Санды және әріпті өрнектер

401

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты: а)  санды және әріпті өрнектер құру, оқу, салыстыру, мәнін табу мәселелерін пысықтау .

б) Басқа жазулардан өрнектерді ажырата білу;өрнектерді мәнді белгісіне қарай топтарға бөлу , санды өрнекті құру, оқу. Санды өрнектің мәнін табу. Тік төртбұрыштың периметрін , жарты периметрін табуға, есептер шығаруға өрнектер қатысы. Бірнеше амалдар араласып келетін санды өрнектерді амалдар орындалу тәртібі заңдылығына сүйеніп орындау.

білік-дағдыларын дамыту

в) Оуқшылардың есте сақтау, зейін, қисынды ойлау қабілетін тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: топшамалар. кестелер,

Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру

  1. өткенді иысықтау

 

  1. «Кім жүйрік?» сайысы. Мақсаты: Шамаларды өрнектеуде оқушылардың есептеу шапшаңдығын дамыту

 

2 апта 2күн=                          3апта5күн =                         4апта 2күн=

2тәул.4сағ=                            4тәул.6сағ =                         3тәул.4сағ=

4м4см=                                   5м6см   =                              8м4см=

5км28м=                                 6км33м =                             7км14м=

6т56кг=                                  7т24кг  =                               6т23кг=

4ц 6кг=                                   6ц4к=-                                  5ц3кг=

 

  1. Есеп шығарып, өрнек құру. Өрнек түрлерін ажырату;

а) Дәптердің бағасы 6тг, ал қаламның бағасы одан 4 есе артық Екеуінің бағасы қанша тұрады?

в) Тәрелкенің бағасы k теңге тұрады. Шәйнек одан 3 есе артық тұрады. Екеуінің бағасы қанша тұрады?

Тапсырма: Екі есептің мәндерін салыстыру. Қай есептің мәнін табу мүмкіндігі бар?

Санды және әріпті өрнектердің айырмашылығы мен ұқсастығын оқушылармен талдау.

 

Сергіту сәті:  Ненің бойы отырғанда ұзарады?

Екі қарға қарама-қарсы бағытқа қарап  отыр. Бірақ бір-бірін көріп отыр.

Бұл қалай?

Теректе 26 алма өсіп тұр Жел тұрып, үшеуі жерге түсті. Қанша алма         қалды?

 

  1. Оқулықпен жұмыс: №1 жаттығу

Тапсырма: Санды, әріпті және санды теңсіздік пен теңдеуді бөліп жазу:

А+5                                      45-а=13-9                                           27> 12:4

72:а=24:3                              52-а                                                   75-а=18:9

19<20+9х2                            42-15                                                 56+14

Оқуышлармен тапсырманы талдау: Теңдеу дегеніміз не?

Санды өрнектің мәнін табуға бола ма?

Әріпті өрнектің мәнін ше?

Оқушылардың жауабын бағалау.

 

  1. Математикалық диктант.

60 пен 2-нің қосындысын 30-ға кеміт

900-ден 45 пен 33-тің қосындысын азайт

69- дың 3-ке бөліндісін 30-ға арттыр

  1. Өрнектердің оқылуы мен амалдар орындалуына назар аудару керек.

 

  1. Деңгейлік тапсырма:Өрнектер бойынша есеп құру, шығару

1-топ : 62-14

2-топ: 70-12х3

3-ші топ: 30х6+16х5

 

  1. Тік төртбұрыштың Р-ін, жарты Р-ін табуға арналған санды өрнектің мәнін табуға арналған жаттығулар

Тік төртбұрыштың периметрі неге тең? –Барлық қабырғалардың ұзындықтарының қосындысына тең.

Жарты пеример неге тең? –Іргелес қабырғалардың қосындысына тең

а) 3дм-7дм; 5дм+х дм

в) 8дм+8дм; а дм+а дм

2х8дм;         2ха дм

 Оқушылармен қорытындылау: Тік төртбұрыштың Р-ін. жарты Р-ін өрнек түрінде жаздық.

 

  1. Сергіту сәті: Фигураларды Тор сызықтары арқылы 3 бірдей бөліктерге бөл

 

 

 

 

 

Шешуі: Алдымен  фигура неше шаршыдан тұратындығын санап ал.Үш бөлігінде бірдей шаршылар шығатын болсын.

  1. Есеп шарты арқылы есеп құрастыру, шығару.

4 кг. картоп- 64 тг

40 кг. картоп-?тг

Есепті талдау: Заттың саны, құны белгілі, заттың бағасы белгісіз.

Ш. 64:4=16тг ( 1кг. картоптың бағасы) 40х16= 40х10+40х6=640

Ж: 40 кг. картоп  тг 640 тұрады.

 

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта санды және әріпті өрнекті мәніне  қарай топқа бөлу, оқу, құру,салыстыру сияқты жұмыстар жасадық. Бірнеше амал бар амалдарды орындау тәртібі негізделген санды өрнек шығару жолын пысыөтадық. Тік төртбұрыштың Р-н, жарты р-н өрнек түрінде жаздық.