М дыбысы мен әрпі

152

Тақырыбы:  М дыбысы мен әрпі

Мақсаты:  1) М дыбысы  мен әрпін таныту. Сөзге дыбыстық талдау жасату.

М әрпі бар сөздерді оқи білуге, буынға бөліп  оқуға жаттықтыру.

Өтілген  дыбыстарды  қайталау.

2) Оқушының логикалық ойлауын, сурет бойынша сөйлем құрап

айту дағдыларын және  М әрпі бар сөздер ойлату арқылы сөздік

қорын дамыту.

3) Ұйымшылдыққа,  бауырмалдыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер, карточкалар,слайд

түрі: Жаңа сабақ

әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру,көрнекілік

Сабақтың  жүрісі:

І.   Психологиялық ахуал

ІІ.  Өткен әріптерді қайталау.

—  Дауысты, дауыссыз дыбыстарды  атау.

— «Сөз ойла, тез ойла» ойыны арқылы сөз ойлау.

—  Суретке сөйлем ойлап айту.

ІІІ.  Жаңа  сабақ: (слайд арқылы көрсетіледі)

Өзі  жап – жас, мұрты бар,

Ет  пен  сүтке  ұмтылар.

Тастамайды жылы үйде,

Түкті тонын шұп – шұбар.      (мысық)

а) — « мысық»  деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіледі ?

—  М  дыбысы,  дауыссыз,үнді.

— М  дыбысына байланысты сөз ойлау

ІV. Оқулықпен жұмыс:

  • М көк түспен белгіленіп тұр, дауыссыз, үнді.
  • моншақ, мата, оймақ,, мақта сөздеріне дыбыстық талдау жасату.
  • бағандағы сөздерді оқыту.
  • соңындағы сөздерді жазу.
  1. Сергіту.

VІ.   Дәптермен жұмыс: М әрпін жазу

VІІ.  Жұмбақ шешу:

  1. Түйе өркешін қарайық,

Ұқсайды оған  қай әріп ?   (М)

  1. Менде бар, сенде жоқ.

Малда бар, елде жоқ.        (М)

  1. Тамырда бар, құмда бар,

Қамырда бар, сұмда бар.      (М)

VІІІ. Буындарды оқып, сөз ойлау.

  • ма, -му, — мо, (ашық буын)

Ұйқасын тап:

Іші толған шәрбат,

Дәмі қандай әйбат,

Үзесің бірден  жүзін,

Оның аты – ( жүзім)

ІХ  а)  «Не өзгерді?»ойыны

тал – мал,     қол – мол,  тақта – мақта,  ата  — мата

ә) «Жоқ буынды тап» ойыны

ма….,    қар …,   мақ…,  та…,  қай…

Х.   Сурет бойынша диктант жазу.

доп, алма, айна, тақта, ту, мақта, ағаш, қарға.

ХІ.  Топтастыру:

 

 

                                            М

 

ХІІ.  Мадақтап,  бағалау.