Интеллектуалдық ойын Зерде

183

Интеллектуалдық ойын  Зерде

Мақсаттары: 1) Есептеу біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру, сөздік қорын молайту,шығарма бойынша шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру;

2) ойын арқылы есте сақтау,жүйелі логикалық қабілеттерін дамыту, пікір айтқызу;

3) ұжымда достық қарым-қатынасты, ұйымшылдылықты тәрбиелеу.

            

      Алғысөз.

 

Құрметті балақайлар!  Интеллектуалдық  ойынға қош келдініздер! (1слайд).

Интеллектуалдық ойын «Зерде» бастауыш сыныптардың білімдерін тексеру, негізі 1- 2 сынып оқушылардың.  Ойынға екі топ қатысады.

 

І топ – Ғалымдар

ІІ топ – Жұлдыздар

Топтардың басшылары  Кішкінбаева Айнұр  және Сапабек Әлішер.

Ойынды кім бірінші бастайтын білу үшін, « Сулифа» деген ойынды ойнаймыз.

 

І кезең « Білгенге маржан» ( 2 слайд)

6 кітап шығады ( 3 слайд).  Әрбір кітаптағы  сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар  ( 4 – 9 слайдтар).

 

ІІ  кезең « Әліппе» ( 10  слайд)

Тапсырма: Бір әріп беріледі, сол әріптен басталатын сөздерді жазу. Адамның аты- жөні, су, қала аталарды есептелмейді. Мысалы « Қ» әріпі.

( 11- 12 слайд)

 

ІІІ кезең « Қурастырма сурет» ( 13 слайд)

Тапсырма:  Суреттің тек қана бір бөлшегі шығады, қандай  сурет бейнеленгенді табу.

Жауабы  болмаса бір көмек сөз айтылады содан кейін бір ұпай алынады, екінші көмек сөз – екінші ұпай.

Аюдың суреті шығады ( 14 слайд)

 

Музыкалық үзіліс (15 слайд) « Қара жорға» би билеу.

 

ІV  кезең « Математика»  ( 16 слайд).

Тапсырма: Математика амалдары беріледі. Амалдарға « қосу» немесе  «азайту» деген белгілерді айту.

 

І топқа арналған амалдар шығады. ( 17- 18-19 слайдтар)

ІІ топқа арналған амалдар

 

V кезең « Мақалдарды жалғастыр» (20 слайд)

Тапсырма:  Мақалдардың бастауы шығады,  келесі бөлегін  жалғастыру.

І топқа   5 мақал (21-22-23 слайдтар)

ІІ топқа  5 мақал ( 24-25-26 слайдтар)

 

VІ кезең « Сөзжұмбақ» (27 слайд)

Тапсырма:  Сиқырлы сандыққа бір затты жасыру,жұмбақты шешіп ол затты айту.

 

І топқа.  Күміс алмұрт тілі бар,

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге

Сағатты бар, күні бар.( қоңырау)

 

 

  ІІ топқа.     Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан  ( әліппе)

 

VІІ  кезең « Қызықты  грамматика» (28слайд)

Тапсырма: Бір сөз беріледі, сол сөзден  бірнеше  сөз шығару.

Сөз « Саңырауқұлақ» (29слайд)

 

Қорытындылау ( женімпаздарды құттықтау, сыйлық беру)

 

Жарайсыңдар! (30слайд)

 

 

                  Пайдаланылған әдебиет:

 

  1.    Интеллектуалдық ойының телебағдарламасының версиясы.
  2. Қызықты математика Ә. Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева;
  3. Қызықты грамматика
  4. Қазақ мақал-мәтелдері Ө. Тұрманжанов. 1993 жыл.
  5. 777 жұмбақтар Алматы  2010 жыл.