/

  Жұмбақ

Қыста жер бетiн жабады,

ал көктемде су болып ағады. (қар)

 Көркем жазу

Балалар «қар» сөзін көркем етіп жазады

 

ІІІ.Мағынаны тану

Көру диктанты

1-жаттығу.

Ақыл сөз

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге.

  • Берілген өлеңді сөз құрамына талдау.
  • Оқушылардан А.Құнанбаев туралы сұралады
  • Өлеңді жатқа жазу

Тақтамен жұмыс.

2-жаттығу.

Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып жазу.

Сурет/шы,ші/,дәрі/хана,қана/,өнер/лы,лі/,қала/лық,лік/,дос/тық,тік/

3-жаттығу /топпен жұмыс/ Өлеңді мәнерліп оқы.

Мен ғарышкер боламын.

Аспан,аспан,арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын..

Мен ғарышкер боламын!

 

Ітоп

  • ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап

 

ІІтоп

—     ғарышкерлерден кімдерді білесің?әңгімеле

 

ІІІтоп

  • ғарышкер сөзіне сөйлем құрау

 

Семантикалық кесте « Сөз құрамы»

 

Өсімдіктер     Түбір сөз     Қосымша
Орындық    
Теңіз    
Етік    
Қобызшы
Дәптер
Жаңалық
Қаздар
Бишілер
Арба
Ойыншық    

 

5-жаттығу

Сабырлы- асықпай,ойлап іс істейтін адам

Өнегелі- көпке жақсы үлгі таратушы.

Атақты- бүкіл елге сыйлы,белгілі

ІҮ.Қорытынды.

— иә,балалар бгін біз қандай тақырыпты қайталадық?   /түбір және қосымша/

— сіздер кімсіздер?       /біз оқушылармыз/

— ендеше қандай уәде береміз?

«5» болсын алар бағамыз,
Бiлiмнен бақыт табамыз,
Өнер бiлiм көп оқып,
Өсе берсiн санамыз.

Ү.Үйге тапсырма.

4-жаттығу,ереже жаттау

Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап

ҮІ.Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқын балалар бағаланады

 

 

Оқушының

аты-жөні

тапсырмалар Ұпай саны бағасы
1 2 3 4 5 6 7
 1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20