Жүрек жылуы

Өскемен қаласы

Көпбейінді № 3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Имадилова А.Б.

Сабақтың тақырыбыЖүрек жылуы
Оқытудың негізгі мақсаттарыОқушылардың «жақсылық», «қамқорлық»,  «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін    кеңейту, жақсылық жасаудың адами қарым- қатынастағы мәнділігін түсіндіру; жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыту; қайырымды болуға, үлкенге, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерСұрақ-жауап, топтастыру, ойлану, жұптасу, пікір алысу,  АКТ құралдарын пайдалану арқылы түсіндіру, дарынды оқушыға арналған тапсырма, жас ерекшелігіне байланысты жұмыс.
Оқу нәтижелері (не күтеміз)Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар топтық талқылаулар арқылы бір-бірімен пікір алмасады. Ойларын ортаға салады, дәлелдейді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Шығармашылық жұмыстар орындайды. Зерттеу барысында туындаған қиындықтардан шығу жолдарын қарастырады.
Бағалау, соның ішінде оқытуүшін бағалау.Топтық бағалау, бір-бірін мадақтау, мұғалім тарапынан мадақтаулар
Барлығын қосқанда (дарындылық, инклюзивтік білім)Топ басшыларының есебі бойынша топ мүшелерінің қалай қатысқанын білу, шығармашылық жұмыстарда белсенділік танытуды бағалау, жағдаяттар беру, мәтінмен жұмыс түрлері, топ мүшелерінің бірлесе жұмыс істеуін қадағалау жүзеге асырылады.
Негізгі дерексөздер (ресурстар)Автор жайлы мағлұмат, суреттер, дәйексөз, үнтаспа, слайд.

 

 

 

Өскемен қаласы

Көпбейінді №3 мектеп – гимназиясының мұғалімі Имадилова А.Б.

Күні: 11.02.2013,  5 – сабақ,  2 «в» сыныбы
Сабақтың тақырыбыЖүрек жылуы
СілтемеӨзін-өзі тану оқулығы, 2-сынып
Оқытудың негізгі мақсаттарыОқушылардың «жақсылық», «қамқорлық»,  «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін    кеңейеді, жақсылық жасаудың адами қарым- қатынастағы мәнділігін түсінеді; жақсы істер жасай білуге үйренеді; қайырымды болуға, үлкенге, кішіге қамқор бола білуге тәрбиеленеді.
Оқыту нәтижелеріҚайырымдылық, мейірімділік, жақсылық туралы ұғымдарын толықтыру. Сөздік қорлары молайту. Мәтінді түсініп оқи отырып, есте сақтап, сақтай білу. Жағдаяттар шеше отырып,адами құндылықтарға деген сезімдерін қалыптастыру.

 

Сабақтың негізгі идеясыОқушылардың бойына мейірімділік, жақсылық, қайырымдылық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру. Ойланту ой тастау жобасы арқылы топтық тапсырмалар беріліп, оқушыларды өздерінің атқарған жұмыстарына жауапкершілікпен қарауларына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігіИнтерактивті тақта, дәйексөз, слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы:
ҰйымдастыруСәлемдесу, түгендеу, психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау.
Сабақтың мақсатымен танысуМейірімділік,қайырымдылық, қамқорлық  болып үш топқа бөлу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерімен танысуТоптық бағалау,  бір-бірін мадақтау, мұғалім тарапынан мадақтаулар
Топтық жұмысОй қозғау стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру. Оқып, бірлесе талдау стратегиясы арқылы мәтінді оқып, талдайды. Жағдаяттар шешу арқылы әр топ өз тапсырмаларын топта талқылап, топтан бір оқушы сұрақтарға жауап береді.
Негізгі идеяны ашуСабақ барысында негізгі идеяны ашу үшін берілген тарсырмаларды, мәтінді талдайды, ой қорытады, нәтижеге бағыттайды. Оқушылар өз ойларын дәлелдеу барысында ұжыммен бірлесе отырып, бір – бірінің пікірін тыңдауға дағдыланды.
БағалауТоптық бағалау,  бір-бірін мадақтау, мұғалім тарапынан мадақтаулар
ҚорытындылауОқушылар өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдеріне ризашылығын білдіру арқылы қорытындыланды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы сабақ бойынша мұғалім жазбасы

Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «жақсылық», «қамқорлық»,  «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін    кеңейту, жақсылық жасаудың адами қарым- қатынастағы мәнділігін түсіндіру; жақсы істер жасай білуге іскерліктерін дамыту; қайырымды болуға, үлкенге, кішіге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыни ойлау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру,  жұптастыру, ассоциация, бірлесе оқу, талдау, сұрақ-жауап.

 

КезеңдеріҚолданылған стратегияларМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
І.Қызығушылықты оятуТопқа бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Психологиялық тренинг

 

 

 

Ой қозғау

Ынталандыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мейірімділік,қайырымдылық, қамқорлық  болып үш топқа бөлу.

Топ неліктен осындай аттарға ие болғанын айтыңдаршы? деген сұрақ қойылады.

 

 

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

 

 

 

Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

Жақсы көрген адамдарға қандай тілек айтқыларың келеді?

Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма? деген сұрақ қойылады.

 

«Өзін-өзі тану» пәні сендерге нені үйретеді? Сара Алпысқызы Назарбаеватуралы  не білесіңдер?

Оқушылар өз топтарын тауып отырады.

Өз ойларын ортаға салады.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар қол ұстасып бірі-біріне жақсы тілектер айтады.

 

 

Оқушылар өз ойларын  бірден ортаға салып, жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ойларын ортаға салады.

 

ІІ.Мағынаны ажыратуОқып бірлесе талдау стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтастыру стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Жай ғана әжей мәтініноқытады.

Сұрақ-жауап

1.Сендердің де осындай оқиғаға  кездесулерің мүмкін  бе?

2.Бұл  оқиғадан не үйрендің?

3.Абзал  мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

 

Ана

Ана кім?

 

 

 

 

 

Оқушылар берілген мәтінмен танысады. Топта талқылайды, бір оқушы ортада жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

Әр топтан оқушылар  бір сөзбен ана туралы ойларын айтады, тақтады жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәйексөз

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

Жағдаят талдау стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойланайық,

пікірлесейікстратегиясы

 

 

 

 

 

Жүректен жүрекке

«Табиғаттағы барлық жылу — күннен, өмірдегі барлық жылу  — адамнан»

 

Тапсырма: Оқушылардан өздерінің жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеу сұралады

«Шатаспа» ойыны

Мақсаты: тез ойлау қабілеттерін жетілдіру, тәуліктің әр уақытында  не істейтіндері туралы білімдерін жетілдіру.

 

І-топқа: Сен бір құшақ газет- журнал көтеріп, келе жатқан хат тасушыға кездестің….

 

ІІ-топқа: Сен  аулаға  ролик тебуге шықтың,ал  досыңның  ролигі  жоқ…

 

ІІІ-топқа:Анаң  ас пісіріп жатыр,ал інің мазасызданып кетті…

 

1.Жақсы  көретін жан-жануарларың бар ма?

2.Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Суретпен жұмыс.

 

 

Оқушыларға өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдерін, тақтада берілген сөйлемдерді хормен айту арқылы ризашылығын білдіру ұсынылады.

 

 

 

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын бағалауды ұсынады.

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы эссе жазып келу ұсынылады.

 

 

 

 

Оқушылар өздерінң жақсы көретін адамдары туралы әңгімелейді.

 

Балалар өздерінің таңертең,  түсте,    кешке    не  істейтіндерін   естеріне   түсіреді.

 

 

 

Оқушылар жағдаятты топта талдап, қорытынды жасап, ойларын ортаға салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жекелей, ойланып жауап береді.

 

 

 

 

 

 

-Менің қайырымды жүрегіме рахмет.

— Менің жылы жүрегіме рахмет!

— Менің мейірімді жүрегіме рахмет!

және т. б.

 

 

 

Топтар бір – бірін бағалайды;

Топ ішінде бір-бірін мадақтайды;

Мұғалім тарапынан мадақтаулар

 

 

 

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы не біліп, не үйренгендерін  жазып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабаққа рефлективтік есеп.

Мен бүгінгі өткен сабақты өте жақсы өтті деп айта алмаймын.Кейбір оқушылардың жауаптары қысқа болды.Сұрақты нақты қоя алмадым ба деп ойладым.Кейбір оқушылардың сабаққа қатысуы төмен болған сияқты.Мені таңқалдырғаны  оқушылардың қайырымдылық, жақсылық жасау  туралы өте көп білетіндіктері болды.Мәтінді талдау барысында кейбір оқушылар салғырт отырған сияқты көрінді.Көбінесе өте жақсы оқитын Еламан, Ляззат, Жансая, Нұрсұлтан ғана айтып жатқандай көрінді.Бірақ бұрында көп үндемей отыратын Жадыраның берілген жағдаятты қызу талдап жатқаны мені қуантты.Сұрақтарға жауап алған кезде екінші топтың оқушыларының жауаптары нақты емес өте шашыраңқы болды.Сондықтан өзіме көмектесуге тура келді.Тіпті оқушылар мәтіннің негізгі ойын дәл тапты.Мадинаның жауабы өте нақты болды. Ой толғаныс кезіндегі берілген тапсырмаларды оқушылар қызыға орындады.Орта деңгейдегі Анель тек топтық жұмыстарға ғана қатысып, жекелеген жұмыста селқостық танытты. Қорыта келгенде,бұл сабақтың барысында  оқушылардың сыни ойлауы орта деңгейде жүзеге асты деп ойлаймын. Әлі де жекелеген оқушылармен терең жұмыс жасауым керек деп түйдім.