«Алтын қақпа» математикалық сайыс

50

«Алтын қақпа» математикалық сайыс

5-7 cыныптар

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі:   Интерактивті  тақта, презентация

 

  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

                                                                                   С.М.Ломоносов

Сабақтың барысы:  

Сайысқа 3 топ қатысады.Топ құрамы 4 адамнан тұрады. Сайыс «Таныстыру кезеңінен» басталады.

Көңілді тапқыштар,  білгіштер,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады

Бүгінгі сайыстың  жеңімпазын анықтау үшін алдымен әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

 

 

Тас қақпаның тапсырмалары (ауызша сұрақтар)

  1. Екі санның қосындысы 8-ге, көбейтіндісі 15- ке тең. Осы сандарды тап.(5; 3)
  2. 225 нешенің квадраты (15)
  3. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
  4. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)
  5. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)
  6. Қай санның квадраты 256-ға тең. (16)
  7. Миллиард санын жазғанда неше нол керек(9)
  8. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
  9. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

 

Күміс  қақпаның тапсырмалары

  1. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 cандары берілген. Сандардың орнын ауыстырмай “+” және “-” таңбасын тек ғана 3 рет қолданып нәтижесінде 100 шығатындай етіп орналастыр

Жауабы:123-45-67+89=100

  1. 987654321 сандарына нәтижесінде 99 шығу үшін «+» таңбасын қалай қоюға болады.

Жауабы: 9+8+7+65+4+3+2+1=99

  1. 135792468 сандарына нәтижесінде 18 шығу үшін «-« таңбасын қалай қоюға болады.

135-79-24-6-8=18

Алтын қақпаның тапсырмасы

Амалдарды орындағанда  XVIII ғасырда “көбейту” және “бөлу” таңбаларын ұсынған математик ғалымның аты есімі шығады. (Лейбниц)

 

  • 4)
  • 5)            7)
  • 6)

 

Құпиялы сандықтың

Кілтін аша алар ма?

Білім мұхит кемесін

Мінер ұрпақ болар ма?

 

Келесі кезеңіміз «Алтын сандық» .

 

Алтын сандық тапсырмасы

 

Қазақтың салмақ өлшемдерінің мағынасын түсіндір.Бір шелек, бір торсық, бір саба, бір қап, бір арқа

Жауабы: бір шелек (су, сүт)

                Бір торсық (айран) 6-7 литр

                Бір саба (қымыз) 10-15 литр

               Бір қап (ұн) 45-60 кг

                Бір арқа (жүк) 45-50 кг

 

                        Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

                        Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

                        Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

                        Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.