Қыстырма сөздердің сөйлемдегі жалпы ойға қосатын әр түрлі мағыналық реңктерін байқату

37

Сабақтың тақырыбы:          Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты:              Қыстырма сөздердің сөйлемдегі жалпы ойға

қосатын әр түрлі мағыналық реңктерін байқату.

Сабақтың міндеттері:          

а) Білімділік: Қыстырма сөз тақырыбын қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту.

ә) Тәрбиелік: Бір-бірінің ойларын тыңдауға, топта бірлесе жұмыс істеуге үйрету, үлкенді сыйлауды үйренеді.

б) Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін, ой-өрістерін тапсырмалар орындату арқылы дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, үлкенді сыйлауды үйренеді.

Сабақтың түрі:                       Қайталау сабағы.

Көрнекілігі:                             «Алтын қақпа» макеті қиықшалар, тірек,

сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті:

а) оқушыларды түгендеу.

ә) кезекшімен сұхбат.

ІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар, бүгін біз өткен материалдарды қорытындылау нәтижесінде сабағымызды «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. «Алтын қақпа» ойынының  шарты: бұл қақпаның өзі бірнеше қақпадан, яғни «Тас қақпа», «Алтын қақпа» және «Алтын қақпадағы сандықшадан» тұрады. Әрбір қақпаның тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдеріңді көрсетесіңдер.

Оқушыларды мозайка көмегімен 3 топқа бөлеміз.

 

І. Тас қақпа.

       

         
           
         
           

                          

Қызығушылықтарын ояту ( Елес жетелеу стратегиясы)

-Мектепке жеткенше нені көріп, қандай оқиғаларға тап болдыңдар? Осы жайлы 3-4 сөйлемнен тұратын ( ішінде қатыстырма сөздер бар) әңгіме құрастыру, топта талқылайды, ішінен біреуін оқиды. Міне, балалар, «Тас қақпаны» аштық.

 

ІІ. Күміс қақпа тапсырмаларын орындайды.

 

 
 

І топ: Сұрақтарға жауап береді.

ІІ топ: Берілген қыстырма сөз арқылы сөйлем құрайды.

ІІІ топ: «Қарға мен сауысқан» мәтіні соңындағы тапсырманы орындайды.

 

Венн диаграммасы

Қарға                                                         Сауысқан

Құс тірі табиғат

Құс қара дала құсы                                    Құс ала

қыстап қалады

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Алтын қақпа. Мағынасын ашу.

 
 

«Сөйлемді қалпына келтіру» ойыны.

а) 194- жаттығу. Тақтамен жұмыс. Әр топтан 2 оқушыдан шығып орындайды.

ә) 197- жаттығу. Ойлан, тап.

Әр топ тыныс белгісі қойылмаған қыстырма сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

ІҮ. Алтын сандық. Ой толғаныс.

Мәтін бойынша жұмыс. «Талаптың пайдасы».

І топ.

ІІ топ.

ІІІ топ.

 

Ү. Қорыту.

-Балалар, алтын сандықты ашу сәті келді. Ал сандықта сендерге арналған бүгінгі сабақтағы еңбектеріңнің жемісі, яғни бағаларың жатыр.

(оқушыларды орындаған жұмыстарына қарай бағалау).

ҮІ. Үйге тапсырма. 196-жаттығу, реферат.