Қолөнері түрлерімен танысайық

63

Тақырыбы: Қолөнері түрлерімен танысайық

Сабақтың жоспары:

  1. Өткен сабақты пысықтау.
  2. Жаңа сабақты түсіндіру.
  3. Сергіту сәті.
  4. Сырмақтың жобалық суретінсалу.
  5. Сабақты қорытындылау.
  6. Бағалау.
  7. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Сабаққа қажетті құралдарын дайындату.

 

II Өткен сабақты пысықтау.

Бейнелеу өнерінің түрлері туралы білімдерін тексеру.

 

1-слайд

 

Живопись дегеніміз-әртүрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде орындалатын көркем щығарма.

2-слайд

 

3-слайд

 

III Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ халқының қолөнері-ұзақ тарихы бар ежелгі өнер. Қазақ қолөнері ғасырлар бойғы көркем ой, халық талғамымен үздіксіз дамып келеді. Қолөнері түрлері көп. Жүннен, киізден жасалатын бұйымдар, өрмек тоқу, тері өңдеу, ши тоқу, кілем тоқу, ер-тұрман жасау, ағаш бұйымдары, кесте және көркем тігу, зергерлік өнер, т.б. Қолөнерімен айналысатын адамдарды 4 топқа бөлуге болады.

Шебер-ағаштан әр түрі бұйымдар жасайтын адам.

Ұста-қару-жарақ, ер-тұман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.

Зергер-алтынмен қаптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдар.

Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

4-слайд

Жалпы қазақ халқының арғы-бергі тарихын қазсаң, оның өмір тіршілігінің өзі өнермен біте қайнасқанына көз жеткізуге болады. Ендеше сол өнердің мәңгілік темірқазығы-ою-өрнек екеніне тағы да тәнті боламыз. Бұл айтқанымыздың басты мәні мынаған салды: қазақ халқы айналадағы табиғаттың құбылысынан әрқашанда сүйеніш-медет іздеген. Сондықтан да молшылық пен даналықты- арналы дариға, түпсіз теңізге, басы көк тіреген тауға теңесе, батырлықты, ерлікті аң патшасы арыстанға, жүректі жолбарысқа, қыран құсқа балап келген. Ал адам баласынын бойындағы сұлулықты, әдемілік пен әсемдікті-аспандағы Ай мен Күнге, дала төсіндегі хош иісті гүлге, құралайдың, ботаның көзіне, аққудың көркіне, еліктің лағына теңеп жатады. Ал енді осы айтылған теңеулерді бәрін де образ етіп ою-өрнекке түсіріп отырған.

 

5-слайд

6-слайд

Сырмақ. Қазақ сырмақтары әр түрлі киізбен ойылып жасалатын төсеніш киіздің бір түрі болып есептеледі. Атадан балаға мұра болып келе жатқан сырмақ жасау өнері бірден-бірге тарап, өрбіп, әрбір ұрпақ өкілдерінің өз жаңалықтары, соны элементтерімен сырмақ сыру өнерін толықтырып, байытып отырған. Кейбір өрнектердің басты идеясы ауыл шаруашылығына арналған. Кең дала, шалқыған егіс, қауашағы бадырая ашылған мақта. Осының барлығы ел байлығын бейнелейді.

7-слайд

8-слайд

9-слайд

 

10-слайд

 

11-слайд

IV  сабақты қорытындылау

12-слайд

V Оқушыларды бағалау

VI Үйге тапсырма:Аяққапты бейнелеу   13-слайд