Бір және екі таңбалы сандар

74

Сабақтың тақырыбы: Бір және екі таңбалы сандар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:       Бір және екі таңбалы сандар туралы түсінік беру.   Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу. Елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, тест, әңгімелеу, жұптық, жекелей, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар,оқулық, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

СӘЛЕМДЕСУ

Арайланып таң атты,

Алтын  сәуле  таратты.

Жарқырайды  күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы  күн  балалар!

Қайырлы күн  қонақтар!

ІІ. Сабаққа әзірлік.

— Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, мен сендерге сұрақ қойғым келіп отыр.

— Биыл біздің Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?

— Тәуелсіздігімізге 20 жыл толып отыр.

— Өте жақсы.

— Яғни, сендер осы Тәуелсіз еліміздің болашағысыңдар. Мемлекетіміздің өркендеуіне, өсуіне сендер де үлес қосасыңдар. Ол үшін қазір не істей аласыңдар?

— Білім алып, оқуымыз керек.

— Ия, дұрыс айтасыңдар, ендеше бәріміз тақтаға көңіл аударайық. (Биік тау бейнеленген, ұшар басында көк байрағымыз желбіреген).

— Не көріп тұрмыз? (сипаттайды)

— Ендеше осы биік таудың басына білімдеріңмен шыға алады екенсіңдер Ол үшін әр баспалдақтан тапсырмалар орындай отырып жоғары көтерілеміз.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Шешімін тауып көріңдер!

Математикалық диктант

5+3=          5+5=

10-5=                   6-3=           1дм=

Тексереміз: 8, 5, 10, 3, 10см

ІҮ. Жаңа сабақ.

  • Балалар, біз әр түрлі геометриялық фигуралармен танысқанбыз. Атап жіберейікші. Слайдтан көрсету (сәуле, бұрыш, кесінді, үшбұрыш т.б.).
  • Үшбұрыштың қабырғасы неден құралады?
  • Кесінді.
  • Өте жақсы, біз кесіндінің ұзындығын қандай өлшем бірлікпен өлшейміз?
  • Сантиметр
  • Біз бүгінге дейін сендермен ұзындығы 10 см-ге дейін кесінділер сызып жүрдік. 10сантиметр неше дециметрге тең?
  • 10см=1дм
  • Санап жіберейікші. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10-сандар қатары

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 — бір таңбалы сандар

10 – екі таңбалы сан (екі тор көзге жазылады)

— Енді аңдардың тапсырмасын орындайтын кез келді.

— Әр ұяшықтарда аю, қоян, түлкі, қасқыр жасырған тапсырмалар бар. Ал ұяшық таңдайық.

  1. Аюдың тапсырмасы. Ойын «Жоғалған сан». Карточкалар таратылады, жұптасып орындайды. 4, 6, …, …; 0, 3, …, …; 3, 5, …, …; …,6, 8, …; …,3, 6, …;

Сергіту сәті: Аспанға қарап ай көрдік

Төмен  қарап жер көрдік,

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел болдық.

  1. Қасқырдың тапсырмасы. Кітабымыздың 60-шы бетіндегі тапсырманы орындайық. 0<10, 10>0, 0=0, 10=10 Бір таңбалы сан екі таңбалы саннан кем болады.
  2. Түлкінің тапсырмасы.
  3. Қоянның тапсырмасы. «Сиқырлы гүлдер» (топтық жұмыс). Достарымызбен бірігіп гүлдердің құпиясын шешеміз. Өрнектер құр, мәндерін тап

 

 

 

Ү. Қорытынды. Биік тауымыздың шыңына жеттік пе? Барлық аңдардың тапсырмаларын орындадық па?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Несімен  ұнады?

Не үйрендік?

 

ҮІ. Бағалау: Мадақтау