«Шешендік өнер» бағдарламасы

652

«Шешендік өнер» бағдарламасы

Түсінік хат

Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор.Қазақ халқы

шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан,бастауыш сынып

оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу ,олардың үлгі-

өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай

 

құрылған.

 

1-4 сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып,көрген – білгенді

 

көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.

 

Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдың

 

немесе өлең  ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен

 

жалғастара білуді үйренеді.

 

Бұл жинақ ана – тілі пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

 

Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы.Тілдің рухы деген өте

 

бір құдіретті ұғым.Ол біздің салт-санамыз,дәстүріміз,ұлттық

 

психологиямыз,дүниетанымымыз.

 

1-4 қазақ сыныптарына арналған,барлығы 34 сағаттан,аптасына 1 сағат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бағдарламаның мақсаты:                                                                  

 

Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты,

оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып,әдеби мұраларға деген

талғамын тәрбиелеу,рухани дүниесін кеңейту,ақыл-ойыы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету,кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

 

Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай

міндеттер жүктеледі.

 

         Міндеттері:

— оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

 

— көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

 

— шығарманың түпкі мазмұн – мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіп-

керлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету;

 

— шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін  аша білуге бағыттау.

 

— ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу,сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

 

— өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

 

— оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

 

-көркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;

 

— жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;

 

Бағдаламанының мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже

 

 

— сөздік қорын толықтырады

 

— оқу материалдары бойынша курста ( диалог,рөльмен инсцинировка  жасау,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді.

 

— сөздерді мақсатқа негізгі ойға,мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.

 

-шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға ,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.

 

-халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,мағынасын түсініп,одан тәрбие алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы 1- сынып   34 сағат.

 

 

 

 

Тақырыбы

 

сағат саны

 

1 Түсінік хат.Сөйлеуді дамыту.            1    (1)
2 Суретті әліппе: «Суреттер сыр шертеді»            2     (2-3)
3 Қима суреттер құрастыру.            2     (4-5)
4 Әріптерден буындар құрау            1     (6)
5 Сөз тіркестері арқылы сөздер құрастыру            1     (7)
6 «Кітап-білім бұлағы», «Кел,балалар ,оқылық!»

Ы.Алтынсарин  шығармалары.

           2      (8-9)
7 «Ертегі – тәрбие құралы»            1     (10)
8 «Адам болам десеңіз»  А.Құнанбаев            1   (11)
9 Би,шешендер туралы ұғым            1   (12)
10 Төле би.            1    (13)
11 Қызыбек би            1      (14)
12 Әйтеке би            1     (15)
13 Шешендік сөздер            1     (16)
14 Мақал — сөздің мәйегі            2   (17-18)
15 Жұмбақтар            2  (19-20)
16 Санамақтар            2   (21-22)
17 Жаңылтпаштар            2  (23-24)
18 Өтірік өлеңдер            1  (25)
19 Өзара әдепті болу.Сөз тыңдау және сөзде тұру.            1  (26)
20 Төрт түлік төлдерінің  атаулары            1  (27)
21  Төрт түліктің пайдасы            1 (28)
22 Жан-жануарлар,аң-құстар қалай дыбыстайды?            2  (29-30)
23 Шығармашылық жұмыс .Сурет бойынша мәтін құрау.            1 (31)
24 Қазақша ай аттары            1 (32)
25 Аталы сөз – бата,өсиет,өнеге            1 (33)
26  Тест жұмыстары.            1 (34)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы 2 – сынып  34 — сағат.

 

 

 

Тақырыбы

 

Сағат саны

1 Жалпы түсінік                   1
2 Жеті ата туралы түсінік.                   1
3 Имандылық,мейірімділік,қайырымдылық дәстүрлері.                   2
4  Туыстық атаулары.                   2
5 Апта аттары                   1
6 Сөзжұмбақтар                   1
7 Ребустар                   1
8 Мақал-сөздің мәйегі.                   2
9 Шешендікті қастерлеу дәстүрі.                   1
10 Ертегіні аяқта …                   2
11 Ы.Алтынсарин шығармалары.                   2
12 А.Құнанбаев «Жақсыдан үйрен-жаманнан жирен»                   2
13 Нақыл сөздер                   1
14 Сурет бойынша әңгіме құрастыру.                   1
15 Жұмбақтар .                   1
16 Жаңылтпаштар.                   1
17 Қазақша өлшем атаулары.                   1
18 Аңыз әңгімелер.                   1
19 Өлең-жырлар.                   1
20 Қазақ халқының айтыс өнері және әдеп.                   2
21 Халқын сүйген салтын сүйеді.                   2
22 Кітап – білім бұлағы.                   1
23 Қазақ батырлары.                   2
24 Тест жұмыстары                   1
25 Қорытындылау.                   1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы  3 — сынып   34- сынып.

 

 

 

Тақырыбы

Сағат

саны

1  Кіріспе    1
2  Қазақ тілі-мемлекеттік тіл    1
3  Үш жүз туралы түсінік    1
4 Бірлік- елдің салты.    1
5 Сиқырлы сөздер сыры.    1
6 Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен.    2
7  Қазақтың ырым- тыйым сөздері.    1
8  Шешендік сөздер.    2
9 Туған жер- алтын бесік (өлең,әңгіме құрастыру)    2
10 Мақалдардың ерекшелілігі.    1
11 Тіл-туралы мақал – мәтелдер.    1
12 Туған жер,Отан туралы мақал – мәтелдер.    1
13 Жұмбақтар құрастыру.    1
14 Өтірік өлеңдер.    1
15 Атақты шешендер.    2
16 Қазақтың үш бәйтерегі.    1
17 Қазақтың бес арысы.    1
18 Әңгімені аяқта …    1
19 Ертегілер    1
20 Қиял-ғажайып ертегілер    2
21 Ұлттық саз аспаптары.    2
22 Обал,сауап,ысырап,үнем туралы түсінік.    2
23 Ел белгілері,ел ұраны, көк байрақ – Туымыз.    2
24 Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру.    1
25 Тест жұмыстары    1
26 Қорытынды    1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы  4- сынып  34- сағат.

 

 

 

Тақырыбы

Сағат

саны

1 Қазақ мемлекеті (хандығы)       1
2 Егеменді қазақ елі.       1
3 Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері       2
4 Шешендік арнау.       1
5 Шешендік толғау.       1
6 Шешендік дау.       1
7 Шешендік сөздер       2
8 Жиренше шешен,Асан қайғы (ХІҮ-ХҮ ғғ.)       2
9 Сырым Датұлы.       1
10 Махамбет,Исатай шешендіктері.       1
11 Шалкиіз,Бұқар (ХҮ-ХҮІІІғғ.)       1
12 Майқы би,Аяз би.       1
13 Шортанбай,Дулат шешендер       1
14 Мақалдар ұйқасы.       1
15 Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру.       2
16 Жұмбақ,жаңылтпаштар айтайық.       1
17 Қазақша той — думандар       2
18  Ертегілер елінде       2
19 Абайдың қара сөздері.       2
20 Наурыз тойы.       1
21 Инабаттылық дәстүрлері.       1
22 Аңшылық туралы әңгіме       1
23 Әңгімелер өз мүмкіндігіңше жалғастыр       1
24 Ұлттық ойындар.       2
25  Тест жұмыстар       1
26 Қорытынды.       1

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. «Алаштың ардағы»Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.

 

  1. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.

 

  1. «777 жұмбақ»Әли Ысқабай. «Ана тілі»2004ж. Алматы.

 

  1. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы.

 

  1. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.

 

  1. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы.

 

  1. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.